34
түсініксіз. Білімдердің отбасылық дәстүрмен, цех қағидасымен
беріліп
отыратыны туралы айтар болсақ, олар Шығыста да, Батыста
да солай болған (ортағасырлық Еуропаны еске түсіріңіз).
Ғылым мен
оның институттарының бүгінгі таңдағы жай-күйін ерте замандарға
таңуға болмайды ғой. Ежелгі Грекияда да бір немесе басқа ғылымды
қорғаштайтын Құдайлардың санына есеп жетпейтін.
Ары қарай Шығыстағы білімдердің жинақталуының бейберекет
сипаты айтылады. Ол туралы төмендегіні айтуға болады. Ғылымның
жүйелі, жоспарлы түрде дамуы Жаңа дәуірде ғана басталды. Ал
бұлайша даму өте-мөте XX және XXI ғасырлар ғылымына ғана тән.
Әдебиетте айтылатын келесі бір кемшілік – ол Шығыс ғылымының
оншалықты
орынды емес сипаты, «танымның таным үшін» болма-
уы, оның нақты қолданбалы міндеттерді шешуге арналған басым
бағыттылығы. Бірақ тіпті Шығыстағы ғылыми ойдың дамуы тарихы-
нан келтірілген
жоғарыдағы фактілердің өздері, біздің көзқарасымыз
бойынша, ертешығыс дінінің тіпті орынды болып табылмайтын сипаты
туралы сенімді жоққа шығарады. Таным негізі тәжірибеде, қоғамның
өмірлік маңызды мәселелерін шешуде жатыр емес пе. «Таным – таным
үшін», «өнер – өнер үшін» және басқадай бағыттар схоластикалық,
яғни өмір тәжірибесінен аулақ, көз алдындағыдан басқаны көрмейтін
теориялаудың өнімдері ғана еді.
Сөйтіп, бұл мәселені азды-көпті
нәтижемен қарастыра келе, біз
төмендегідей қорытындыға келеміз:
а) ертешығыстық өркениеттердің көп мыңжылдықтарға созыла-
тын тарихы бар. Шығыс әлемге материалдық және рухани тұрғыда
көптеген құндылықтар, атап айтқанда,
Достарыңызбен бөлісу: