математиканың, механиканың, матери - алдар кедергісі мен басқаларының бастау-көздерінің пайда болуына
ықпал етті.
астрономия туралы алғашқы білімдер де (көшпенділік,
сондай-ақ теңіз кемелері үшін жұлдыздар мен планеталардың орнала-
суына бағдарланған жолдар салу, кейіннен оларды діни салт-жораларда
пайдалану үшін, Күн мен Айдың тұтылатын мерзімдерін анықтау және
т.б.) сол уақытта дами бастады.
Мысалы, Мысырда б.з.д. 4241 жылы-ақ адамдар уақытты күнтізбе
бойынша есептеуді білген, жазу-сызудың шыққанын да сол кезеңге
жатқызуға болады. Мысыр пирамидалары көптеген геометриялық,
математикалық ұғымдардың сол кездің өзінде-ақ айтарлықтай
дамығанын көрсетеді. Ол пирамидалардың ішіндегі ең биігі –
Хеопс пирамидасын алып қараңыз: ол өзінің алдыңғы орнын 1889 жылы,
Эйфелев мұнарасы пайда болған кезде ғана беріп отыр. Немесе