Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни, оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңа технологияны қолдануда:
« Мұғалім нені білу керек? »
Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
« Не істей алу керек ? »
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
Әр сабақты жоспарлау.
Жаңа технология бойынша жүргізілетін сабақ жоспарларын жасау.
Оқу модулын құрастыру.
Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
Оқу жобасы бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |