393
«У.Оккама ұстарасы» бізге мәндерді қажеттіден жоғары өсіре беруге
болмайтынын айтады. Осыны есімізде ұстап, адамға кең анықтама
беріп көрейік: адам – қоршаған ортаны
танып білуге
қабілетті және
соның негізінде
еңбек құралдарын жасай
алатын, еңбек ету бары-
сында өзінің әртүрлі
қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып,
қоршаған әлемді өзгерте алатын саналы тіршілік иесі. Адамның біз
жоғарыда айтып өткен барлық қалған қасиеттерін осы анықтамадан
шығаруға болады.
Адам – қарама-қайшы тіршілік иесі. Бір жағынан, ол – дене және
оған, басқа тірі тіршілік иелері сияқты, ауа, су, азық, ұрпақ жалғастыру
және т.б. қажет. Екінші жағынан, ол рух та болып табылады: ол әлем
туралы ойға шомады, қоғамда өз орнын табуға тырысады, қуанады,
ренжиді, жаңа бірдеңе ойлап табады, жақсы көреді немесе жек көреді
және т.б. Егер хайуандар ырықсыз сезімдер арқылы қозғалса, ал
адам өзін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол өз-өзін бақылауда
ұстауға қабілетті.
Әйткенмен адамның бұл ішкі қарама-қайшылығы әртүрлі
философиялық ілімдерде түрліше ұғынылады. Мысалы, ортағасырлық
философия, бір жағынан, рух иеленуші адамды тіпті Құдайдың
деңгейіне дейін жеткізсе, ал тән ретінде хайуаннан да төмен бағалайды.
жаңа дәуір
философиясында бұл мәселеге қатысты қарама-
қайшы екі:
Достарыңызбен бөлісу: