Ұлттық экономика екі түрге бөлінеді
МАТЕРИАЛДЫҚ ӨНДІРІС САЛАЛАРЫ
|
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАР
|
“В.Леонтьев көзқарасы бойынша: «Ұлттық экономика – бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әр түрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе». “Ұлттық экономиканың құрылымы – бұл оның құрамдас бөліктеің арасындағы тұрақты сандық қатынастар.
Классификациялау критерийіне байланысты келесідей құрылымдарды бөліп көрсетеді:
|
— ұдайы өндіріс құрылымы – ұлттық экономиканың біртектес экономикалық субъектілер топтарына бөлу (фирмалар, үй шаруашылықтары, мемлекет);
|
— әлеуметтік құрылымы – бұл құрылымның негізінде меншік қатынастары, еңбек түрлері және т.б жатады;
|
— салалық құрылым – ұқсас әлеуметтік-экономикалық қызметтер орындайтын біртектес шаруашылық бірліктерінің жиынтығымен сипатталады;
|
— территориялық құрылым – ұлттық экономиканы экономикалық аймақтарға бөлу;
|
— сыртқы сауда құрылымы – экспорт пен импорттағы тауарлар топтарының ара қатынасымен анықталады;
|
— инфрақұрылым – өндіріске қызметтер көрсететін салалар.
|
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы (ҚӨҚ) түсінігін анықтаудан бастаған жөн.ҚӨҚ деп отырғанымыз,сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен,қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс тепе-теңдігін сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының,факторларының,салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.
Қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларының құрылуы объективті экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық процесс.Оны орнату, ұстау,өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал етеді және өз кезегінде сол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына,өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне,ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен ауқымына тәуелді.
Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
Салааралыққа — қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);
Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекеменшік өндіріс салаларының сандық арақатынасы жатады.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады,ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да,өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады.Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді.
Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді.Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады.Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
— Қол еңбегіне негізделген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде,адам еңбек процесінің материалдық негізіне,ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады;
— Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды,адам оны толықтырады.
— Автоматтандырылған өндіріс.Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды.Адам «өндіріс қатарында» творчестволық,жасампаздық қызмет атқарады.Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік,ол барынша жоғары дәрежеде
ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады Бұл мыналармен байланысты:
Біріншіден,ғылыми-техникалық прогресс жетістігі,принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
Екіншіден,салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін,қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы «қайта индустрияландыру» ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін,әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру,өндірілетін өнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту,өнеркәсіптің сапасын жақсарту,өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру,ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жасымен өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын,ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тездетуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады.Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономикалы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Қоғамдық өндірістің құрылымы:
Материалдық өндіріс;
Материалдық емес өндіріс;
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет.Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |