1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы_______Педагогика_________________________________________________
Кредит саны_________5 ESTC___________________________________________________
Курс, семестр________2, 3 2021-2022 оқу жылы _________________________________
Мамандықтың шифры және атауы - 6В01512 – Химия-биология Институт___Педагогика және психология_________________________________________
Кафедра: _Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімі ___________________
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызметі ___Косшыгулова А.С., оқытушы_____ Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) _____87016638560 , alenti85@mail.ru________
2. Бақылау түрі: Қалыптастырушы бағалау: Студенттің сабақтағы дискуссиялар мен треннинг, жаттығуларға қатысуы ескеріледі. Пәннің тақырыбы бойынша конструктивті сұрақтар, диалог, презентациялар және кері байланыс сабақ барысында студенттің қатысуына байланысты көтермеленіп отырады, ал мұғалім қорытынды бағаны қою кезінде әр оқушының сабаққа қатысуын ескереді. Тиісті үй тапсырмасын тапсыру немесе СӨЖ мерзімдері ауыр жағдайлар туындаған кезде ұзартылуы мүмкін (мысалы: ауру, төтенше жағдай, жазатайым оқиға, күтпеген жағдайлар және т.б.).
Жиынтық бағалау: Әр аудиториялық сабақ төмендегі күнтізбелік кестеге сәйкес алдын-ала дайындалуы керек. Үйге берілген тапсырмалар сабақ кестесінде көрсетілгендей семестр бойы орындалады. Бағалау критерийі студенттердің білімін бағалау көрсеткіштері: студент дәріс сабақтарына, СОӨЖ сабақтарына толық қатысып, СОӨЖ және СӨЖ бойынша барлық тапсырмаларды орындаған жағдайда ең жоғары балл; тапсырманы орындауға шығармашылық үшін көтермелеу балын, толық орындалмаған жазба жұмыстары, тапсырмалардың орындалмауы, босатқан сабақтары, тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсырмағандары үшін айып балдарын алуы мүмкін. СӨЖ жүргізу кезінде келесі ережелерді сақтау керек: СӨЖ көрсетілген мерзімде аяқталуы керек. Кейін СӨЖ қабылданбайды.
Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан) Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,3 + емт 0,4