1.3. ғылым бастауларының ежелгі грекияда пайда болуы және олардың еуропалық өркениеттің кейінгі дамуындағы маңызы Ежелгі өркениет – бұл өндірістің құлиеленушілік тәсіліне
негізделген ертедегі Грекия және Рим. Жайлы климат, жағалауды
шайып жатқан жылы теңіздер, тұщы судың молдығы және басқалары
теңіз сауда-саттығының, балық аулаудың, жер өңдеу мен кәсіптердің
өркендеуіне, Ертешығыс өркениеттерінің (Мысыр, Парсы елдерінің)
жетістіктерін қабылдауға себеп болды. Ертедегі гректер
ой-қиялдары жетілген,
бәсекелестікке бейім, талантты халық болды. Шамасы,
дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды
дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға
мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер
(полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар-
ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін
42
өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен
мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі –
енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген фило-
софия болды. Ол, сөз жоқ, ертедегі гректердің бай