бір-бірлерімен үйлесімділігінен
(мулаттардың, метистердің дүниеге
келуі) көрінеді. Кейде үйреншікті өмірде кездесіп қалатын адамдардың
нәсілшілдік пиғылдары («қисық көздер, «қара қожалақтар»,
«аққұлақтар» дегендерді айту сияқты) адам өресінің төмен деңгейін
немесе оның
ұлтшылдық
«ауруға» шалдыққанын көрсетеді.
Өткен ғасырдың басында италиялық психиатр, антрополог
Че
-
заре ломброзо
қылмыскерлердің өздерінің биологиялық табиғаты
бойынша
қазіргі адамдардан төмен
тұратыны туралы идеясын
ұсынды. Олардың жақ сүйектері ауыр, қалың қастары бірігіп кеткен,
маңдайлары тар, қолдары ұзын болып келеді. Ондай адамдар қашанда
әлеуметтік ауытқушылықтарға жақын болғандықтан, қылмысқа
оп-оңай барады. Қылмыстарды зерттеушілердің, психиатрлардың
кейінгі зерттеулері ондай тұжырымдардың толығымен негізсіз екенін
көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |