субъективті рухты Гегель оның антропологиясында, феноменоло-
гиясында және психологиясында қарастырады.
«антропологияда» Гегель тән мен жанның арақатынасы тура-
лы сұраққа жауап табуға әрекеттенеді, ол үшін адамдардың нәсілдік
ерекшеліктерін, олардың мінез-құлықтары мен қызуқандылығын,
адамдардың әртүрлі өмір сатыларынан өту барысында қалай
өзгеретінін және т.б. зерттейді. Ойшылдың пікірінше, өмірдің басқа
формаларынан адамның маңызды айырмашылықтарының бірі – оның
тік жүретіндігі. Адам өмірінің кезеңдерін қарастыра келе, Гегель адам
жас шағында ғана қоғамдағы кейбір тәртіптерге қарсы шығатынын,
ал ересейгенде оның бірдеңені бұзу, өзгерту түйсіктері сөнетінін
және оның тәртіпті сақтауды және жемісті шығармашылық еңбекті
жақтайтынын растайды.
Гегель ашық нәсілшіл болған жоқ, бірақ сонымен бірге нәсілдік
топтар арасындағы болашақта да сақталатын өзгешеліктер туралы ай-
татын. Бұл өзін-өзі айқындаудың әртүрлі кезеңдерінде солар арқылы
дара рухтың өткеніне байланысты. Тек «кавказдық нәсіл» деп атала-
тын рух қана, оның пікірінше, ең көрнекті болып табылады.