ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет338/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

жаңа адам
дүниеге келеді. 
Ал бұл құқықтық мекемелерге, тіпті қоғам институты саналатын 
мемлекеттің өзіне де қажеттілік жойылатынына жеткізеді.
Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын 
алады. Маркстің пікірінше, діннің бастаулары аспанда емес, жерде, 


217
«... дін – ол әлі өзін таппаған немесе өзін енді қайтадан жоғалтқан 
адамның сана-сезімі және өз-өзін сезуі. Бірақ адам – дерексіз, әлемнен 
тыс бір жерді паналап жүрген тіршілік иесі емес. Адам – ол 
адамның 
әлемі
, мемлекет, қоғам. Бұл мемлекет, бұл қоғам дінді, 
жалған 
дүниетанымды
тудырады, өйткені олардың өздері – жалған әлем» 
(Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. – 1-том. 414-бет).
Ол «социализм қалай дамыса, діннің солай жоғалатынына, ал оның 
жоғалуы қоғамдық даму, яғни тәрбиеге үлкен мән берілетін даму 
нәтижесінде болуға тиіс екеніне» сенімді болды (Маркс К. Энгельс Ф. 
Шығ. 45-том. 474-бет).
Маркстің барлық ой-пікірлерінің ішінде «күресу» деген сөздің жоқ 
екенін (қарсыластары оны сол үшін жазғырады) ерекше атап айтқан 
жөн. Кейіннен: «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл – бүкіл марксизмнің 
әліпбиі», – дегенді айтқан Ленин еді (В.И.Ленин. Шығ. толық жин. – 
17-т. 418-бет). Біздің ойымызша, «Дін – халықты улайтын апиын» деген 
формуласына Маркс біршама басқадай мағына берсе керек. Маркстің 
заманында апиын ауруды жазатын дәрі болған және адамды бұзатын, 
оны құлдырауға жеткізетін есірткі ретінде қабылданбаған.
Бүгінгі күні марксизм туралы кімде-кім не жазса да, не айтса 
да, ол – ерікті немесе еріксіз, ашық немесе жасырын түрде бір ғана: 
«Өзін социалистік деп жариялаған біздің қоғамымыздың мүлдем біз 
қалағандай болып шықпағанына Маркс кінәлі ме?» – деген сұраққа 
жауап беруге тырысады.
Алғашқы жауап төмендегідей сипатта: Маркс те, Энгельс те, Ле-
нин де бұрынғы КСРО мен социалистік бағыт ұстаған басқа да елдер-
де орын алған өзгерістерге кінәлі емес. Аталған өзгерістер – Сталин 
мен оның ізбасарларының марксизмді саналы түрде және қасақана 
пиғылмен бұзып көрсеткенінің нәтижесі.
Осы дәстүр арнасында маркстік теорияның негізгі құндылықтарын 
кейбір ғалымдар мен публицистер ескі, қасаң қағида түрінде көрсетіп 
келген. Марксизмді бұзып көрсеткені үшін сталинизмді әділетті 
жазғыра отырып, бұл көзқарасты жақтаушылар сонымен бірге Маркс 
пен Энгельстің мұрасына, оның теориялық-әдістемелік пікірлеріне 
қандай да бір сыни көзқарастың болуы мүмкіндігін шын мәнінде жоққа 
шығарады және сол арқылы олардың шығармашылық мұрасындағы 
кейбір қарама-қайшы ойлардың тұралап қалуына себеп болады.
Екінші жауап – осы уақытқа қарай басымдық алып келе жатқан 
балама үрдіс: марксизмге бастапқыдан-ақ дұрыс емес немесе уақыт 


218
өте келе дұрыс болмаған қағидалар негіз болғанына, ал оларды іске 
асыру үшін жасалған әрекеттердің кейіннен социализмнің әртүрлі 
өзгерістеріне әкеліп соқтырғанына сендіреді.
Марксизмнің осы тектес «тұжырымдамалық» кемшіліктеріне 
көбінесе: Маркс пен Энгельстің нарықтық шаруашылықты, капита-
лизмнің өздігінен даму қабілетін жете бағаламағандығы; олардың 
таптық көзқарасты даралағаны; жалпыадамдық құндылықтарды, де-
мократияны, гуманизмді, қоғам дамуының эволюциялық жолдарын 
жеткіліксіз бағалағандығы және, тиісінше, күрестің революциялық, 
әсіресе озбырлық әдістерін асыра бағалағандығы жатқызылады.
Кейбір авторлар олардың қоғамға деген көзқарастарының бос 
қиялдығын сөгеді және олардың ойынша, Ленин ғана алғаш рет әскери 
коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) өту барысында 
нарықтық шаруашылыққа, қоғамдық өмірдің демократиялық формала-
рына нигилистік, яғни дәлелсіз жоққа шығаратын көзқараспен қарауға 
мәжбүр болған.
Осы, бір қарағанда, мүлдем кереғар үрдістердің негізінде біздің сана-
мызда қалыптасып қалған: «Маркстің теориясында келешек қоғамның 
егжей-тегжейлі зерттеліп әзірленген тұтас тұжырымдамасы 
бар» 
болғаны туралы 
мифке құрылған көзқарас
жатқанын дәлелдеуге бола-
ды. Ол кезде үш маңызды нәрсе, әйтеуір, «ұмытылып қалады».
Біріншіден, социализмнің бізде болған тұжырымдамасының негізгі 
бөлігін құрған тіпті де марксизмнің негізін салушылар емес, демек, 
Маркс те, Энгельс те оның түбегейлі жасалуы үшін жауапкершілік 
көтермейді. 
Марксистік теорияның мазмұнына деген осындай қасаң қағидалы 
көзқарас себептерінің ішінен марксизмнің пайда болуы мен 
дамуының 
тарихи түйінінің
жеткілікті дәрежеде есепке алынбағанын 
атап көрсетуге болады. Кейбір жұмыстардың авторлары Маркс 
пен Энгельстің әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын еңбектерінен 
алып, ондағы ойлардың қандай жағдайларда туғанын, кімдерге 
бағытталғанын, кейіннен әлдебір авторлардың қандай түзетулер 
жасағанын ескерместен, жапа-тармағай дәйексөздер қолданып жата-
ды. Бүгінгі таңда біздің өте-мөте қазіргі заманғы шындықтарымыз 
бен көзқарастарымыз XIX ғасырдың нақты шындықтарымен астасып 
(кескінделіп) жатады, дегенмен ғылымда бұл тәсіл 
қашанда тыйым 
салынған болып саналады.
Маркс пен Энгельсті, мысалы, Пруссия реакциясында немесе бона-
партизмге қарсы күресте демократиялық еркіндіктердің жалпыадамдық 


219
маңызын жете бағаламады және қоғамдық өзгерістердің озбырлық 
жолдарын ұсынды деп кінәлау мүлдем дұрыс емес. Әйтпесе осылай-
ша оларды XIX ғасырдың ортасындағы ғаламдық экологиялық және ол 
уақытта әлі бола қоймаған басқа да мәселелерді жете бағаламады деп 
күстаналауға болушы еді.
Екіншіден, қазіргі заманның көптеген авторлары Маркстің ілімін 
барлық социалистік ойдың дамуы
үдерісінен тыс қараудың жаман 
дәстүрімен жүретіні сын көтермейді. Мысалы, онда демократия 
мәселесі маңызды орын алған. Бірақ еуропалық тарихтың әр кезеңінде 
ол бір немесе басқа елдің нақты жағдайларына, өмір сүрген уақытына, 
ұлттық және мемлекеттік дәстүрлеріне байланысты 
мейлінше нақты
қабылданатын. Маркс пен Энгельстің демократияға қатынасы да соған 
сәйкес қалыптасқан.
Үшіншіден, Маркстің де, Энгельстің де ешқашан библиялық апос-
толдар рөліне ынтықпағанын есте ұстаған жөн. Оның үстіне, олардың 
өздері әлеуметтік теорияға соған ұқсас көзқарас болғанын қаламаған. 
1881 жылы, яғни қайтыс боларынан екі жыл бұрын, Маркс Фердинанд 
Ньювенгейске жолдаған хатында: «Болашақ революция әрекеттерінің 
бағдарламасына алдын ала теориялау, сөзсіз фантастикалық тұрғыда 
масаттану – біздің назарымызды бүгінгі күнгі күрестен басқа жаққа ау-
дару ғана болып шығады», – деп жазды. Ал содан кейін он жыл өткенде, 
Энгельс француздардың «Фигаро» газетіне берген сұхбатында: «Біз 
тұрақты, үздіксіз даму жағындамыз... және біздің адамзатқа қандай 
да бір түпкілікті заңдарды телитін ниетіміз жоқ. 
Болашақ қоғамды 
ұйымдастырудың егжей-тегжейіне қатысты алдын ала дайын 
пікірлер дейсіз бе? Сіз біздің тарапымыздан тіпті ешбір ишара да 
таппайсыз»,
– деген-ді.
Ал, ақыр соңында, бүгінгі күні марксизммен күрескісі келетіндерге 
арнағандай: «Біз үшін түбегейлі шешімдер мен мәңгі шындықтарды 
талап ету – кез келген мағынасын үзілді-кесілді жоғалтқан; біз 
білімдеріміздің қажеттілігі бойынша шектеулі және оларға қол 
жеткізудің жағдайларына байланысты екенін ешқашанда ұмытпай-
мыз», – дегенді айтқан.
«Марксизмді түсіндірушілер Марксті өзгертіп жіберді» және ал-
дында Аристотель мен оның шәкірттерін құтқарғандай, «оны марк-
систерден құтқаруға тура келді» деп санайтындармен келіспеуге бол-
майды. Алғашқылардың бірі болып бұл туралы ашық жариялаған 
Карл Поппер еді. Маркстің өзі де қайтыс боларынан аз уақыт бұрын 


220
ізбасарларының көп жағдайда оның ілімін экономикалық детерминизм 
рухында өрескел бұрмалайтындарын көріп: «Егер бұл марксизм болса, 
онда мен марксист емеспін», – деп қынжылған-ды.
Әлбетте, Маркс пен Энгельс өз заманының аса көрнекті ойшылда-
ры болды. Алайда әлемдік тарих үдерісіне үлкен ықпал еткен терең 
көріпкелдіктерімен қатар, олар қателіктерден де ада болған жоқ, 
өйткені, Маркстің өзі атап өткендей, «адамға тән нәрсенің барлығы 
оларға да жат болмаған». Егер олардың еңбектерін объективтік 
көзқарас тұрғысынан қарасақ, оларда терістен гөрі, оң басым.
Маркстік философия – адам табиғаттың дүлей күштерінен үстем 
тұр және оларды тұлғаның жан-жақты дамуы, өз жоспарларын іске 
асыруы үшін түрлендіруге, өзгертуге болады дейтін қағидалары 
бар еуропалық рационализмнің қисынды аяқталуы іспетті. Алайда 
кейіннен еуропалық философияда рационалдық дискурстан (пайым-
даудан) түңілу орын алды. Соның нәтижесінде, философиялаудың 
жаңа, яғни алдыңғы классикалық философиядан алшақтаған форма-
лары пайда болды.
Бірақ марксизмді ұмытуға әзірше ерте. Бір нәрсе айқын: марксизм – 
адамзат тарихында үлкен рөл атқарған ұлы ілім. Алайда бұл ілім әлі 
аяқталған жоқ. Платон мен Аристотельдің, Әл-Фараби мен Канттың 
және басқаларының ілімі сияқты, Маркс пен Энгельстің іліміне адам-
зат әлі көптеген жүзжылдықтар бойы жүгінетін болады.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет