«адам – барлық заттардың өлшемі» болып шығады. Біреуге бір
немесе басқа зат туралы осы тұжырым ұнаса, ал екіншісіне тікелей
қарама-қайшы екіншісі ұнайды. Қазақтар айтқандай, «біреу тойып
секіреді (күш-қуатын қайда жұмсарын білмейді), біреу тоңып секіреді
(үсіп қалмау үшін).
Сопылықтың бейнесін біз Протагордың «Еватлынан» табамыз.
Протагордан оқып шыққан Еватл онымен шарт жасасады: соттағы
алғашқы жеңісінен кейін, ол оқуы үшін Протагорға ақы төлейтін бо-
лады. Бірақ Еватл ақы төлеуге асыға қоймайды. Протагор сотқа арыз-
данатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Еватл: «Шарт бойынша мен
ақшаны соттағы жеңісімнен кейін төлеуге тиіспін, бірақ мен істе әлі
жеңіске жеткен жоқпын», – деп жауап береді. Сонда Протагор: «Егер
сотта істі мен жеңсем, сен сот шешімімен төлейсің, ал сен жеңсең,
шарт бойынша төлейсің», – деп талап қояды. Ал оған Еватл: «Егер
мен жеңілсем, шарт бойынша төлемеймін, ал жеңсем, сот шешімімен
төлемеймін», – депті.
Сонымен, Протагордың пікірі бойынша бәрі салыстырмалы,
еш жерде барлығы үшін ортақ маңызды болатын шексіз шындық,
адамгершілік құндылықтары жоқ. Егер осылай болса, онда өзіңнің
шындығыңды дәлелде, қарсыластарыңның пікірлерін жоққа шығара
біл. Әлсіз әрекеттерден де күшті дәлелдер, күшті уәждер жасай біл,
қарсыластарыңның тас-талқанын шығар. Өз мүдделерін сенімді қорғай
және соған жұртшылықты сендіре білген Протагордың шәкірттері
саясатта табыстарға жетіп отырды. Сондықтан да Протагорға көзінің
тірісінде-ақ даналықтың жемісін тату бұйырды.
Сопылардың философияға сіңірген еңбегі адамдық түсініктердің
ішкі қарама-қайшылықтарын, олардың икемділігін, бір-бірлеріне ауы-