Химия және денсаулық



Дата11.09.2020
өлшемі20,66 Kb.
#77717
түріБағдарламасы
Байланысты:
0006cf6e-3998d347


Химия және денсаулық

Түсінік хат

Бағдарлама жалпы білім беретін мектебінің жаратылыстану – математика бағыты бойынша 11- сынып оқушыларына арналған. «Қазақстан -2030 мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын, білімін және тұрмысын жақсарту.» Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау. Адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, зор зиян келтіретін заттардың бір тобы: никотин, есірткі және алкогольдік ішімдіктер. Олардың барлығы да – органикалық заттар.Нашарқорлықпен, маскүнемдікпен және темекі тартумен күресте олардың молекулаларының ағзаға тигізетін қауіп-қатерінің механизмін білудің маңызы зор.Бұл органикалық заттардың әсер ету механизмі және одан туындайтын аурулар, тамақ өнімдерінің компоненттері, құндылықтары, нәруыз, көмірсу,майлар химиясы , химиялық қосылыстардан жасалатын дәрілік препараттар, ағзаның қартаю процестері, химия және салауатты өмір салты туралы мәселелер осы курста қарастырылады.Денсаулықты сақтау және жақсартудағы дұрыс тамақтанудың рөлі туралы оқушылардың білімін дамыту, тиімді тамақтану дағдыларын қалыптастыру.Бұл курстың жүргізілуі ішімдік ,есірткі және темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері , жеткіншіктерді осы жаман әдеттерден сақтандыру болып табылады.Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет.Адамзат алдында тұратын міндет өзінің ісін, өмірін жалғасытыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.


Курстың мақсаты:
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру

Химия пәні бойынша өз қабілеттерін бағалауын және болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдауын қамтамасыз ету

Химядан алған білімдерін кеңейту және тереңдету, меңгеруге қажетті біліктерін бекітіп нығайту

Шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін оқушылар санын арттыру

Курстың міндеттері:
Курста алған білімдерін медициналық оқу орындарында одан әрі тереңдетуге мүмкіндіктерін тудыру

Оқушылардың өздігінен ізденіп жұмыс істеуге үйрету

Химия, биология пәндері бойынша білімдерін интеграциялау

Оқушыларға органикалық қосылыстардың химиясын, биологиялық рөлін, ағзаға әсерін,емдік қасиеттері бойынша медико-химиялық білім негіздері туралы білімдерін қалыптастыру

Алған теориялық білімдерін ,өмірмен байланыстыра білу

Оқушылардың өздігінен білім алуы арқылы кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандық таңдау біліктілігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
Есірткі, алкогольдік ішімдіктердің зияндылығын және ағзаға әсер ету механизмін білу

Темекі түтінінің ағзаға тигізетін зардаптарын білу

Холестериннің адам ағзасына әсерін білу

Тамақ өнімдерінің қартаю процесіне әсерін және қандай тамақ өнімдерінен мүшелердің қартаятындығы

Органикалық қосылыстардың химиясы ( нәруыз,көмірсу, май)

Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдыларын меңгеру

Қоршаған ортаның факторларының адам ағзасына әсері туралы түсінігін қалыптастыру
Пән аралық байланыс: биология, биохимия, медицина, физика, экология

Таңдау курсын оқытуды ұйымдастырудың формасы.

Теориялық білім беру

Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану

Шығармашылық жұмыстар

Сынақ жұмыстары.

ІІ. Мазмұны

Жалпы сағат саны -34





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе

1

І. Адам денсаулығына зиян келтіретін молекулалар



2

Темекі түтінің химиясы

1

3

Никотиннің адам денсаулығына әсер ету механизмі

1

4

Темекі шегудің алдын алу

1

5

Есірткі.Есірткі түрлері. Алдын алу

1

6

Алкоголизм.Ағзаға этанолдың жағымсыз әсері ( І,ІІ)

1

ІІ. Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың

Маңызы


7

Тамақ өнімдерінің химиялық компоненттері

1

8

Тамақтанудың бұзылуына байланысты болатын кейбір аурулардың таралуы

1

9

Тиімді тамақтану.Тиімді тамақтанудың он екі ұстанымы

1

10

Тағамдық қоспалар

1

11

Азық өнімдерінің ыдыстан және орағанматериалдардан, инвентардан, жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы

1

ІІІ. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері

12

Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері

1

13

Дыбыстың адам ағзасына әсері

1

14

Химиялық факторлардың адам денсаулығына әсері

1

15

Қоршаған ортадағы ауыр металдардың адам денсаулығына әсері

1

ІҮ. Дәрі – дәрмек және денсаулық

16

Жүрек-қантамырларына әсер ететін дәрі-дәрмектер

1

17

Асқорыту қызметіне

1

18

Ауруды бәсеңдететін дәрі - дәрмектер

1

19

Сусындар ( шәй, кофе,какао) әсері

1

Ү. Органикалық қосылыстар ( нәруыз, көмірсу, май)

химиясы


20

Нәруыз.Аминқышқылдары.

1

21

Нуклеин қышқылдарының құрылысы , қасиеттері

1

22

Көмірсулар.Моно,ди,полисахаридтердің биологиялық рөлі

1

23

Май. Май өнімдері.

1

24

Холестерин

1

25.

Емдік тағамдар

1

ҮІ. Тамақ өнімдері және қартаю процесі

26

Геронтология ғылымы.

1




Жасушаның, ұлпалардың және мүшелердің қартаюы

1

27

Төмен температура және ұзақ өмір

1

ҮІІ. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері

28

Фитотерапия

1

29

Ароматерапия

1

30

Апитерапия

1

31

Гендік инженерия және терапия

1

32

Реферат

1

33-34

Қорытындылау

2

Қолданылған әдебиеттер:

1.Н.Глинка «Общая химия»

2.К.Макаров «Химия и здоровье»

3.Л.Әбшенова, Б.Заирова «Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары»

4.К.Тулебаев, Л.Абшенова,Н.Хобина «Здоровье и жизненные навыки»

5.В.Петленко «Валеология»

Оқушыларға арналған әдебиеттер

1.А.Хрипкова, Д.Колесов «Жаманнан жирен»

2.Ә.Өмешов «Тән мен жан жарасы»



3. Ғылыми -әдістемелік журнал «Валеология», «Денсаулық»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет