ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет542/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

адам – макроәлемнің
тіршілік иесі, ал 
микроәлемде
мүлдем басқа 
кеңістіктік-уақыттық
өлшемдер әрекет етеді. Сол себепті адам 
микроәлемнің онда болып жатқан үдерістерді дәл бейнелейтін үлгісін 
жасай алмайды. Микроәлемнің қасиеттерін бөлшек немесе толқын 
ретінде бөлек-бөлек зерттеуге ғана болады. Бөлшек ретінде қарағанда, 
оның энергетикалық зарядын және қозғалу шамасын, ал толқын 
ретінде қарағанда, оның кеңістікте орналасуын анықтауға болады. 
Бөлшектің белгілі бір мөлшер аясында болуы ықтималдығын болжауға 
болады. Ендеше, кванттық механиканың 
ықтималды-статистикалық 
үдерістермен 
байланыстылығы туралы қорытынды айдай айқын бо-
лып шықты.
Н.Бордың қосымшалық қағидасы жайында бірер сөз айтайық. 
Оның айтуы бойынша, «бөлшек пен толқын ұғымдары өзара бір-бірін 
толықтырады, сонымен қатар бір мезгілде бір-біріне қарама-қайшы». 
Мәселенің қиындығы мынада: 
микроәлем
үдерістерін зерттеген-
де, біз 
макроаспаптар
мен құралдар-жабдықтарды пайдаланамыз 
да, бір аспаптардың көмегімен бөлшектердің толқын сияқты сипат-
тамаларын аша аламыз, ал екіншілері арқылы кванттық қасиеттерін 
ашамыз. Сөйтіп, зерттеу барысында біз 
екі бейне
аламыз және 
шығармашылықпен түрлендіре және оларды 
бір-бірімен толықтыра 
отырып, микроәлем туралы ортақ көзқарастар тудырамыз.
Әлемнің осы замандағы ғылыми бейнесін құруға 
а.Эйнштейн 
үлкен еңбек сіңірді. Біз салыстырмалылық теориясын айтып отырмыз. 
Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет