ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет529/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

ғылыми революция
деп атады.
Бүгінгі күні ғалымдардың көпшілігі ғылым дамуының берілген 
түсініктемесін қабылдайды. Олай болса, осындай көзқарасты әдіс-
темелік ұстаным ретінде алып, әлемнің табиғи бейнесінің қалыптасуы 
мен дамуын қарастырайық. Оның дамуы үдерісінде 
бірнеше кезеңді 
бөліп көрсетуге болады:
1. табиғи-философиялық үлгі.
Әлем түсінігінде ол ерте заман-
да пайда болған. Естеріңізде болса, оның алғашқы үлгісі Ертедегі 
Шығыста, ұлы қытай ойшылы Лао-Цзы (б.з.д. VI ғасыр) шығармашы-
лығында туған. Оның көзқарастарына сәйкес, Әлем – бейберекетсіздік 
емес, ол белгілі бір заңдарға бағынады. Ол заңдар көруге де, естуге де 


361
болмайтын, бірақ барлық жерде көзге көрінбей өмір сүретін, дүниені 
билейтін Аспан заңдары. Оларды танып білу мүмкін емес. Ол – 
ДаО
заңдары.
Әдебиетте негізі бойынша 
еуроцентристік
болып табылатын, яғни 
әлемнің бастапқы бейнелері Батыс топырағында, нақты айтқанда, 
антикалық Грекияда пайда болған дейтін ұстанымның расталатынын 
өкінішпен айтуға тура келеді. Алайда ондай көзқарас, біздің сеніміміз 
бойынша, негізсіз болып табылады. Уәж келтіріп көрейік. Мысалы, 
«Пифагор алғаш рет қолданысқа «космос» (ғарыш) ұғымын енгізді 
және оның құрылымы сандардың арақатынасы арқылы айқындалады 
деп санады», – дейтін тұжырым айтылады (қараңыз: С.А.Лебедев. 
Философия науки. – М.: Академический проект, 2006. – 581-бет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет