4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуы керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы орындалады.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.