40
3.
Дұрыс іс-әрекеттер
, яғни шындық үшін ерлік жасауға дайын
болу.
4.
Дұрыс өмір салты
, демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.
5.
Дұрыс ниет-пиғыл
, яғни жамандық жасамау.
6.
Дұрыс күш салу
, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін
ұстауы.
7.
Дұрыс көңіл бөлу (түсіну)
, демек, сананың белсенді қырағы-
лығы.
8.
Ойды дұрыс жинақтау
, яғни медитацияның дұрыс әдістері.
Бұддашылық сегізінші тармаққа ерекше назар аударады: меди-
тация адамды толық тыныштық жағдайына, яғни ол
нирвананың
(жұмақтың) «тынық тұңғиығына» батқан кезде, оған ешқандай «заң
жүрмейтін» күйге жеткізетіндей болуға тиіс. Әлбетте, оны тақуа-
монахтар ғана орындай алады Ал жай адамдар туралы айтсақ, олар
үшін
«панча Шила»
(«Бес Өсиет») қағидаларының ізімен жүру
жеткілікті. Олар:
1. Адам өлтіруші болма.
2. Ұрлық істеуден тартын.
3. Теріс жолға түсуден сақтан.
4. Өтірік айтпа.
5. Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.
Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв
Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен
тығыз байланыстылығын түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде
адамдар сегіз басқыштан тұратын баспалдақпен теңестіреді де, адам
басқыштан-басқышқа көтеріле отырып дамитындай әсер қалдырады.
Бұл – жаңсақтық. Бұдда іс жүзінде бұл санаттардың әрқайсысын
(ғылыми көзқарастардың әрқайсысын да) басқалармен бірлікте
меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп
жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).
б)
Достарыңызбен бөлісу: