әлеуметтік иерархия (әке – әке болуға, ал ұл – ұл болуға тиіс
деген) заңдары, яғни төмен шенділердің жоғары шенділерге бағыну
тәртібі бойынша өмір сүруге тиіс. Ал қоғамды
басқаруда Кон-Фу-
Цзы (Конфуций) заңды емес,
моральды таңдайды. Әрине, адамды бір
нәрсені заң бойынша істеуге мәжбүрлеуге болады. Бірақ оның жанын
жағымсыз кірбің шалады. Бірақ егер адамнан бір нәрсені істеуді өтінсең
немесе оны шеберлігі, адалдығы үшін мақтасаң, онда ол тапсырылған
істі әлдеқайда жақсырақ орындайды.
Ойшыл (Конфуций) халықтың өз
билеушілеріне сенім артуына үлкен мән берген. Ол: «Қарусыздануға, халықты аштыққа душар етуге
болады – ол бәрін де көтереді. Бірақ егер халық жоғарғыларға деген
сенімін жоғалтса, онда дүрбелең басталады», – дегенді айтқан. Біз, өз
кезегімізде, қазіргі реформалар барысында Қытайдың таңғалдыратын
табыстарға жетуіне нақ осы сенімнің жоғары деңгейі себеп болғанын
айтпақпыз.
таным. Кон-Фу-Цзының ойынша, адамдар табиғаты бойынша көбі-
несе бірдей болып келеді. Бірақ өмір тәжірибесі мен тәрбие адамдарды
әртүрлі етеді. Тек биік даналық пен шектен шыққан ақымақтық қана
өзгермейді. Биік данышпандық кейбір адамдарға табиғаттан беріледі.
Бір білімдерді адам оқу арқылы алса, кейбіреулерін өмірлік тәжірибеден
алады. Бірақ ақымақ адам тіпті өзінің жасаған қателіктерінен де
қорытынды шығармайды. Ойшыл бізге:
«Оқы да тоқы!» – деген
қарапайым өсиет қалдырған. Егер оқуды ойлаумен ұштастырмасаң,
шалағай білім аласың, ал егер ойлауды оқумен ұштастырмасаң, онда
барлығына күмәнданатын боласың.