370
Екіншіден, Ньютонның
қашықтан әсер ету
(ғарыш денелерінің
бір-бірлеріне бір сәттік әсер етуі) қағидасына да күшті соққы
берілді, өйткені әлемдер бар шекті табиғи тұрақты шама – жарықтың
жылдамдығы қаншалықты жоғары болса да, бәрібір оның шегі бар.
А.Эйнштейннің ойынша, егер ғарышта қозғалатын дене жарықтың
жылдамдығына жақындаса, онда оның кеңістіктік өлшемдерінің
қысқаруы
, уақыттың
баяулауы
, жиынның (масса) күрт
өсуі
орын ала-
ды. Ғарыштық үдерістердің ағып өту жылдамдығы қашанда шектеулі
болғандықтан, онда бір мезгілде болатын оқиғалар жоқ. Ғарыштағы
әрбір жүйенің өз уақыт өлшемдері (есептеуі) бар. Мысалы, егер жас
жігіт жерде жас әйелі мен бір жастағы сәбиін тастап, бір жылға жарық
жылдамдығымен ғарышқа ұшқанын көз алдымызға елестетіп көрсек,
онда жерге оралғанда, оны оның жасынан да үлкен ұлы қарсы ала-
ды. Әлбетте, бұл – теориялық қиял ғана. Аталған идеяны іс жүзіне
асырмақ болсақ, ғарыш кемесінің жылдамдығы өскен сайын, ол
біртіндеп жоғалатын нүктеге айналар еді.
А.Эйнштейн
Достарыңызбен бөлісу: