«ақыл біледі, бірақ ерік таңдайды» – осы қолдан
жасағандай формулада Августин соңғы сөздің ерікке тиесілі екенін
мойындайды. Діни ойшыл адамның күнәһарлығының негізгі себебін
дәл осы адам еркінің бастапқы Құдай жолынан ауытқығанынан көреді.
Жаңа дәуірде Кант нақты, іс жүзіндегі ақылдың басымдығын
көрсете келе, оның «ерік бостандығын» негіздеді. Бұл идеяны ары
қарай дамытып, Фихте Әлемнің пайда болуының өзін еркін еріктің
үлкен «МЕНінің» әрекетінен көрді. Алайда, қалай болғанда да, Шо-
пенгауэрге дейін бұл санатты ешкім де философияның негізгі түсінігі
деңгейіне көтере алған жоқ.
Шопенгауэр бойынша,