296
1-тарау. ғылыми таным: Оның ҚҰРылымы,
ДеңгеЙлеРі мен әДістеРі
1.1. ғылыми таным құрылымы
Таным – жеке тұлғадан оның барлық маңызды күштерін: ақылын,
сезімдерін, еркін, түйсігін жұмылдыруды талап ететін аса күрделі
үдеріс.
Танымның нақты үдерісінде
олардың бір-бірімен өзара байланыс-
тылығы соншалықты
, бір-бірінен
ажырату
мүмкін емес. Алай-
да теориялық тұрғыда біз оларды жеке-жеке қарай аламыз. Бәрінен
бұрын, ол –
сезімдік таным
.
Оның негізгі
формалары: сезіну, қабылдау және көзге елестету.
Адам өзін қоршаған әлеммен сезіну, түйсіну арқылы байланыса-
ды. Л.Фейербах оларды
інжіл
, яғни әлем туралы
ізгі хабар
жеткізуші
деп айқындаған. Біз бір затты көргенде, оның түсін анықтап, ұстап
көріп, оның қатты немесе жұмсақ екенін біле аламыз, ащы немесе
тәтті екенін дәмін татқанда білеміз. Әлбетте, сезінуді заттың өзімен
теңестіруге де, сондай-ақ одан алшақтатуға да болмайды. Кең тұрғыда
Достарыңызбен бөлісу: