ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


-тарау. классикалыҚ емес ФилОсОФиЯ



Pdf көрінісі
бет339/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

7-тарау. классикалыҚ емес ФилОсОФиЯ. 
иРРаЦиОнализм
7.1. неміс классикалық философиясынан – 
қазіргі заманға дейін.
Рационализм қағидаларын басқаша ойлау. 
иррационализм
Сонымен, алдыңғы тарауларда көрсетуге әрекет еткеніміздей, 
XVIII ғасырдан бастап, батысеуропалық философияда рациона-
лизм шығар шыңына жетіп, Жаңа заман философиясының шынайы 
іргетасына айналды. Материализм мен идеализм арасындағы маңызды 
айырмашылықтарға қарамастан, бұл бағыттар өздерінің адамның 
ақыл-парасатына, адамзаттың сәулелі болашағына сенімі бойынша бір 
пікірде болды. Сол ғана барлық білімдерге қолайлы әдісті бере ала-
ды, мораль, саясат, еркіндік негізін құрады деп саналды. Ақыл-парасат 
ұстанымдарында жетілген мемлекет құруға болады, тіпті тарихты 
да ақылдылық тұрғысынан түсінген абзал. Алайда XIX ғасырдың 
ортасындағы буржуазиялық қоғамдық қатынастар бұл жүктелген 
сенімдерді ақтамады. Ұлы француз революциясы сол заманғы 
қоғамның өмірінде түбегейлі төңкеріс жасап қана қойған жоқ, соны-
мен бірге адам айтқысыз зорлық-зомбылыққа және қантөгіске жеткізді.
1848-49 жж. революциялар да соған ұқсас аяқталды, ал 1871 жылғы 
Париж коммунасының жеңілісі марксизмде пролетариат диктатурасын 
орнату қажеттігін туғызып, сол кездегі зиялы қауымның айтарлықтай 
бөлігінің революциялық ниет-райынан қайтып, ілгерілеуге сенуден 
айнып, қоғамдық өмірді ақыл-пайыммен құру мүмкіндігіне бет бұруға 
келтірді.
Жоғарыда көрсетілген және басқа да себептер сол кездің зиялы 
қауымының белгілі бір топтары арасында рационализмге, классикалық 
философияға, дискурсивтік ойлауға (лат. – discursus – пайымды, 
қисынды негізделген пікірлер) 
қарсы көзқарас
туғызды. Рациона-
лизмге: танымда, мінез-құлық әрекеттерінде, дүниетанымда, сондай-
ақ тарихи үдерістерде шешуші фактор – ақыл күштері емес, ақылға, 
парасатқа, даналыққа кереғар рухани бастаудың қиық-кескіндері (мы-
салы, түйсік, ішкі сезім, соқыр сенім, сүйіспеншілік сезімдері және 
т.б.) болып табылатын иррационализм (лат. – irrationalis – пайымсыз) 
қарсы қойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет