Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет7/34
Дата11.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#99159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі а мола об

Шығармашылық тапсырма: драмалық шығармаларды ұсыну, актердің сөз қолданысына назар аудару.

 6. Мәнерлі сөйлеу техникасы -1 сағат

Көркем сөзді жеткізу мәнерлі сөйлеу техникасын әбден меңгеуді талап ететіне тоқталады. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметіне тығыз байланысты, оны жетілдіру үшін көңілбөліп, дайындық жұмысы жүргізілетіні айтылады. Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару), дауыс, дикция жатады. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтеру үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы жетілдіру міндеті қойылады. Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түбегейлі білгендер ана тілінің де, өзге тілдің де дыбыстарын, сөздерін қатесіз дұрыс айтады, қиналмай меңгереді.

 7.Көркем сөзбен жұмыс (тренинг, сайыс)-1 сағат

Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметіне тығыз байланысты, оны жетілдіру үшін көңілбөліп, дайындық жұмысы жүргізілетіні айтылады ға болады. Өйткені, мақал-мәтелдің астарында жасырынып жатқан ой асылын ұғынуды қажет етеді. Мақал мәтелдерге құрылған диалогтық сөз тізбектері актер қызуқандылығын көтеріп, сезімдерін ұштайды. Актер үшін басты міндет, біріншіден, сөз астарын ашу, екіншіден сөзді түсіну арқылы өзінің сахналық тәртібі бойынша интонация, қозғалыс қимылын, мимика, сөз, сахналық әрекеті арқылы сыртқы кескінін шығару. Білімгердің ұшқырлығы мен тапқырлығын және сөзді дұрыс қолдана білу тәсілін шыңдау үшін тренинг жаттығулар қажет.

Шығармашылық тапсырма:

1.                  Білімгерге мақал-мәтел тізбегі арқылы достыққа үндеу, дінді уағыздау, білімге ұмтылдыру, ұлтжандылық секілді ұсынылған жағдайды тапсырайық. Мақал-мәтелдерді байланыстыру үшін, одағай, қаратпа сөз және көмекші етістіктерді ғана қолдану қажет.

2. Енді жұптық тапсырма бойынша қыз айттыру, достасу немесе ғашықтық тақырыбында диалог құруды тапсырайық. Бұл жағдайда да артық сөз қосылмау қажет.

Мысалы: қыз айттыру:

1 білімгер: Замандас! Апасы киген тонды сіңілісі де киеді демекші, қыз алмаған жігіттің, қырық қызда дәмесі бар көрінеді. Көш бастаған серкеміз болмаса да, ел ішіндегі еркеміз. Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды...

 2 білімгер: Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт серігінен белгілі емес пе? Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз, жігері болмаса, жігіт қасиетсіз. Әкесінің ақшасына үйленген, әйелінің қадірін білмейді. Әр құстың лайықты жемі бар, әркімнің лайықты теңі бар. Тең теңімен, тезек қабымен.



1 білімгер: Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз. Сыртын көріп ішінен түңілме, қарасын көріп, күшінен түңілме. Ас таңдасаң аяғына қара, қыз таңдасаң анасына қара деп келгенбіз. Алқатсаң алқат қызыңды, ақтар ол дәм-тұзыңды. Өзім дегенді өзекке теппе. Алыс та жақын болар жолын тапса, жақын да алыс болар қолын қақсаң. Мал – баланың шашуы, алыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет