6.4. г.гегельдің жүйесі және әдісі Неміс философиясы дамуының шарықтау шегі XVIII ғасырдың
соңы – XIX ғасырдың басындағы ұлы ойшыл
георг Вильгельм Фри - дрих гегель (1770-1831) шығармашылығының көріне бастаған кезіне
тұспа-тұс келеді.
Кантты сынға алғанмен, оның жүйесі Канттың философиясын-
сыз пайда болмас еді, өйткені соның нәтижесінде елеулі өзгерістер:
дәстүрлі метафизикадан субъектіні және оның қызметтік табиғатын
зерттеуге көшу орын алды.
«Академиялық» деген атқа ие болған философ Гегельдің өзі XIX
ғасыр философиясына зор ықпал етті: Американың, Англияның,
Еуропаның алдыңғы қатарлы ойшылдарының басым көпшілігі
гегельшілдер болды.
Тюбинген Теология училищесінің студенті болған кезінде-ақ Ге-
гель Шеллингпен танысып, кейіннен онымен достасып кетті. Бұл
жерде олар Француз революциясының өртін бастан кешті және соған
ризашылық ретінде Азаттық ағашын отырғызды.
Өз