Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы


Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар



бет14/27
Дата05.05.2020
өлшемі78,22 Kb.
#65848
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
батп курсовой

5. Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.



Құлақ - мұрын

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.



Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.



Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.



Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет