Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы



бет3/27
Дата05.05.2020
өлшемі78,22 Kb.
#65848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
батп курсовой
батп курсовой
Курстық жұмыстың мақсаты: информатика сабағында белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалану болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:



  • берілген тақырыптың маңыздылығын көрсету;

  • дамыта оқыту технологиясына сипаттама беру;

  • оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту ерекшеліктеріне тоқталу;

  • информатика сабағын ойын арқылы оқытуды көздеу;

  • информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану.



I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Дамыта оқыту технологиясы


Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.

Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері айтарлытай оңай емес. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, бірақ өз білімімен таң қалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам мен ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.

Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.

Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .

Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет