Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы білім басқармасы


Үй шаруашылықтары немесе тұтынушылар



бет8/8
Дата25.01.2022
өлшемі277,27 Kb.
#114600
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Талдау. Отчет
Талдау. Отчет
Үй шаруашылықтары немесе тұтынушылар,

Фирмалар немесе өндірушілер

Мемлекет немесе үкімет,

Шетелдік сектор немесе сыртқы орта

.

Рыноктарды агрегаттау мынадай негізгі төрт макроэкономикалық рынокты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

Игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер рыногы (нақты рынок),

Қаржы рыногы (қаржылық активтер рыногы),

Экономикалық ресурстар рыногы,

Валюталық рынок.

Макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық шамалар арасындағы өзара тәуелділіктерді түсіндіруге және экономикалық құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды танып білуге мүмкіндік беретін функциялардан, графиктерден, формулалардан, сызбалардан және кестелерден құралады. Ал макроэкономикалық үлгілерді құру үшін экзогендік және эндогендік айнымалылар қолданылады.

Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн



төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.

Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.

Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр.



2.3 Ұлттық есеп жүйесі


Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.

Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады.

Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады:

мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;

макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру;

экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау;

ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi;

статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды

жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген:

Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен Тюпеева Сезім «ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ ТАЛДАУ»оқу тәжірибесінен өттім.Қорыта келе экономикалық талдау және есептілікті талдаудың экономикалық маңызы жайлы түсіндім.Ұлттық экономика :негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Мен осы тақырыпты жаза отырып, өзімнің мамандығымның қыр-сырын ашық

түрде түсімндім, яғни бұл тақырып маған жалпы ұлттық экономика және макроэкономикалық көрсеткіштер

туралы кеңінен түсіндіретін

мағлұмат алдым.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруде

Ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі алғашқы орынды алатыны сөзсіз.

Жалпы, ұлттық экономика кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы

Экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Ұлттық экономиканың қызмет ету

Деңгейі – яғни, ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық,

Қызмет ету деңгейінің, бағыттарының бірі болып табылады.

Экономикалық теорияда шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің

Әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-

Жақты қарау;

Екіншіден (бұл бірінші жағадйдан туымдайды) статистикалық есептеудің

Сан алуан метологиясы;

Үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше

Макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.

ҚОСЫМША

ҰЕШЖ-гі ішкі экономикалық шоттың қысқаша мазмұны



Шоттың  аты және №

 Ресурстар

Қолданылуы

Баланстық басқаруы

1.Өндіріс  шоты

Қызмет көрсету  және азық-түлікті жалпы шығару

Аралық тұтыну

Жалпы қосылған бағасы



Жалпы шығару -  аралық тұтыну Жалпы қосқан бағаға тең

2.Табыстардың  қалыптасу шоты

Жалпы қосқан бағасы

Еңбекақы 

Өндіріске салық салу

Жалпы табыс(жалпы  аралас табыс)


Жалпы қосылған құн - еңбекақы және өндіріске салынған салық жалпы табысқа тең(жалпы  аралас табыс)

3.Бірінші  реттеу табыс шоты

Жалпы табыс (жалпы  аралас табыс)

Жекеменшіктен түскен табыс (иеленген) Өндіріске таза салық салу

Еңбкеақы


Иеленген жекеменшіктен  түскен табыс  
 

Жалпы алғашқы  табыс



Жалпы табыс (жалпы  аралас табыс) + жекеменшіктен түскен сальдо табысы + өндіріске салынған таза салық және еңбекақы алғашқы  табысқа тең

4.Екінші  реттеу табыс шоты

Жалпы алғашқы  табыс

Ағымдағы иеленген трансферттер,олардың түрлеріне  қарай



Ағымдағы берілген трансферттер,түрлеріне қарай 

Орнықталған жалпы  табыс 



Алғашқы жалпы  табыс + ағымдағы трансферттер сальдосы, орнықталған жалпы табысқа тең

5.Табыстарды  қолдану шоты

Орнықталған жалпы табыс

Соңғы тұтыну(өзіндік  тұтыну),сонымен бірге тұтынушы түрлеріне  қарай(секторларға)

Жалпы қор



Орнықталған жалпы  табыс + соңғы тұтынылуы, жалпы қорға  тең

6.Капиталдық  жұмсау шоты

Жалпы қор 

Иеленген капиталдық трансферттер



Негізгі фондтардың жинақталуы

Материалдық ауытқу фондтарының толысуы 

Таза жер иелену және матнриалдық емес активтер

Иеленген капиталдық тарнсферттер

Таза несие(+) немесе таза қарыз(-)


Жалпы қор + капиталдық трансферттер сальдосы – негізгі  фондтардың жинақталуы – таза жер иелену,бірақ материалдық емес активтер, таза несиеге(+) немесе таза қарызға(-) тең

7.Қаржылық  шот

Таза несие(-) немесе таза қарыз 

Қаржылық міндеттерді  қабылдау



Қаржылық активтерді иелену  



Капиталистiк елдердегi ҰЕШЖ-нiң дамуы



Елдiң  аты

Құрылған жылы

Ескерту

1

2

3

Австрия

1951

Жұмыстың басталған  кезi. 1963 жылы жүйе бiржолата қалыптасты

Англия

1941

БҰҰ стандартты шоттарының тұжырымдамасы бойынша  құрылған

Бельгия

1954

1948-1951 жылдардағы  мәлiметтер бойынша алғашқы зерттеулер  жарияланды. Бұл зерттеулер БҰҰ және ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының) стандарттарына сәйкес келедi.

Дания

1948

Жүйе төрт шоттан құралды.

Ирландия

1951

Жүйе үш шоттан құралды

Италия

1955

Екi сектор, төрт негiзгi шот құрылды.

Мальта

1959

Жүйе БҰҰ  стандартына сай құрылды.

Нидерланды

1948

Алғашқы шоттар 1938, 1946, 1947 жылдардағы мәлiметтер бойынша  құрылды.

Норвегия

1946

Соны (оригинал) жүйе.

Португалия

1950

Жүйе БҰҰ  стандартына лайық алты шоттан құралды.

Туркия

1950

Жұмыстың басталған кезi. Қарапайым, интеграцияланбаған үлгi.

Финляндия

1958

ҰЕШЖ-нiң түсiндiрмесi жарияланды. Соны жүйе.

Франция

1946

Соны жүйе.

ГРФ

1949

Жүйе үш сектор, жетi функционалды шоттан тұрады.

Швейцария

1963

Жүйе БҰҰ-ның  стандартына сай құрылған.

Швеция

1954

Соны жүйе.

Индия

1951

Интеграцияланбаған  жүйе.

Жапония

1953

Тоғыз кесте  құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның стандартына  лайық.

Аргентина

1955

1946 жылы жалпы  iшкi өнiмдi есептеуге әрекет жасалды.

Бразилия

1951

1947 жылы ұлттық  шоттарға байланысты жұмыс басталды.

Гондраус

1952

БҰҰ-ның стандартына  сай интеграцияланған жүйе құрылды.

Канада

1948

Секторлар бойынша  алғашқы шоттар құрылды.

Колумбия

1949

Жұмыстың басталған  кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай  құрылды.

Мексика

1953

Жүйе БҰҰ  стандартына сәйкес құрылды.

Панама

1959

Жүйе БҰҰ  стандартына сай құрылды.

Перу

1946

Жұмыстың басталған  кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай  құрылды.

АҚШ

1947

Бес шот, жиырма жет кесте құрылды.

Тұжырымдамалар  БҰҰ-ның стандартына сәйкес келедi.



Чили

1949

БҰҰ стандартына  сәйкес құрылды.

Эквадор

1954

Ұлттық шоттардың  интеграцияланған жүйесi

Жаңа  Зеландия

1948

Жүйе төрт шоттан тұрады.

Филиппины

1952

БҰҰ жүйесiнiң  тұжырымдамасына негiзделген бес  шот құрылды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9]], 9 том

Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

Ұлттық экономика қызмет етудегі тәселдері» Ихданов Ж.О., Орманбеков Э.О., Алматы 1997 жыл.

«Экономика және өзекті мәселелері», Әлімахун Э.

«Ұлттық экономикадағы даму стратегиясының алатын орны» Жомартов О.Ш.

«Экономиканы есептеп білген ғана ұтады» Думанұлы Р. Алматы 2002жыл.

«Ұлттық байлықты жетілдіру» Егемен Қазақстан 2004 жыл.

«Ұлттық байлықтың құрамы» Егемен Қазақстан 2004 жыл.

Қазақстан экономикасы 2001-2003 жж.



Ақиқат журналы 2002. №2.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет