ДЖҚ – дене жүктемесінің қарқыны
ЖСЖ - жүрек соғуы жиілігі
ЖЖЖ- жоғарғы жүйке жүйесі
СӨС- салауатты өмір салты
ТҚ- тұқымқуалаушылық
ТӘ- тамақтану әдебі
АҚШ- Америка құрама штаттары
ДСҰ-денсаулық сақтау ұйымы
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз 2021 жылғы 1-ші қыркүйектегі жолдауында бұқаралық спортпен шұғылданушыларға барлық жағдайлар жасалуы керек, сонымен бірге балалар мен жасөспірімдерге спортты насихаттау жолында арнайы инфрақұрылымдар салынып, негізгі атқарылатын мәселелер қатарына қойылу керек делінген.
Сонымен бірге еліміздің спорт және мәдениет министрлігі атқарушы орындарымен 2021 жылы спорттық инфрақұрылымдар салу және жаңарту арқылы білім беру орындарындарын модернизациялау іс-жоспары алдыға қойылды.
Жалпы бұл мәлімдемеге дейін де, 2020 жылдың желтоқсан айының 30-ында бұқаралық спорт түрлерін дамыту жоспарына сәйкес « Дене шынықтыру және спорт, мәдениет сұрақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер енгізу» туралы заңы қабылданған болатын.
Сонымен бірге 2021 жылдың қаңтар айының 1-інде Елбасының тапсырмасымен бала-бақша, мектеп және колледжде дене шынықтыру сабақтарын жүргізетін оқытушыларға айлық жалақысына мектептердегі спорттық секцияларды ұйымдастырып, жүргізгені үшін үстемақы қосылсын деп қаулы қабылдаған болатын. Бұл мәселе бұқаралық спорт түрлерін ұйымдастыру және жүргізу барысында дене шынықтыру мамандарының үлесі мен еңбегінің зор екенін көрсетіп, үлкен мотивация және, халық денсаулығын жақсартудағы негізгі алғы шарттардың бірі болып отыр.Осы қаулыға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласы маманадарының жалақысы 2023 жылға дейін жиырма бес пайыздық мөлшерлемеде жоғарылап отыратыны тұралы да айтылған[1 ].
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрілігіне қарасты дене шынықтыру және спорт комитеті бұқарылық спорт түрлерін дамыту және басқару жетекшілері мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша 6 534 919 адам спортпен шұғылданады екен, бұл пайыздық көрсеткіштер бойынша 34,28%-ді құрайды, осылардың ішіндегі 2 048 284 адам ауылдық елді мекендердегі бұқаралық спорт түрлеріне назар аударып, үлес қосып жүргендер санатында екен. Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай, қалалық жерлерде ғана емес, ауылдық өңірлерде де бұқаралық спорт түрлерін жандандыру алдыңғы мақсаттардың бірі болып отыр.
Сонымен бірге спорт қазіргі кезеңде «Қол жетімді спорт» бағдарламасына сәйкес үлкен жұмыстар орын алуда. Бұл бағдарламаның бастау алған негізі қала текстес облыс орталықтарында бұқаралық спорт түрлерінің даму қарқыны жоғары болмақ. Тағы бір мәселе бұқаралық спорттың даму ерекшеліктері еліміздің басқа да аймақтарында йога жаттығулары, фитнес түрлері, скандинавиялық жүру, жүгіру, үстел теннисі, шаңғымен және конькимен көпшілік сырғанау туралы бағдарламалар қарқынды даму үстінде[2 ].
Бұқаралық спортты дамыту жолындағы атқарылатын іс-шараларды жүргізу мен ұйымдастырудағы басты мәселе мен міндеттердің бірі, қалың бұқараның денсаулығын жақсарту жолында салауатты өмір салтын қалыптастыру да болып табылатынын жоғарыда айттық. Аталған мәселені қолға алу барысында қалың көпшілікке дене шынықтыру жаттығуларын маусымдық кезеңдерге яғни қыс және жазғы жаттығу түрлеріне қарай бөліп жасауда үлкен маңыз бар екенін , оны орындау үшін қадағалаушы орындар мен дене жаттығулары мамандары назарда ұстау керек.
Елімізде бұқаралық спорттың қолға алынғанына көп уақыт болмағанымен әлемдік деңгейдегі тәжірибелерді қолдана отырып, арнайы бағдарламалар негізінде спорттық ойындар бойынша аула ішілік лигалар, ауладағы спорттық құрал-жабдықтардың жас ерекшеліктері мен орындау техникаларына байланысты әмбебаптығы үлкен рөл атқаруда[3].
Осы жобалар негізінде еліміздің бас қаласында 318-ге жуық футбол алаңдары, 23 стритворкут және 40-қа жуық арнайы баскетбол алаңдары ашылды.
Әлемдегі короновирустық пандемияға қатысты жайларға орай халықтың қозғалыс белсенділігінің күрт төмендеуінен де денсаулық күйінің нашарлағаны бәрімізге мәлім, сол жағдайларда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарламалардың оң әсері болғанына көпшілік куә.
Осы және бұдан басқа мәселелерді қарастыра келе, бұқаралық спорттың халық денсаулығын жақсартуда үлкен бір керемет бастама екенін белгілі. Дегенмен де болашақ ұрпақ-ұлт келешегі екенін ескерсек, мағыналы ғұмыр кешу үшін деннің саулығы бірінші орында болуы керек.
Осы мәселелердің өзектілігін қарастыра отырып бұқаралық спортты мектеп оқушыларына, сабақ барысында және жалпы маңыздылығын ұғындыру да үлкен іс екеніне наза аударып тақырыбымызды нағыз тәрбиелеуге маңызды жас болып табылатын орта сыныптарды негізге ала отырып, орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудың жолдарын қарастырып, ғылыми негіздеме жасауды мақсат етіп алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |