Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет10/12
Дата22.04.2023
өлшемі276,35 Kb.
#175184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дене тәрбиесі құралдары және пайдалануы

Сабақтың мақсаты: «Жеке бастың гигиенасы» деген түсініктің мәнін ашу, оқушыларды жеке бастың гигиенасының ережелерімен таныстыру, гигиена ережесін сақтау - өз денсаулығын сақтаудың ең басты қағидасы екенін түсіндіру.
Сабақтың барысы: Мұғалім. Бүгін балалар «Оқушының жеке басының гигиенасы» деген жаңа тақырыппен танысасыздар. Қалай ойлайсыздар, «жеке гигиенасы» деген не? Гигиена ілімі туралы не білесіздер?
Дұрыс жауап. Гигиена деген - денеңді, үсті басыңды таза ұстау.
Мұғалім. Ал «дене» деген не?
Мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып, оның басын, кеудесін, қолын, аяғын көрсетіп, осының бәрі бір сөзбен «адамның денесі» деп аталатынын түсіндіреді.
-Біздің денеміздің сыртында не бар?
Дұрыс жауап. Біздің денемізді тұтастай тері қаптап тұр. Мұғалім оқушылардың назарын қол терісіне аударып, өздерінің қолдарының терісінің жұмсақ, иілгіш, қозгалтқан кезде созылатынына тоқталады.
-Тері біздің денемізді аурудан қорғайды. Ал сендер секіріп, жүгіргендерінде тері терлейді. Сонымен бірге теріде жұқа май қабаты бар. Егер теріні ұзақ уақыт жумаса, тері саңылауларында май мен тері жиналып, шаң-тозаңды ұстап қалады. Бұдан тері кірлеп, денені микробтан қорғау қасиетінен арылады.
Кір, лас тері денсаулыққа зиян. Сонымен бірге, жуынбаған, салақ адам өзінің жүрген ортасына, жақындарына ұнамсыз, жағымсыз болады. Оның артық қасиеттерін жоғалтып өмірде алдына қойған мақсатына жетуге кедергі жасауы әбден мүмкін. Сондықтан теріні, денені күтіп, өз-өзін таза ұстап жүрген адамның, ең алдымен, өз денсаулығына жауапкершілігі зор деген сөз.
Денені күтудің ережелері.
1.Таңертең ұйқыдан оянған соң беті-қолды, мойын мен құлақты жуу. Серуендеп келген соң, кешке ұйқыға жатар алдында да жуыну қажет.
2.Ұйықтар алдында аяқты жууды ұмытпау керек.
3.Аптасына бір рет моншаға немесе душқа түсу міндетті. Жылы сумен сабын терідегі май мен кірді жақсы кетіреді.

  1. Шаштың арасына май, кір, шаң көп жиналатындықтан оны ұқыпты жуу керек. Қысқа шашты күту жеңіл болғандықтан балалар мүмкін болса шаштарын жаз мезгілінде қысқа етіп қырықтырса болады, ал шашы ұзын қыздар аптасына 2 рет шаштарын жуып, жеке тарақтарын пайдаланған дұрыс.

  2. Тырнақтар да ұқыпты күтімді қажет етеді. Міндетті түрде қолдың тырнағын аптасына бір рет, аяқтың тырнағын екі аптада бір рет мұқият алу керек. Себебі ұзын тырнақтың астына кір жылдам жиналады. Лас тырнақтар жеке гигиена ережесін сақтамайтын ұқыпсыз, салақ адамнан хабар береді. Тырнақ өсіп кетсе, байқаусызда адам өз терісін немесе досын тырнап жаралауы мүмкін.

  3. Әсіресе, қолдың тазалығын қатаң қадағалау керек. Біз қолымызбен әр түрлі заттарды ұстаймыз: қарандаш, кітап, дәптер, доп, жануарларды, есіктің тұтқасын, дәретхана заттарын т.б. Бұл көзге көріне бермейтін кір қолдың терісінде қалады. Егер жуылмаған лас қолмен нан, алма, конфетті алсаңыздар, онда кір алдымен тамаққа түсіп, онымен бірге ауыздан ағзаға түседі. Осы әдіспен дизентерия, іш сүзегі, сары ауруға шалдығу қаупі өте жоғары. Сол сияқты қолды бетке тек жуғанда ғана апару керек.

  4. Өкінішке орай, кейбір балаларда сабақ үстінде, үй жұмысын орындағанда бетін, көзін, шашын қолымен уқалайтын, сипалайтын жат қылық, жағымсыз әдет бар. Таза емес, лас қолдан көзге микроб түсіп көз қызарса не істейміз?

- Сонымен балалар, мектепке таза, жуынып ұқыпты киініп келу керек екенін әр кез есте сақтаңдар. Сыныбымызда ешқандай салақ оқушы болмаса артық ескертулерге, тазалық туралы ережелерді қайталамай, ол уақытымызды білімге жұмсар едік. Енді тақырыпты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Жеке гигиена деген не?
Дұрыс жауап. Денені күтіп, таза ұстау-жеке гигиена деп аталады.
2.Тамақ ішер алдында қолды не үшін жуады?
Дұрыс жауап. Әр түрлі заттардан қолға мыңдаған микроб жұғады, егер ол аспен бірге ағзаға түссе ауру пайда болады.
3.Денеге қарағанда бетті, мойынды, қол мен аяқты неге жиі жуу керек?
Дұрыс жауап. Адамның беті, мойны, қолы мен аяғы киімнен ашық тұрғандықтан тез кірлейді және микробтардың қоректік ортасы болатын бет терісінде май бездері, май терісі көп.
4.Тырнақты неге алу керек?
Дұрыс жауап. Тырнақтың астына жұқпалы аурудың қоздырғышы кір мен микроб көп жиналады.
5.Күніне қанша рет жуыну керек?
Дұрыс жауап. Күніне екі рет жуынған дұрыс, ұйқыдан оянғаннан кейін және кешке ұйықтар алдында.
6.Денені, шашты қаншалықты жиі жуу керек?
Дұрыс жауап. Денені, шашты жуыну жөкесі мен сабынмен аптасына кем дегенде бір рет жуып, шомылу қажет.
7.Қолды қаншалықты жиі жуған дұрыс.
Дұрыс жауап. Қолды күніне бірнеше рет жуады - тамақ ішер алдында, әр дәретханаға кіргеннен кейін, көшеден келген кезде, жануарларды әрбір ұстап болған соң, кез келген қол ластанғаннан кейін.
8.Қол мен аяқтағы тырнақты қаншалықты жиі алу керек?
Дұрыс жауап. Қолдағы тырнақты аптасына бір рет, аяқтағы тырнақты екі аптада бір рет алу керек.
9.Аяқты қаншалықты жиі жуған дұрыс.
Дұрыс жауап. Ұйықтар алдында, күніне бір рет аяқты жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет