объективтік идеализм деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идея-
ны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысын-
да рухани өмірі бар қоғамды тудырған «Ұлы Мәртебелі Табиғаттан»
бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы
өзін танып біледі де, біз
классикалық материализмді алады екенбіз.
Алайда Гегельдің Дара идеясына оралайық. «Бұл не сонда?» – деп
сұрау әділетті болмақ. Студенттерінің осы сұрағына ол: «Бұл –
христи - ан Құдайының басқа аты», – деп жауап беріпті-міс дейтін аңыз бар.
Егер олай болса, онда Гегельдің философиясын
дүниені діни тұрғыда танып білудің нәзік, әдемі кесімді өрнегі деп қарауға болады.
Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең бір
құнды болатыны –
адамзат рухын оның тарихи өлшемдерінде зерттеуі, оның даму
кезеңдерін бөліп көрсетуі. Ойшыл рухтың тарихи дамуының үш саты-
сын ажыратады:
•
субъективті рух, яғни адамның ой-түсінігі және сана-сезімі;
200
•
объективті рух, яғни мемлекет, құқық, мораль, адамгершілік, от-
басы;
•
дара , дербес рух – өнер, дін және философия.