41
Үндістанда әлем: жер, су, ауа, от және кеңістік деген бес тұрақты-
лықтан тұрады деп есептеледі. Мағынасы жағынан қытайдың «циіне»
жақын
«пракрити»
осы жерде пайда болған. Оның үш қасиеті (гуна)
бар:
1. Саттва адамға білім мен бақыт әкеледі.
2. Раджас – ол адамды әрекет етуге итермелейтін құмарлық.
3. Тамас жалқаулықты, енжарлық пен ұйқыны қоздырады.
Материалистердің өмірлік бағдары өмірден тәндік-сезімдік ләззат
алуға саяды. «Чарвак-материалистер» дегендер: «Осы өмірдегі бақытқа
ұмтылатын боламыз! Бұл дүниеде ажалсыздық, мәңгі өмір сүру
жоқ – өлгеннен кейін кез келген адам күлге айналады. Сонда ол бұл
өмірге қалай қайтіп оралады?» – дейді. Солай ойлаудың нәтижесі
олардың «басқа дүниені» қабылдамауына, осы өмірдің рақатын көруге
шақыруына жеткізді: «Осы өмірде көңіл көтер және шарап іш! Ертең-
ақ күлге айналасың және бұл өмірге қайтып оралмайсың».
Үнділердің материалистік философиясында бұл әлемнің екі баста-
уын (дуализм) мойындайтын ағымдар болған. Олардың бірі – пракрити
(материя), ал екіншісі – пуруша (жан). Екеуі де әуелден-ақ бастапқысыз
және шексіз деректермен танылған.
Аталған ағымдардың жұртшылық алдында ерекше үлкен беделі
болмағанын айтқан жөн. Негізінен, Ертедегі Шығыс философиясы
идеалистік сипатта болды.
Достарыңызбен бөлісу: