Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ спорт және туризм академиясы


Бұқаралық спорттағы қозғалымалы ойындардың педагогикалық міндеттері



бет8/17
Дата06.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#195434
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
ок вар. Т.Мұратбаева.Орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудың негіздері
ҚМЖ 4 сынып “Сенің өлкеңде қандай жануарлар бар?”, Тайлан Мурхамбетов, ТФП - 030 Тайлан
1.3 Бұқаралық спорттағы қозғалымалы ойындардың педагогикалық міндеттері
Қозғалмалы ойын түрлері өте ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданатыны туралы жоғарыда айтқан болатынбыз. Өйткені ойындар – балалардың іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірден бір құрал болып табылады.
Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік елестетумен мотивациядан туындайтын белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипаттардың бірі болып таыблады[30,31]. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен шектелуі де әбден мүмкін.
Педагогикалық тәжірибеде ұжымдық және жекелей қозғалмалы қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
Ал ұжымдық қозғалмалы ойындар дегеніміз-бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойын түрлері.
Жеке қозғалмалы ойындарды әдетте орта сынып жасындағы балаларға физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өзіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады. Бір ерекшелігі жеке ойындардың көпшілігі, әртүрлілілігі балалардың қиялының шарықтауына, ойлау қабілеттерінің жоғарылауына көп әсерін тигізеді[32,33].
Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.
Ойын тәртібі және ережелері бойынша ойыншылар әрекеті мақсаты айқын, ойын барысындағы соқтығысулардың (конфликт) болмауын қадағалауды қамтамсыз етеді.
Қозғалмалы ойындардың дене шынықтыру сабақтарында жүргізілуінің ерекшеліктері балалардың қимыл қозғалыс белсенділігінің жақсаруына және дене қасиетерінің қалыптасуына тікелей әсерінен болса, екінші жағынан арнайы ережелерге бағына отырып, ұстамдылық секілді жеке темпераменттің де қалыптасуына әсерін тигізеді. Дегенменде қозғалмалы ойындар үнемі жаттықтырушы немесе дене шынықтыру пәні нұсқаушысы бақылауында болуы шарт. Өйткені жарыстық ойындар, сабақ барысында балалардың ойын қызығына түсіп кей уақыттарда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, өзара қақтығысып қалулары және қауіпсіздік ережелерін де сақтамауы әбден мүмкін[34,35].
Ереже - ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың орналасуын негіздейді, ойыншылардың міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың шығармашылық белсенділігі мен пікірлерінің көрінуіне шектеу жасамайды.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі- шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады[36,37].
Қозғалмалы ойындарға педагогикалық тұрғыдан сипаттама беретін болсақ, қозғалмалы ойындарды ұйымдастырудың екі түрі қарастырылған . Оларды: белгіленген және белгіленбеген деп ажыратамыз. Жалпы педагогикалық тұрғыдан қозғалмалы ойындардың басқарылуына сабақтың реттілігін, уақытқа сай аяқтауы мен басталуын, сабақтың мазмұнын, арнайы білім беру әдістемесіне сәйкес орындалуын, белгілі бір ережелерге бағынуын және ойындағы балалардың белсенділігне сәйкес бағалау формалары қатысты.Бұл белгіленген формаға байланысты[38,39].
Педагогикалық тұрғыдан қозғалмалы ойындардың белгіленбеген формасына ойыншылардың алмасуы, өзара топ басшысын таңдауы, ситуациялық жағдайдың туындауы, ойының материалдық және құралдық тұрғыдан түрленуін қарастырады[40,41].
Қозғалмалы ойындар жүргізілу тәртібі күн тәртібіне, сабақтың жүйесі мен жоспарына , демалыс тәртібіне де байланысты.
Оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі қозғалмалы ойындарға жіберілетін уақыт оқушылар оқитын сынып, жас деңгейлеріне, оқытудың жылдық күн тәртібіне және басқада әрекеттермен демелудың түрлеріне тәуелді.
Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие, олар: 1) сауықтандыру; 2) білім беру; 3) тәрбиелік.
Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады[42,43].
Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет. Ойындары бар жүелі өткізілетін сабақтар кезінде интенсивті жүктемелерге ағзаның үнемі оларға үйрене беруі үшін жол беруге болады. Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды.
Белсенді, энергетикалық, көп қайталама қозғалыс әрекеттері бар, бірақатар ұзақ бір жақты күш қуаттылықпен (әсіресе статистикалық) байланысты емес ойындар балалар мен жасөспірімдер ағзасына оң әсер етеді. Міне, сондықтан да ойындарда шамадан тыс бұлшық ет қуаттылығы және тыныс алудың созылмалы кідірістері болмауы қажет.
Сауықтандыру қатынысында қозғалмалы ойындарды таза ауада жыл бойы өткізу айрықша құнды: айналысушылар шыныққан бола түспек, ағзаға келіп түсетін оттегі көлемі көбейеді [44,45].
Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн топтарындағы сабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде өте қолайлы.
Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.
Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері. Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру, жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді[46,47].
Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.
Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері. Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар[48,49].
Ойындағы үнемі өзгеруші күш-жай, қатысушылардың бір қозғалыстан екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытуға әсер етеді.
Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыстың белсенділігі және қуаты қозғалыстардың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді.
Қозғалыс бағыттары жиі ауысумен байланысты ойындарда иілгіштікті жетілдіру жүзеге асады [50,51].
Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып, кез-келген тәсілдерді көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Ойынға деген қызығушылықты тудырып отыру үшін ойын мақсатына қол жеткізудегі жол үлкен мәнге ие – ойынмен қанағаттану үшін, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жеңіп шығуы тиіс кедергілер қиындықтарының деңгейі мен сипаты.
Ұжымдық қозғалмалы ойындардың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді[52,53]. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.
Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс[54,55].
Қозғалмалы ойын ұжымдық сипатқа ие. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Бұл үшін өте қысқа мерзім ішінде қоршаған орта жағдайын бағалап, дұрыс әрекетті таңдап алып және оны орындау қажет. Осылайша қозғалмалы ойындар өзіндік тануға жол ашады.
Осыған қоса, ойыны бар сабақтар координацияланған, үнемді және келісімді қозғалыстарды шығарады; ойыншылар жұмыстың қажетті темпі мен ырғағына тез кіру іскерлігін меңгереді, өмірде өте маңызды қажетті күш салу мен тұрақтылық көрсете отырып әртүрлі қозғалыс тапсырмаларын тез әрі епті орындайды[56,57].
Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплексте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалмалы ойын балалар мен жасөспірімдердін жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.
1996 жылдан «Спорт барлығы үшін» терминімен еуропа елдерінде бұқаралық спорт компаниясы қолданыла бастады. Алайда, бұл термин барлық мемлекеттерде пайдаланылмады. Мысалы, Голландия және Жапонияда лайықты бағдарламалар «Көпшілік спортты дамыту» деп аталады, ал Германияда - «Спорт түрлерін дамыту» Америка құрама штаттарында - "Physical fitness and sport". Айрықша көңілді скандинавия мемлекеттерінің тәжірибесі сенімін ақтайды[58,59]. Швеция және Норвегия, айталық, "спорт барлығы үшін" деген компанияны алғашқылардың бірі болып бастады, бірақ өзінің атауы бойынша. Швецияда 1990 жылы осы қозғалысты насихаттай бастады, ал«Көпшілік спортты дамыту»деген бағдарлама тек 1985 деген қабылданған еді. Екі жылдан кейін Норвегияда «Спорт түрлерін дамыту» деген бағдарлама жүзеге аса бастады[60].
Спорт бағдарламаларының сарапатамалары осы елдерде жұмыс жүргізудің келесі бағыттарын ерекшелеуге мүмкіндік береді:
- оқушылардың дене тәрбиесі бойынша бағдарламалары (АҚШ, Германия);
- жүрек қан-тамырлар жүйенің қызметінің жақсарту бойынша бағдарламасы (Ұлыбритания,Жапония);
- "спорт барлығы үшін" (европа елдері);
- анаэробты гимнастика бойынша бағдарламалар, яғни жалпыға бірдей қабылданған жаттығу, йога және дзен, халық биі, акробатика және диско, классикалық балет және т.б.;
- халықтың қатысуымен дене шынықтыру сауықтыру іс-шаралары бойынша бағдарлама.
"Спорт барлығы үшін" халықаралық олимпиадалық қозғалыстың бөлімшесі ретінде халықаралық олимпиадалық комитетпен мойындалды. 1989 жылдың маусымында Торонтода жиналған әртүрлі мемлекеттердің ғалымдары "спорт барлығы үшін" қозғалысының халықаралық конференциясында оны көпфункционалды мінезі бар деп мойындады [61].
Өткен бүкіләлемдік басқосу осы декларацияның ұсыныстарының ықпалдылығын әлемдік деңгейде бағалауға мүмкіндік берді. Әр түрлі үкіметтік емес ұйымдардан алынған материалдарға сүйеніп, К. Нагdmіаn жеке мемлекеттердің білім беру құқығында жазылған нормативтік талаптарды ескере отырып, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы дене тәрбиесі сабақтарының көлемі бойынша деректер келтіреді. Бұдан әлемдегі мемлекеттердің 92% дене тәрбиесін міндетті пән ретінде оқытып, оны өткізуге әр окушыға аптасына 35-тен 275 мин дейін бөледі екен. Мектептегі дене тәрбиесі және спорт сабақтарына арналған материалдық базасына баға берілді, сонымен бірге ғимараттар мен жабдықтарға қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі анықталды[62,63].
Орталық, Шығыс және Батыс Европа мемлекеттеріндегі дене тәрбиесі сабағының көлемі (аптасына 5 сағат) назар аударуға тұрарлық, сондай-ақ Батыс Европа елдеріндегі мектептегі дене тәрбиесі және спорт сабақтарына арналған тамаша материалдық база қызығарлық-ақ.
Біздің мемлекеттегі саясаттың Европалық Одаққа бейімделуі қазіргі кезде ақиқатқа айналуда. Европалық стандартқа бейімделу процесінде европалық одақтастық елдерінің дене тәрбиесі қызметін ұйымдастыру тәжірибесін ескере отырып, медени, қоғамдық және экономикалык ерекшеліктеріне түзетулер енгізу керек.
Көптеген авторлардың пікірлері бойынша, мектептегі дене тәрбиесі мен спорт ауқымды дағдарыс жағдайында. Басты дәлел ретінде мектептегі спорттың мектептен тыс уақыттағы немесе бұкаралык ақпарат құралдарында көрсетілетін спортқа қарағанда аз тартымдылығын келтіреді. Мектептегі сабақтарда спорттың қай түрімен айналысу керектігін оқушы емес, мұғалім шешеді. Өкінішке орай, бұл жағдайда спорттың қызықтыратын түрімен айналыса алмаған кейбір оқушылар спорт сабақтарына қатысқысы келмейді, жалықтырады деп есептейді [64,65].
Мұндай жағдайда мектептегі спорт оқушылар арасында беделге ие болу үшін не істеу керек? В.J Crum пікірі бойынша, оларды жүзеге асыру бағдарламаларына да, әдістеріне де талдау жасау керек, оқушылардың барлық келешек өміріндегі козғалыс мәдениеті тұрғысынан оларды даярлау жағдайына жауапкершілікті дамыту пайдасына дидактикалық өзектілікті қабыл алмау қажет. Егер оқушылар спорттың басты қағидаларын негізге алатын болса және мұны ұғынса, онда олар:

  • өз әрекеттерін өзгерген жағдайға қарай бейімдей алады; олардың дене бітімі жағдайын, денсаулықтарын жақсартуға бағытталған сабақтарды ұйымдастырып, бағалай алады.

- өзінде спортпен айналысуға шығармашылак ыңғай калыптастырады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін спорттык ақпараттарға сын көзбен қарай алады.
Оқушылардың мұндай қасиеттерін көрсетуге талпынуы мектептегі спорт ұйымдастырушыларынан төмендегілерді талап етуіне сәйкес болуы керек:
1. Дәстүрлі спорт түрлері ғана емес, рекреациялық (көңіл көтеретін), сондай-ақ «тәуекел» және жалпы дене бітімін жетілдіруге бағытталған спорт түрлері бойынша кең көлемді және жан-жақты ұсыныстарды өткізу.
2. Жергілікті спорт қоғамдарын (клубтар,би мектептері, спорттық үлгідегі орталық) мектепте сабақ жүргізуге тарту.
3. Дене тәрбиесі және спорт пәні мұғалімдерінің бүгінгі күннің талаптары мен келешектегі қажеттіліктердің тепе-теңдігін табу.
4. Педагогикалық өзектіліктің «қармағына» түсіп қалмауға тырыса отырып, яғни біріншіден, оқушылардың ырқымен кете бермеу, екіншіден, оларға өзіңнің жас кезіңде айналысқан спорт түрін таңдауға ұсыну.
5. Оқушыларды өз бетімен және жауапкершілікпен мектептегі түрлі спорт шараларын жоспарлау және ұйымдастыруға тәрбиелеу.
6. Оқушыларға айналысатын спорт түрлерін ерікті түрде таңдауға мүмкіндік беру.
7. Әр түрлі спорт шараларын ұйымдастыруда нәтиже үшін ғана емес, спорт мерекелерін, фестивальдарды, қойылымдарды, конкурстарды тартымды өткізуге қол жеткізу.
8. Спорт шараларын жоспарлау мен өткізу барысында жыл мезгілдерін, ауа-райын, табиғи жағдайларды ескеру.
9. Экономикалык факторларды ескере отырып, әлеуметтік жағдайына қарамай спорт шараларына қатысқысы келген барлық оқушыларды тарту.
Европалық Одақ елдерінде мектептегі спорттық тәрбиенің көптеген үлгілері, құрылымдары, бағдарламалары бар. Европалык Одақ елдерінің көпшілігінде түрлі шараларды, бағдарламаларды ұйымдастыру мектептердің жеке иелігінде. Мектептердегі спорт сабақтары көптеген спорт қоғамдары мен демеушілердің бірлесе әрекет етуі арқылы жүзеге асады, аймақтық басқармалар мектептерге қаражат жағынан көмектеседі. Бірлесе атқарған іс-шаралардың көрсеткіштерін мектеп біріншілігінің нәтижесінен керуге болады[66].
Мектептегі спорттың ең орталықтандырылған жүйесі Францияда жақсы жолға қойылған. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері аптасына 20 сағат жұмыс жасайды, оның 3 сағаты сәрсенбі күні түстен кейін бүкіл Францияда бір уақытта баршаға арналған спортпен айналысуға бөлінген. Гимназия, лицейдегі спорт жұмыстарын УНСС (мемлекеттік мектептік спорт одағы) ұйымдастырады, бұл ұйымды халыққа білім беру министрі басқарады. Министр осы одақтағы директорларды және одақ кеңесін басқарушылардың жартысын тағайындайды, келесі жартысын көп сатылы сайлау жүйесі арқылы департаменттер мен облыстық съездер сайлайды. Одақ жыл сайын білім беру министрінің тапсырмаларын орындайды. Әр мектеп оқушылар үшін түрлі спорт сабақтарын факультативтер ұйымдастыруға міндетті. Сонымен қатар спортқа икемі бар дарынды жастарды арнайы жаттықтыру мемлекеттің басты міндеті деп есептеледі. Мұндай дайындықтар гимназия және лицейлер деңгейінде жүргізіледі. Бастапқы кезеңде оқушылар қалалық және облыстық іріктеулерден өтеді. Балаларға және жастарға арналған спорт сабақтары мен жаттығулар арнайы спорт лагерлерінде жүргізіледі. Бұл мекемелердің басты міндеті - оқу процесін және спорттық жаттығуларды үйлестіру, жас спортшыларды қамқорлыққа алу және оқытудың барлық сатысында оларға кемек көрсету. Спорт секцияларына бала қабылдау, жаттығулардың жүргізілуіне бақылау жасау мектеп әкімшілігінің және аймақтық спорт федерацияларының құзырында. Мектептерде интернаттар ұйымдастырылмайды [67]. Спортшыларды дайындауда және оларды іріктеуде 2008 -2009 оқу жылында 30 академияда (біздегі аймақтық бөлімдерге сәйкес) 35618 оқушы қамтылды. Оқушылардың әр академиялардағы сандары әр түрлі (Орлеан академиясында 3586 оқушы болса, Корсадағы Тур академиясында 377 оқушы).Секциялардағы спорттық бағдарламаларды спорт федерациясы қаржыландырады. Қосымша каржы жергілікті ұйымдардан және ата-аналардан түседі.
Тәрбие спортының негізгі құрылымы жаттықтыру орталықтары деп аталатын орта оқу орындары болып табылады. Фраңцуздардың 55 спорттық-тәрбиелік федерациясы 256 сондай орталыктан тұрады (біздегі спорт мектептері тәріздес). Білім министрі бұл орталықтарда білімнің берілуін, спорт жөніндегі министр спорттық дайындықты бақылайды. Голландияда мемлекеттік спорттық дайындық жүйесі жұмыс істейді. 12 аймақтық мектеп мемлекеттік мектептегі спорттық білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Мектептегі спорттық даярлықтың құқықтық негізі білім министрінің қарамағында. Спорт сабақтарына барлық сағаттың 15 %-ы бөлінген және бұл сағаттар «артистік» даярлық деп аталады. Бұдан басқа барлық оқушылар үшін жеке даярлық жұмыс жоспары жасалады. Бұл мектептерге жаттықтырушыларды спорт одақтары бөледі. Жаттықтыру кезіндегі оқу жоспарлары және бағдарламалары білім министрлігінде және спорт одақтарында жасалады және бақылауға алынады.
Бельгияда 12-18 жас аралығындағы спортқа икемі бар жастарды мемлекеттік дайындық жүйесімен 9 спорт мектебі жаттықтырады, оқытады. Аптасына бөлінген 32 сағаттың 12-сі спорттық бағдарламаға арналған және үкімет аркылы қаржыландырылады (сабаққа бөлінген сағаттардың 1/3 спортқа арналған). Үкімет осы мәселелер бойынша спорт федерацияларымен келісім жасады. Білім беру және спорттық дайындықтарды 52 спорт мектептерінде спорт ойындарына, бадминтон, үстел теннисіне, тенниске, гольф, дзюдоға, тау шаңғысына, жеңіл атлетикаға, гимнастикаға, желкенді және ат спортына жаттықтырады. Швециядағы 8,5 млн халықтың 1,9 млн спортпен айналысады және ол халықтың спортпен айналысуы жөнінен Европада алдыңғы орындардың бірін алады. Швецияда спорт мектептерінің жүйесі өте көп: 31 спорт одағында 2,5 млн. астам оқушыларды біріктіретін 92 спорт мектебі бар. Спорттың бадминтон, жеңіл атлетика, гимнастика, желкенді спорт, фехтования, кайықта есу, жүзу, волейбол, велосипед спорты, гольф, тау шаңғысы және әскери-қолданбалы спорт сияқты түрлерінен спорт мектептерінің әрбір 4-6-шы оқушысы – құрама команданың мүшесі [68,69].
Қазіргі кезде дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі, спорт түрлері, көпшілік спорт жұмыстарын Қазақстан мемлекетінде ұйымдастыру тұрақты түрде жаңартуды қажет етеді. Сондықтан, біз өзіміздің бұл мақаламызда шет елдің Батыс Европа, Америка, Жапония мемлекеттеріндегі қала оқушыларының арасындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін, әдістемелерін зерттедік[70]. Ол үшін диссертацияларды, мақалаларды, әдебиеттерді оқып, іріктеп, зерттеп, талдадық. Осы алынған мәліметтер бойынша оқушылар арасында ұйымдастырылатын көпшілік спорт жұмыстарының түрлері мен әдістемелерінің тиімдісін, қолайлысын өзіміздің диссертациялық жұмысымыздағы, еліміздегі қала оқушыларының көпшілік спорт жұмыстарын дамытуда, жетілдіруде қолданбақпыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет