33
геометриялық
прогрессияны
, сызықтық теңдеулер жүйелерін білген,
дәрежеге
көбейту және
түбір
шығару да қолдарынан келген. Оларда
көбейту кестесі де, кері шамалар кестелері де болған. Мысалы, Мысыр
мен Вавилон математиктері бірінші және екінші дәрежелі теңдеулерді
шеше алған, үшбұрыштар мен төртбұрыштардың, параллелепипедтің
ауданын анықтай білген, цилиндрдің, конустың, пирамиданың көлемін
олардың формулаларын шешу арқылы табуды үйренген. Мысыр мен
Парсы елдеріне олардың қол жеткен тәжірибелері мен білімдерін
үйрену үшін, ертедедегі грек ғалымдарының сапар шеккендері жалпыға
мәлім. Саз балшықтан жасалған шағын кестелер вавилондықтардың
терапия, хирургия, фармакология бойынша медицинадан да қомақты
білімдері бар болғанын дәлелдейді.
Сөйтіп, ертедегі Шығыс елдері пайда болып отыратын өмірлік
мәселелер мен қиындықтарды шешу жолында қомақты білім
жинақтаған. Ерте замандардағы қол жеткізілген ең үлкен жетістіктердің
бірі үнділіктердің
ондық сандарды
ойлап тапқаны болды. Олардың
римдік сандармен салыстырғандағы артықшылығы бір қарағанда-ақ
байқалады. Кезінде оларды арабтар қабылдап, олардан Еуропаға жет-
кен. Алайда ең бір таңғаларлығы – ежелгі үнділіктердің
Достарыңызбен бөлісу: