14. Сөйлеу нақышы (тембр)- 1 сағат.
Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”).
Дауыс тембрі – бұл дауыстың «бояулары» - анықтығы, сыңғыры, жұмсақтығы, жылылығы, т.б. Дауыстың тембрлік реңіне қарай тыңдаушылар айтушының ойын әр түрлі түсінеді: Дауыстың алғашқы тембрін резонаторлардың көмегімен өзгертуге болады. Біз тембрді жағымды не жағымсыз, жұмсақ темірдей, сықырлаған, шаңқылдаған, т.б. деп қабылдаймыз. Әр адамның даусының тембрі әр басқа. Тембр тек адамның жасына қарай ғана емес, оның көңіл-күйіне , денсаулық жағдайына байланысты да өзгеріп отырады. Дауысына қарап адамның сау, науқас, тың не шаршағандығын, т.б. білуге болады. П. Тарановтың «Сендірудің 1000 тәсілі» деген кітабында мынандай мысал келтірген. «Театр және кино артисі Василий Ливанов – көпке танымал әрі атағы жер жарып тұр. Шерлок Холмс туралы белгілі сериалдан кейін оны білмейтін көрермендер аз-ау деп ойлайсың. «Бұл оп-оңай, Ватсон!» Осы сөздерді ести сала Ливановты бірден танисың. Оның даусын ешкімдікімен шатастыруға болмайды, ол өзгеше – бейне бір қу бұтақты сырт еткізіп сындырғандай. Оның даусын қандай бір болмасын у-шудың ішінен айнытпай тануға болады. Дауысының мұндай тембірінің пайда болуының артист былай деп әңгімелейді: «Менің дауысым орташа баритон болатын. Мен оны «Жіберілмеген хат» фильмін түсіру үстінде жоғалттым. Режиссер Калатозов тәжірибе жасауды ұнататын, сөйтіп оның басына 40 градус аязда дауысты табиғи жолмен шығару керек деген ой келіпті. Техника жолымен бұл мүмкін болмай шықты: микрофонға бүм-бүм дейсің... Сөйтіп дауыстан айырылдым. Біраздан соң қайта қалпына келді, бірақ, міне, осындай сықырлағыш болып тынды. Құдайдың мұнысына да шүкір! Менің даусым – жейтін наным. Ұлы Сальвини айтқандай: «Актер дегеніміз – дауыс, дауыс, тағы да дауыс».
Достарыңызбен бөлісу: |