198
линг философиясынан айырмашылығы неде?» – деген сұрақ туады.
Ол да бастапқы Даралықтағы болмыс
пен ойлаудың теңбе-теңдігін
мойындайды ғой. Бірақ әңгіме мынада: Шеллинг бұл теңдестіруден
шығудың жолын және дүниедегі
Даралықты бұруды
эзотерийлік,
ақыл-парасат түйсігі
арқылы ғана жетуге болатын
бастапқы құпия
импульстен, дүмпуден
көреді. Бірақ философиялық жүйені құруға
мифология (Демиургті – платондық құдай-ұстаны еске түсірейік) не-
месе мистика (Шеллингтегі сияқты) элементтері қосылған кезде, бұдан
ешқандай жақсы нәрсе шықпайды. Сондықтан
Гегель басқа жолмен
кетеді: ол болмыс пен ойлаудың
теңбе-теңдігін
ғана емес,
олардың
айырмашылығын
да мойындайды,
соның нәтижесінде басынан
бастап-ақ Даралық өз ішінде диалектикалық қарама-қайшылықта,
тұрақсыз, ары қарай даму импульстері бар болып шығады.
Нәтижесінде,
Гегель Даралықтың дамуына
тарихи
көзқарас
енгізіп, алдыңғы ахуалды терістеу негізінде қарама-қайшылықтарды
жеңу қалай болатынын көрсете алды, өз кезегінде, ол да өзгерістерге
ұшырап, терістеледі. Ойшылдың
өзі бейнелеп айтқандай, шындық –
ол дайын, соғылған, шиырып жіберіп қалтаға
салуға болатын мәнет
емес. Оған жету үшін, жеке тұлға алдымен өзінің дамуы барысында
рух жүріп өткен тарихи жолды білуге және игеруге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген диалектикалық идеялардың негізінде Гегель
Даралық идеясын
танудан басталатын өзінің
Достарыңызбен бөлісу: