парасат
бар. Адамда
болмыстың шекті
негіздерін
танып білуге
деген қажеттілік бар.
Егер ақыл-ой құбылыстарды тани отырып, оларды әлдебір тәртіпке
келтіруге ұмтылса, онда парасат оның шектерінен шығып, «зат –
өзінде» дегеннің мәнін ашуға тырысады. Парасат ақылдан асып кетіп,
ноумендік дүниеге тап болғысы келеді. Егер ақыл санаттармен бірге
болса, ал
парасат
енді
идеяларды
басшылыққа алады. И.Кант бо-
йынша, кез келген таным қиялға берілуден басталады, ақылмен түсіну
кезеңінен өтіп, идеялармен аяқталады. Демек, идеялар – ақыл санат-
тарынан кеңірек, олар
метафизикалық санаттар
болып табыла-
ды. Идеялар әлдебір аяқталған, жетілген, дара нәрсені көрсетеді. Біз
жақындағанмен, оларға ешқашан жете алмаймыз. Сонымен, парасат
ұсталмайтынды ұстауға, шешілмейтінді шешуге ұмтылады.
И.Кант бойынша парасаттың үш идеясы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |