Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет21/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#87618
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
сахна мәдениеті

Шығармашылық тапсырма: табиғат лирикасы байланысты өлеңдер оқу.


19.Монологті оқу әдісі- 1 сағат.
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сез т. б.) монологтың стилистикалықерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет