2. Физиктер,химиктер,математиктер мен биологтар,
географтардың кəсіби-қолданбалы дене дайындығының
құралдары мен əдістерін тандау ерекшеліктері
Біз қарастырған мамандықтардың енбек ерекшеліктері
жағдайында жоғары жұмыс қабілетің сақтау үшін, ен алдымен,
студенттерге
жан-жақты
дене
тəрбиесі
дайындығымен
айналысуға, төзімділігі мен іске ықыласын дамытуға, ағзаның
тозаңдануының, тербелістің, у-шудың жəне газданудың зиянды
əсерлеріне қарсылығы мен тұрақтылығын арттыруға жағдай
туғызу қажет. Қойылған мəселерді шешу миға жəне денеге
түсер салмақты тиімді ұйлестіру арқылы ғана мұмкін болады.
206
Кесте 14 – Биолог маманның кəсіби қызмет сипаты мен
мазмұны жəне осыған байланысты қажетті дене қабілеттері мен
психикалық қасиеттері
Кəсіби қызмет сипаты мен
мазмұны
Қажетті қабілеті
білім беру мектептегі оқу
бағдарламасына енгізілген
биологиялық ғылымдар
ботаника, зоология,
физиология, биохимия,
цитология, сонымен қатар
жалпы білім беру пəндер
бойынша сабақ беру;
Əр түрлі мекемелерде бейінді
пəндер бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу;
Əртүрлі деңгейдегі
мемлекеттік құрылымдарда
өндірістік-басқару қызметі;
Химия-биологиялық бейінді
(ауыл шаруашылық жəне
минералды шикі заттар өңдеу
өндірісі) өндірістерде
ұйымдастыру-технологиялық
қызмет;
Су омыртқасыздарын қолмен
жинау;
Түрлі табиғат ортасына
саяхатқа шығу барысында жер
бетіндегі омыртқалыларды
тікелей бақылау жəне олардың
белгілі бір түрлерін жиналған
жерлерде аңду жолдары
арқылы бақылау, мысалы,
тоғай, қалың бұталар немесе
құрайлар ішінде.
Статикалық төзімділік
(статикалық жағдайда
салмақты зат ұстау);
Ептілік, күш жəне көру
өткірлігі, ойлау
жылдамдылығы, зер салу мен
назардың тұрақтылық мөлшері
мен үйлесімі, көргенін есте
сақтау, жедел есте сақтау.
207
Бұл жерде мынандай жағдайды ескеру қажет. Жоғарыда
айтылып кеткендей, математиктер мен физиктер шахматмен,
тоғызкумалак
ойындарды
жақсы
ойнайды.
Бірақ,
бұл
денешынықтырудың қуралдарында белсенді қозғалыс жоқ.
Сондықтан, дене шынықтыру сабағында оймен қимыл
қозғалысты бірге талап ететің жаттығулары қолдану қажет.
Олардың ішінде мынандай жаттығуларды қолдануға болады.
Географтар мен биологтардың далалық жағдайда ұзақ
болуына байланысты олардың жүзе білуі, тауда жəне қиың
өткелді жерлерде жүре білуі, қайық есе білуі, атпен салт жүре
білуі керек. Ихтиологтарға (балықтарды зертеушілерге) басты
назарды суда жəне арнаулы жабдықтарды пайдаланып су
астында жүзе білуге аударған жөн. Оқу-далалық жəне оқу-
өндірістік практикалар кезінде Қазақстан соншалықты бай
табиғи
да
нағыз
сан
қырлы
климаттық-жағырапиялық
жағдайларда зерттеліп жүрген табиғат құбылыстарының көп
салалығы
мен
күрделілігі
студенттерден
терң
жалпы
мағлуматтар мен арнаулы білімді ғана емес, сонымен бірге
жоғары дəрежелі жалпы жəне кəсіби-қолданбалы дене тəрбиесі
дайындығын, мықты десаулықты талап етеді.
Оқу-далалық
практикасының
жетекшілері
күрделі
климаттық жағдайларда, əсіресе, тауда тұлғасы жақсы жетілген
студенттердің, əсіресе, спортшылардың тапсырылған істі
ойдағыдай орындайтықтарын айтады. Олардың негізгі бөлігі
бүкіл жұмыс күні бойы денеге түскен ауыртпалықты көтере
алмай
жатады.
Əсіресе,
денсаулығында
ақаулығы
бар
студенттер көп қиындық көреді.
Оқу жоспарына сəйкес 5-курс студенттері оқу-өндірістік
практикасы кезінде қандай жағдайда болмасын өз бетінше
жұмыс жасауға жан-жақты дайын болуға тиіс.
Егер «далалық факультеттер мамандарының үлгісі» туралы
айтар болсақ, онда оның құрамдас бөлігі мыналар болуға тиіс:
1. Тұлғасының жақсы жетілуі мен денсаулық жағдайы
2. Жан-жақты дене тəрбиесі дайындығы
3. Температуралық жəне барометриялық құбылмалықтарға
ағзасының жеткілікті бейімделу мүмкіншілігі.
4. Барынша бұқаралық жəне қолданбалы спорт түрлері
бойынша теориялық білімдері мен практикалық машықтары.
208
Студенттерді оқу-далаллық жəне өндірістік практикаларға
сапалы дайындау үшін қозғалыс режімін жандандыра түсу
қажет.
Көбіне лайықты қолданбалы дене тəрбиесі жаттығулары деп
мыналарды есептеу керек:
1. Суда жүзу
2. Туристік сапарлар
3. Шанғы спорты
4. Баяу жортақтап жүгіру
5. Топтасып жүгіру (əртүрлі жер жағдайындағы жүрдек
жүріс, жүгіру)
2. Семинарлық сабақтар
2.1. Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер
мен биологтар, географтардың кəсіптік-қолданбалы дене
шынықтыруы.
Мақсаты
–
қазіргі
кезеңде
физиктер,
химиктер,
математиктер
мен
биологтар,
географтардың
кəсіптік-
қолданбалы дене шынықтыруын анықтау.
Жоспар: 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен
биологтар, географтардың еңбек жағдайының сипаттамасының
ерекшеліктері.
2. Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен
биологтар,
географтардың
кəсіптік-қолданбалы
дене
шынықтыруы.
Əдістемелік нұсқаулар
1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар,
географтардың
еңбек
жағдайының
сипаттамасының
ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен
биологтар,
географтардың
кəсіптік-қолданбалы
дене
шынықтыруы ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер,
математиктер
мен
биологтар,
географтардың
кəсіптік-
209
қолданбалы дене дайындығының құралдары мен əдістерін
таңдау ерекшеліктері.
Мақсаты
–
Қазіргі
кезеңде
физиктер,
химиктер,
математиктер
мен
биологтар,
географтардың
кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығының құралдары мен əдістерін
таңдау ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен
биологтар,
географтардың
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығының құралдары мен əдістерінің ерекшеліктері.
2. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар,
географтардың
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығының
құралдары мен əдістерін таңдау ерекшеліктері.
Əдістемелік нұсқаулар
1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар,
географтардың
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығының
құралдары мен əдістердің ерекшеліктерін дəптерге жазыныз.
2. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар,
географтардың
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындықтың
құралдары мен əдістерін таңдау ерекшеліктерін дəлелдеңіз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау:
1. Физиктер, химиктер, математиктер еңбек жағдайының
сипаттамасы.
2.
Биологтар,
географтардың
еңбек
жағдайының
сипаттамасы.
3. Физиктер, химиктер, математиктер кəсіптік-қолданбалы
дене дайындығының құралдары мен əдістерінің тандау
ерекшеліктері.
4. Биологтар, географтардың кəсіптік-қолданбалы дене
дайындығының
құралдары
мен
əдістерінің
тандау
ерекшеліктері.
210
Дəріс №3. Журналистердің, тарихшылардың, филологтар-
дың, юристердің жəне женіл өнеркəсіп инженерлері мен
технологтардың кəсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы
Жоспар
1.
Журналистердің,
тарихшылардың,
филологтардың,
юристердің
жəне
женіл
өнеркəсіп
инженерлері
мен
технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасы
2.
Журналистердің,
тарихшылардың,
филологтардың,
юристердің
жəне
женіл
өнеркəсіп
инженерлері
мен
технологтардың кəсіптік-қолданбалы дене дайындығының
ерекшеліктері
Əдебиет
1.Тайжанов С., Караков А. Дене тəрбиесі. 4-кітап / жоғары
оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Үш Қиян», 2009. –
Б. 136-162.
2.Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание
студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.124-138.
4. Закирьянов К.Х., Иванов Г.Д., Ордабаев Н.О.,
Жаксылыков
М.Ф.
Профессионально-педагогическая
и
прикладная физическая подготовка студентов // Учебно-
методическое пособие. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ,
1998. – С.21-97.
4. Раевский Р.Т. Профессионально-прикладная физическая
подготовка студентов технических ВУЗов//Учебное пособие. –
М.: Высшая школа,1985. -136с.
5. Физическая культура (включая валеологию) по всем
специальностям
и
направлениям/Типовая
программа
по
предмету «физическая культура» для высших учебных
заведений. – Астана,2002. – 35 с.
211
1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың,
юристердің жəне женіл өнеркəсіп инженерлері мен
технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасы
Өндірістік-педагогикалық қызметтерді атқарумен қатар
қызмет
саласына
байланысты
болашақ
журналистерге,
тарихшыларға, тіл-əдебиеті мамандарына дене мəдениеті мен
спортты насихаттаудың түрлері мен тəсілдерін, арнаулы білімді
игеру аса қажет. Болашақ жұмыс орындарында дене тəрбиесі
мен спортты ұйымдастырып жəне өткізу үшін студентке
мынадай білімдер мен біргірлікті игерген жөн:
1. Спорттың ең бұқаралық түрлері жеткілікті хабарлар болу
2. Арнаулы түсіндірме сөздіктердің белгілі бір мөлшерін
түсіну жəне білу
3. Лекция оқып, баяндама жасай білу, баспасөзде мақалалар
жазып, теледидар мен радиода сөйлеу, стендтер, фотокөрмелер
мен дене мəдениеті бұрыштарын жасау.
Бұлар, əсірісе, өзінің газет редакцияларындағы, радио мен
телевизиядағы қызметі барысында дене мəдениеті мен спортты
адамдар тұрмысына еңгізу мəселелерін тұрақты көтеріп жүруге
тура келетін журналистер үшін аса қажет. Дене мəдениеті мен
спорт негіздерін жəне оның терминдерін білмеу салдарынан
тілшілер көбіне қателікке ұрынады, содан барып жазып отырған
мəселесін дұрыстығына нұқсан келіп, хабардың қызығы кетеді.
Сондықтан қарастырылып отырған мамандықтардың оқу
процесінде ол үшін студенттер жатақханаларда қоғамдық дене
тəрбиесі қызметіне студенттерді көбірек тарта отырып, дене
мəдениеті мен спорт бойынша кəсіби-қолданбалы дайындыққа
назар аударған дұрыс.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, дене мəдениеті жəне
спортты
насихаттаумен
жиі
айналасатын
журналистика
факультетін бітірушілер. Сондықтан олар үшін біз мынадай
үсыныстар мен есепке алынар талаптарды алға тартамыз:
1. Дене мəдениеті бүрыштарын ұйымдастыруға, қабəрға
газеттерін шығаруға, фотокөрмелер, плакаттар мен жедел
парақтар (молния) жасауға студенттерді көптеп тарту.
212
2.
Университеттік
газеттерде
жəне
басқа
баспа
орындарында, радио мен телевизияда дене мəдениеті мен спорт
мəселелерін көтеруге жқртты белсендірек қатыстыру.
3. Факультет жанынан дене мəдениеті мен спортты
насихаттау бюросын құру.
4. Бірінші курс студенттері үшін есепке алынатын талаптар
(2 семестр)
Университеттің көп тиражды газетіне, немесе басқа
баспасөз орындарына, ақпарат, не фотосурет дайындап бастыру,
радио телевизия арқылы сөйлеу (тандауы бойынша).
Сірə, журналистика факультетін бітірушілерге төмендегідей
арнаулы білім мен білгірлікті игеру қажет болар:
1. Ең бұқаралық спорт түрлері туралы жеткілікті хабардар
болу.
2. Спорттық терминдердің біршамасын білу
3. Спорт жарыстары мен мерекелерінен репортаждар
дайындап, жүргізу.
Бəрімізге мəлім, бір оқиғаны терен түсіну үшін, соны іштен
біліп шығуың керек. Дене мəдениеті саласына келетің болсақ,
спорт бір түрімен, шүғылданып, немесе дене жаттығулармен
үнемі айналасып, солардың ағзаға, жұмысқабілетіне тиетін
əсерің өзін сезінбей, сол туралы дурыс пікір туындамайды. Сол
туындаған пікірлерді мамандардың ғылыми дəлелденген
мəліметтермен салыстыру қажет.
Жоғарыда игеруге қажетті білімдерді қалыптастыруға
қазіргі танда Қазақстан республикасында əдебиетке сүйену
қажет деп ойлаймыз:
1.ҚР президентінің өкімі « ҚР 2007-2011 жылдарға арналған
дене
тəрбиесі
мен
спортты
дамытудағы
мемлекеттік
бағдарламасы» - ҚР үкіметінің қаулысы . - № 280 30
желтоқсаннан 2006ж.
2. Куаныш Т.Ш. Дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесі
/Болашақ дене тəрбиесі мүғалімдерің кəсіптік бағытта дайындау
мəселелеріне арналған оқу қуралы. - Алматы: Республикалық
баспа кабинеті, 1996. - 185 б.
3. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене мəдениеті жəне
спортттың ілімі мен əдістемесі//Оқу қуралы /2- басылым.
213
Өнделіп толықтырылған. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ, 2009. – 260 б.
4. Иванов Г.Д., Караков А. Дене тəрбиесі /Оқу қуралы. –
Алматы: Санат жəне Мирас, 1995. – 173 б.
5. Толковый
словарь спортивных терминов: Около
7400 терминов /Сост: Ф.П.Суслов, С.М.Вайцеховский. –
М.:Физкультура и спорт, 1993. – 352с.
6.
Спорттық
терминдердің
энциклопедиялық
сөздігі
//А.Құсаиновтың жалпы ред. – Алматы, Рауан, 1995. – 220 б.
7. Қаражанов Б.Қ., Аманбаев Р.Р., Калдыбаев М.К. Дене
тəрбиелеу мəдениеті жəне спорт ілімі мен методикасының
түсініктері. – Алматы, 1992. – 45 б.
8. Иванов Г.Д., А.К.Кұлназаров. Студенттердің дене
тəрбиесі//Оқулық. – Астана, 2008. – 220 б.
Болашақ жоғары білікті заңгерлерді, тексерушілерді жəне
ішкі істер министрлігінің органдарының басқа қызметкерлерін
даярлауда кəсіптік-қолданбалы дене тəрбиесі жайындағы
мəселелеріне аса көңіл бөлу керек. Оны, мамандарға жан-жақты
жəне арнаулы дене тəрбиесі дайындығы, қолданбалы машықтар
мен қабілеті жөніндегі жоғары талаптар қоятын, оларды кəсіби
қызметінің ерекше жағдайлары қажет етеді.
Жеңіл өнеркəсіп инженерлері мен технологтардың еңбек
жағдайының ерекшеліктері мыналар:
1. Ұзақ уақыт қозғалыста болуы – конвейерлерді аралау.
2. Есту органдарын бұзатын, машиналардан ауасы
ластанатын үй жайда болуы.
3. Технологтардың ақаудың себебін тауып, оны жөндеуіне,
жаңа үлгілер жасап, өндіріске жіберуіне, күрделі өндіріс
жағдайын тез бағдарлауына байланысты миға салмақтың көп
түсуі.
Сондықтан да болашақ инженер-технологқа жоғары оқу
орнында өткізген барлық жылдарында өзін осы кəсіпке
дайындап, орталық нерв жұйесі мен жүрек-қан тамырлары
жұйесінің жақсы жағдайын қамтамасыз ететін дене тəрбиесі
жаттығуларымен айналысу керек.
Жеңіл өнеркəсіптің инженер-технологы күніне 1 сағаттық
үзілісті қоспағанда, 8 сағат жұмыс жасайды. Осы барлық жұмыс
214
уақытында ол үнемі қозғалыста болады, немесе, еңкейіп жұмыс
жасайды. Сол көп жыл бойы жоғары жұмыс қабілетін сақтау
үшін студенттік өмірде:
1. Жалпы төзімділікті,
2. іске ықыласты,
3. жан-жақты дене тəрбиесі дайындығын,
4. қозғалыс əрекеті мен машықтарын дене тəрбиесі арқылы
қалыптас тыруды жетілдіру аса қажет.
Оператор-диспетчерлік кəсіптің шарттары мен сипаты:
1. Операторлар мен диспечерлердің өндірісті қызметі аз
қимылдау
жағдайында,
көбіне,
отырған
күйде
жүзеге
асырылады, мұның өзі денсаулық жағдайына жəне дене тəрбиесі
дайындығына кері əсерін тигізеді.
2. Еңбек сипаты – сезімталдығы мен нервісінің ширығуы
қатар жүретін ойлау қызметі.
3. Осы кəсіп өкілдерінің түрлі дəрежеде көру қəбілеті
нашарлайды, ағзаларының жүрек-қан тамырлары жəне тыныс
жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері төмендейді. Осыған
орай кəсіби аурулар деп артрит жəне кұян (радикулит), суықтан
болатын дерттерді айтады.
4. Олардың денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеті сұрақ-
жауап бойынша негізінен аз мөлшерде қанағаттанарлық деп
бағаланып жүр.
5. Ағзаның жалпы қажуының белгілі болатын кезі,
диспечерлердің айтуы бойынша, 3-4 сағаттық жұмыстан кейін
болса керек, ал жұмыс аяғына қарай, əсіресе,, түнгі кезекте
тұрғанда одн асып түседі екен.
6. Олардың жұмыс қабілеті мен іске ынтасы төмендейді,
əсіресе, студент кезінде кім аз ауырпалық тартса, жəне қазіргі
кезде дене тəрбиесімен жеткіліксіз айналысса, типті, онымен
айналыспаса, айтарлықтай көп деңгейде төмен болады екен.
7. Жұмыс кезінде қолайлы, əсіресе, эспандерді, резеңке
серіппелерді, батпандарды, шынтақ динамометрлерін жəне
басқаларын қолдану арқылы жаттығулар жасау қажет.
8. Өнімді жұмыс үшін қажетті ең басты тұлғалық қасиет –
төзімділік.
9. Жұмыс кезегін ауыстыру кезінде оларда жұмыс жасау
қалпын өзгерту ниеті пайда болады екен.
215
10. Жұмыс кезегі уақытында көбіне-көп, ми, мойын бұлшық
еттері, арқа, қол мен иықтар екен.
11.
Жол
диспетчерлерінің
дене
мүшелерінің
қалыптастырғыш жəне сауықтырғыштық тəсілдерін қолдануды
білмеу мен дағдыланбағандығы.
12. Жол диспечерлері ағзаларын жүйке- психологиялық
ширығу мен тым қатты ширығуға ұшырататын өндірістік
қызметтің бірқалыптылығы жəне күрделілігі.
13. Суық тиіп ауыру жағдайларының болуы (өтпелі жел,
температураның өзгермелілігі)
14. Көптеген диспетчерлер шылым шегеді, мұның өзі
олардың денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілетің төмендетуге
əсерін тигізеді.
Қазіргі кезде адам ағзасына жоғары психифизиологиялық
талаптар қоятың тұрмыстағы жəне өндірістегі жеткіліксіз қимыл
əрекеттері
(гиподинамия)
оператор-адамның
сенімділігі
проблемелардың көбірек алға тартып отыр. Сондықтан да
«сенімділігін айқындау барысында оператордың күткен резевтер
есебі», біздінше, аса қажет сияқты. Оның, əсіресе, операторлық
кəсіпке сəйкес келетіндігінің айрықша мəні барын баса
айтқымыз келеді. Өйткені, оның негізгі қиындығы: олар үшін,
əдетте, үқсатушы аппараттың көлемін бір мезгілде арттыра
білуінде, кездейсоқ құбылыстың тап болуына орай, тікелей осы
жағдайға байланысты шұғыл шешім тандай білуінде, ал жалпы
тұтас алғанда осындай қиын сəттерде жедел қимылдап əрекет
жасай білу шеберлігінде, т.б. Диспетчерге шындалған шеберлік
қана емес, сонымен бірге қимыл-əрекет қозғалысын ұйлестіріп
отыру, ойлау, реакция мен қозғалыс əрекетінің шапшандығы
керек. Сонымен бірге қозғалыс-тірек жұйесінің, қолдардың, иық
белдеуінің, жота мен іш құрылысы бұлшық еттерінің əрекет ету
қабілетін қолдап жəне дамытып отыру қажет. Бір сөзбен
айтқанда, жұмысқа қабілеті диспечер ол - жоғары дамыған,
функционалдық
жəне
психофизиологиялық
жағынан
дайындалған адам, шаршауға, суық тиіп ауыруға жəне
денсаулыққа сезімдік-нервілік ауырпалықтын, тым қатты
ширығудың кажетсіз əсеріне жол бермей, қарсы түра алатын
қабілеті бар азамат. Диспечердің қызметі курделі де,
психологиялық
жағынан
қызық
жұмыс.
Пойыздар
216
жылдамдығыныңартуы мен қатынас жийілігінің көбею осы сала
қызметкерлерінің жүйесі мен ми қабаттарының анағұрлым
ширығуына əкеп соқтырады, өйткені, ол мол ақпаратты
қабылдап жəне ұқсатымен, көптеген командалар берумен жəне
ес-тұстың
өскелен
көлемі
жəне
жеделдікпен
тікелей
байланысты.
2. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың,
юристердің жəне женіл өнеркəсіп инженерлері мен
технологтардың кəсіби-қолданбалы дене дайындығының
ерекшеліктері
Алға қойған міндеттерді шешу үшін, ен алдымен,
заңгерлерге аса қажет тұлғалық қасиеттер мен қолданбалы
машықтарды айқындау жəне дене тəрбиесі жаттығуларының
барлық түріндегі (сабақта, спорттық жаттығуда, таңертенгі
гимнастикада жəне дене тəрбиесі үзілісінде, бүқаралық
спорттық жəне сауықтыру шараларында) олардың көлемін
арттыру керек. Мұндай жағдайда университеттегі барлық оқу
жылы бойында факультативтік жəне сабақтан тыс жаттығу
түрлерін өткізген дұрыс.
Аса қажет тұлғалық қасиеттер, қозғалыс машықтары,
оларды қалыптастыру жолы мен тəсілдері келесі (кесте 15)
Женіл өнеркəсіптің болашақ инженер-технологтар үшін
дене тəрбиесінің барынша лайықты да ықпалды тəсілдері
таңертенгі гигиеналық жəне өндірістік гимнастика болып
табылады.
Тəнертеңгі
гимнастика,
көбінесе,
қарапайым
жаттығулардан
тұрадыжəне
қандай
да
бір
арнаулы
жабдықтарсыз өткізіле береді. Он ың жиынтығына негізінен
ағзада зат алмасуды жақсартуға ықпал ететін, бұлшық еттер
тобының көп мөлшерін қамтитын: жай жүріс, қолды əрлі-берлі
сермеп тез жүру, 3 тен 10 минөтке дейін жүгіру сияқты
жаттығулар; сондай-ақ, буын қозғалыстарын арттыратын,
мүсінді жақсартатын жаттығулар; бой жазатын, ептілік, отырып
тұру, кеудені жан-жаққа алға, артқа, бүйірге ию жаттығулары
енген. Қолды бүгу, жазу. Қол-аяқты сермеп жаттығулар.
217
Кесте 15 – Заңгерлерге қажетті тұлғалық қасиеттер, қозғалыс
машықтары, оларды қалыптастыру жолы мен тəсілдері
№
п/п
Тұлғалық қасиеттер,
машықтар
Негізгі тəсілдері
1
Қолдың күші
Салмақ түсіру жаттығулары,
өз салмағын билеу, күрес,
гимнастикалық жаттығулар
2
Шыдамдылық
Жүрдек
жүріс
(ходьба),
жүгіру,
шанғы,
спорт
ойындары, суда жүзу
3
Жылдамдық
Зейінді
жаттықтыру,
жылдамдық-күш
жаттығулары (ұшқыр жүгіріс,
секіру,
снаряд
лақтыру),
спорт ойындары, күрес
4
Ұйлесімдік
Акробатика,
гимнастика,
серіппеде секіру
5
Мотоцикл не
автомобиль жүргізе
білу
Автомотоспорт
6
Мылтық ата білу
Стенд
ату
жəне
шағын
ұнғылы қарулардан ату
7
Өзін-өзі қорғау
машықтары
Күрестің
барлық
түрлері
жəне əсіресе, спорттық самбо
əдістері
Үдемелі жүгіріс. Маңызды кəсіби қасиеттер (аяқты, арқаны)
қалыптастыру мен жетілдіру жаттығулары (баяу жүгіріс, жай
жүріс, тыныс жаттығулары).
Женіл өнеркəсіп инженерлері мен технологтардың дене
мəдениетінің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға
болады:
1. Жол диспечерлері ағзасының негізгі жұйелерінің
функционалдық мүмкіндіктерін арттыру.
2. Жалпы дене тəрбиесі дайындығының қажетті деңгейін
қамтамасыз етіп жəне қолдап отыру.
218
3. Ағзаны шынықтыру.
4.
Жалпы
жəне
арнаулы
тұлғалық
қасиеттерді:
шыдамдылықты, қимылды үйлестіру, бұлшық еттер тобының
күшін, жылдаидықты жəне тағы басқаларын дамытып,
жетілдіріп тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |