Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы


ойын. «Сандар лабиринты» (екілік және ондық сандар) -



бет27/27
Дата05.05.2020
өлшемі78,22 Kb.
#65848
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
батп курсовой

4 ойын. «Сандар лабиринты» (екілік және ондық сандар) - ойынның 2-ші түрі. Бұл ойында екілік және ондық сандар берілген, керісінше ондық сандарды екілік сандарға айналдырып, белгілі сандарды қосып нәтижелі ортадағы екілік санды шығарту қажет. 

Ойын шарты: Үш қатарда ондық сандар жазылған, бұл ондық сандарды екілік сандарға айналдырып, табылған екілік сандарды бір-біріне қосқанда ортадағы нәтижелі санын шығарту қажет. Мысалы: 3=11, 3=11, 14=1110. Есептегенде: 11+11+1110=10100.

5 ойын. «Адасқан екілік сандар» (екілік және ондық сандар). Бұл ойында ұяшықтардың ішінде екілік сандар берілген, бұл екілік сандарды ондық сандарға айналдыру керек. Ұяшықтардың жанында түрлі шеттерге қаратылған стрелкалар бар, сол стрелканың жолында болған 0 және 1 сандарын жинау керек, саның басы – жолдың басындағы тұрған саннан басталады. Жиналған екілік санды ондық санға айналдыру керек. 



Ескерту: Неғұрлым ұяшықтар саны көп болса, соғұрлым ойын қиын болады және 0-1 сандарды кез-келген жерге қоюыңызға болады.

6 ойын. «Лабиринттен шығу». Төртбұрыштың ортасында әр жерде орналасқан шеңберлердің ішінде әр түрлі әріптер орналасқан ұяшықтар берілген. Төртбұрыштың төрт шетіне төрт сұрақтар қойылған және бұл сұрақтарға жауап табу керек. 



Мақсат: Әріптерді жинап сөзді тауып, лабиринттен шығу керек. Ойын шарты: Төртбұрыштың ортасында қалын шрифттпен жазылған жауаптың бірінші әріптері жазылған, ал төртбұрыштың бұрыштарында жауаптың соңғы әріптері орналасқан.

Шешу: бірінші әріптен бастап одан кейінгі әрптерді плюс арқылы бір-біріне қосып соңғы әріпке сызықтар арқылы жетіп лабиринттен шығып кету керек.(Мысалы: п++р+ин++т+++е++р=принтер).

№1 сұрақ: Мәліметтерді қағазға басып шығарту құрылғысы.

№2 сұрақ: Мәліметтерді экранға шығартуға арналған құрылғы.

№3сұрақ: Дербес компьютердің негізгі құрылғыларға жатпайтын құрылғыларды атаңыз.

№4сұрақ: Мәліметтерді жинауға, сақтауға, жіберіп - қабылдауға және өңдеуге арналған құрылғыны атаңыз.

7 ойын. «Сандардың сөзі». Берілген: Бір топ аралас сандар берілген, бұл аралас сандардың ішінде бір сөздің әріптері аралас түрде шашылып қойылған.

Ойынның мақсаты: осы сандардың арасынан аралас әріптерді табу керек және жинап сөз шығару керек. Табылған сөзді ұяшықтар ішіне толдыру қажет.

8 ойын. «Әріптер санайды». Берілген: Бір топ аралас әріптер берілген, бұл аралас әріптердің ішінде екілік (0 және1) сандары жасырылған. Ойын шарты: әр қатардағы 0 және 1 сандарды рет-ретімен тауып, төмендегі ұяшықтарға рет - ретімен қойып шығу керек. Табылған екілік санын ондық санға айналдыру керек.

9 ойын. «Иероглиф» ойыны. Берілген: белгілі пәнге байланысты толық анықтама немесе тек бір сөз, бұл сөзде немесе сөйлемде кейбір әріптер иероглифтерге ауыстырылып жазылады. Кесте беріледі, кестеде иероглифтерді қазақ тілі әріптеріне теңестіріліп жазылған.



Ойын шарты: иероглифтерді кестеден тауып, иероглифтердің орнына табылған әріптерді қойып шығу керек, нәтижеде белгілі сөз шығуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет