Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ спорт және туризм академиясы



бет10/17
Дата06.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#195434
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
ок вар. Т.Мұратбаева.Орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудың негіздері

Сұрақ

Жауаптары


Орта мектеп жасы қай кезеңдерге сәйкес келеді?

10,11-15,16 жас аралығы

10,11-15,16 жас аралығы

Сіздің жауап


Бұқаралық спорт туралы білесіз бе?

Иә

жоқ

Естігенім бар


Бұқаралық спорттың денсаулыққа әсері туралы білесіз бе?

Иә, білемін



Жоқ, білмеймін



Естігенім бар




Жаяу жүру мен скандинавиялық жүрудің айырмашылығын білесіз бе ?

Скандинавиялық жүрудің жаяу жүруге қарағанда адам ағзасына оң әсері көп



Жаяу жүруге қарағанда скандинавиялық жүрудің адам ағзасына оң әсері көп



Көрсетілген жүру түрлерінің айырмашылықтары жоқ




Елбасының 2021 жылғы 1 –ші Қыркүйектегі жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту туралы ақпаратпен таныссыз ба?

Таныспын



Естігенім бар



Мүлдем таныс емеспін




«Қол жетімді спорт» бағдарламасымен таныссыз ба?

Таныс емеспін



Мүлдем хабарым жоқ



Бағдарлама бар екенін білемін


1-ші кесте жалғасы




«Ауладағы спорт» бағдарламасының тиімділігін көре алдыңыз ба?

Жоқ



Иә



Балаларға тиімді




Мектеп оқушылыарының бұқаралық спорт түрлеріне қызығушылығын артыру маңызды деп есептейсіз бе?

Иә, маңызды



Жоқ, Маңызды емес



Нақты жауап
бере алмаймын




Мектеп жасындағы балаларда спорт турал түсінік 13-16 жас аралығында қалыптасады деген сұраққа жауабыңыз?

Келісемін

Келіспеймін

Басқа жауап


Бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдану арқылы дене шынықтыру мен спорт саласына үлкен үлес қосады деп ойлайсыз ба?

Әрине, үлкен үлесі бар



Жоқ, мүлдем үлес қоспайды



10% көмегі бар деп айта аламын



3 ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ТАРТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Бұқаралық спортқа түрлерінің маңызы
Кез келген мемлекетте өз халқының денсаулығын алдын алу шарттары бірінші орында тұратын қағидатты заңнамалары бар. Дәл сол сияқты еліміздегі халықтың саулығы үкімет басындағы жанашыр басшылардың да назарынан тыс қалған емес. Оған дәлел халық денсаулығын сақтау және қандай да бір жарақат, ауру және эпидемиялық жайлардың алдын алу мақсатында назарға алынып, жаңартылып, түзетіліп жатқан заңнамалар бар. Осы мақсатта халықымыздың бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануна жасалынған жағдайлар, яғни спорттық құрылымдар, спорттық үйірмелер және әртүрлі бұқаралы спортты үндеуге негізделген жарыс, марафондар ұйымдастырылуда. Осыған орай, диссертациялық жұмыстың өзектілігін маңызға ала отырып, орындалған диссертациялық жұмысымыз бұқаралы спорт түрлерімен ағзаның даму кезеңдерінің бастапқы кезеңдері жүретін мектоеп оқушыларының ағзасына әсерін бағалай отырып, солардың назарын аудартудағы мақсатымызда алдыға қойған мемлекеттік мәселенің алғышарттары іспеттес.
Мәселені бұқаралық спорттан көтеруін көтергенімізбен, теориялық тұрғыдан ақпарат алынып, мәселелер толыққанды талқыланғанымен халық санына және ел аумағында орналасу деңгейіне байланысты шоғырлануына қарай еліміздегі аталған спорт түрлерін толыққанды дамыту үшін спорттық құрал-жабдықтар мен спорт алаңдары әлі де жеткіліксіз екені жасырын жағдай емес.
Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту бойынша жүргізілген іс-шаралар мен атқарылған тірліктердің статистикалық мәліметтері бойынша қарастыратын болсақ қазіргі уақытта тек бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданатын спортқұмар жандардың пайыздық көрсеткіші тек жиырма пайыз ғана екен. Бұл салыстырмалы көрсеткіштің нақытлай айтылуындағы басты себеп, әлемдік тәжірибеге сәйкес, бұқаралық спорттың тиімділігінің негізгі көрсеткіші ең аз дегенде халық санының отыз пайызын қамтыған уақытта халық денсаулығының жай-күйін бағдарлауға берілетін нақтылай нәтиже көрінеді екен.
Нақтылай статистикалық көрсеткіштердің мәліметтеріне келсек, білім беру ошақтары бойынша елімізде 11 облыстық деңгейдегі дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар бар екен, 15 жоғары жетістіктегі спорт мектептері, 17 олимпиадалық резервтегі дайындық орталықтары бар екен. Аталған спорттық орындарда дайындық жасап, спорттық нәтиже көрсетуге ұмтылып жүргендер саны 7211 спортшы болса оларды жаттықтырып, спорт түрлеріне баулитын 938 бапкер жүйелі жұмыс атқаруда екен.
Аталған бағытта, яғни бұқаралық спорт түрлеріне мектеп оқушыларының қызығушылыы арттыруда «Жас ұлан»жасөспірімдер ұйымы құрылған, осы ұйым құрамындағы жас жеткіншектердің саны 20 мыңнан асады екен. Бұл дегеніміз қазіргі уақыттағы санасын ғаламтор улайды-ау деп уайымға салынған ата-ананың үмітінің келешектегі балаларының жетістіктеріне деген қуанышы алмастырған үлкен жетістік екенін айқын.
Сонымен бірге біздің зерттеу жұмысымызға өзек болып отырған негізгі бағыт ол, барлық білім беру мекемелеріндегі бұқаралық спорт түрлерінің элементтерін ұстана отырып тәрбие жұмысын жақсартуға негізделген типтік кешенді жоспардың бар болуы.
Бұқаралық спорт түрлеріне бейімдеу барысында , болашақ ұрпақтың денсаулығы мен оның қандай да бір сырқатық күлерден ада болуын мақсат тұта отырып, орындалып жатқан іс-шаралар тек мектеп секілді орта білім ошақтарында ғана емес жоғары оқу орындарындағы Ұлттық студенттер кеңесі құрылып жұмыс жасаумен жоғары оқу орындарындағы спорт мәселелерінің шешімін таппаған сауалдарға назар аудартуда үлкен істер атқарып отырған жайы бар екенін бірі білсе, бірі білмес.
Сонымен бірге, парламенте білім және ғылым министрлігі енгізген заң жобаларына сәйкес еліміздегі бұқаралық спортты жариялау, жақсарту және халық денсаулығын бірқалыпты ұстау мақсатындағы бірқатар заңнамаларға өзгертулер мен жаңартулар жылм жыл енгізіліп отыраты бұқаралық спорттың болашағының зор екенін айқындай түседі.
Бұқаралық спорт түрлерінің денсаулыққа тиімділігін мектеп оқушыларының санасына сіңіруде жылма-жыл өткізіліп отыратын студенттік ойындар үлкен үлес қосуда. Мысал ретінде айта кетер болсақ, 2017 жылығы 28-ші универсиада әлемдік студенттік спорттық ойындар негізінде жүргізілген болатын. Бұл ел тарихындағы маңызы зор әрі масштабтық үлкен іс-шара болғаны көпшілікке мәлім.
Дегенмен де көптеген сүбелі істің қасында, кемшілікке толы тұстары болатынын да ескерер болсақ, еліміздегі облыс аймақтарының кейбір жерлерінде спорттық орындардың жоқтың қасы екені, бар спорттық қүрылғылардың жөндеу жұмыстарын ғана қажет етпей алмастыратын уақыт болғаны ескерткелі аз уақыт болмағанын айта кету керек.
Жалпы балалардың қозғалыс белсенділігін арттырудың бір жолы – мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру және спорттық іс-шараларға қызығушылығын арттыру.
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру сабағына қызығушылықтарының қалыптасуы мен дамуы балалар дамуының психологиялық-педагогикалық, анатомиялық және физиологиялық негіздеріне сүйене отырып жүзеге асырылуы керек.
Бірқатар педагогикалық шарттарды, сондай-ақ дұрыс таңдалған жұмыс формаларын қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруға деген қарым-қатынастарын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар өз бетінше орындалатын қозғалыс белсенділігін арттырады.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, дене шынықтыру және спорт мамандарының, педагогтардың, психологтардың еңбектерін талдай отырып, біз мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне қызығушылығын қалыптастыру мектеп жасына дейінгі балалар дамуының психофизикалық қасиеттерінің көрінісіне негізделген деген қорытындыға келдік.Ал, балалар дамуының психофизикалық қасиеттері дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау арқылы көрініс табады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау шығармашылық ойлауды ынталандырады, барынша қолайлы жағдай жасайды, шығармашылық даралығын көрсетеді, балалардың дене шынықтыруға және оның құндылықтарына қызығушылығын оятады, дене жаттығулары процесінде ынталандыру әдістерін меңгереді.
Жалпы халқымызда «Спорт -денсаулық кепілі» деген қанатты сөз бар. Осы қағидаға сүйене отырып қарасақ еліміздегі мектептердің тереңдетілген білім беру жүйесіне көшуі тиімді болғынмен ақыл-ой еңбегіне көп назар аударылып, дене белсенділігі, қимыл белсенділігінің маңызы ескерілмей денсаулыққа кері әсері тиіп жатқаны да жасырын емес. Келтірілген сандық мәліметтер негізінде көріп отырғанымыздай денсаулықты сақтау факторына мына мәселелер көп алынады екен.
Заманауи технологиялар, көтерілмелі саты, автомобильдер және электронды құрылғылар ересек адамдардың қозғалыс белсенділігін төмендетіп, олардың артық салмақ жинауына,психикалық, жүйке, зат алмасу бұзылыстарына, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуына себепкер. Ғылыми-техникалық процесс неғұрлым жылдам дамыған сайын, адамның денсаулығы оның дене белсенділігіне байланысты. Қазіргі заманда дене шынықтыру және салауатты өмір салты адам қызметінің бір түрі болып табылады. Дене тәрбиесі қоғам ішіндегі адами қарым-қатынасқа тікелей әсер етеді, адамды тұлға ретінде қалыптастырады. Олар тұлғаның жан-жақты және үйлесімді сапалық сипаттамаларын дамытуды жүзеге асырады. Дене тәрбиесінсіз қозғалыс белсенділігінің көлемін арттыру мәселесін толығымен шешу мүмкін емес. Бұл мәселе мен денсаулығына алаңдайтын жеке адамдар, халықаралық ұйымдар және жекеленген мемлекеттерде айналысады. Оған аурудың алдын алуға және денсаулықты нығайтуға бағытталған әрекеттер арқылы қол жеткізеді.
Ересек адамдардың денсаулықтарын нығайту бағыттары: дене дамуы мен оның белсенділігі;дұрыс тамақтану; аурудың алдын алу; жаман әдеттерден бас тарту және алкоголь, темекі, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуды азайту; психикалық денсаулықты нығайту үшін күйзеліске алып келетін жағдайлардан аулақ болу.
Күнделікті дене белсендігі адам денсаулығын нығайтып қана қоймай, дене бітімен сақтауға көмектесіп, төзімділікті қалыптастырады. Спорт тұлғаның денелік дамуымен қатар мінез-құлқына де әсер етеді. Дене шынықтырумен үнемі айналысатын адам сыртқы жағымсыз факторларға төзімді келеді.
Дене белсенділігі ересек адамдарда кездесетін қант диабеті, жүрек-қан тамырлары мәселелері, артық салмақ сияқты тағыда басқа көптеген аурулардың даму қаупін айтарлықтай төмендетеді. Адам денсаулығына байланысты белгілі бір дене жаттығуларын орындауға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, ол кем дегенде саябақта серуендеп, үйдегі жеңіл жаттығуларды орындап, үй жануарлармен серуендеу немесе табиғатқа шығу сияқты күнделікті әрекеттер орындауы керек .
Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік қаржыландыру мен басқаруды, сондай-ақ азаматтардың өздері қатысуға мүдделілігін көздейтін маңызды әлеуметтік институттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты қазіргі ересек адамдардың дене шынықтыру белсенділігінің деңгейі оған деген сұраныстың және қоғамдағы даму тиімділігінің маңызды критерийі ретінде қарастырылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі-бұқаралық спорт және дене шынықтыру. Дене шынықтыру мен спортқа деген мотивация көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады, оларды зерттеу ересек адамдардың дене шынықтыру-спорттық іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымыны мамандарының айтуынша, денсаулық 50-55 пайыз ересек адамның өмір салтына, 20-23 пайыз тұқым қуалаушылыққа, 20-25 пайыз қоршаған ортаның, экологияның жай-күйіне және 8-12 пайыз ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Сонымен, ересек адамның денсаулығы өмір салтына байланысты, демек, денсаулықты қалыптастырудың, сондай-ақ нығайтудың жалпы бағыты салауатты өмір салты деп санауға болады.
Дене шынықтыру –салауатты өмір салтының ең маңызды компоненті. Ол тұрақты таңертеңгі гимнастика, күнделікті дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары, сондай-ақ денсаулықты сақтауға және жақсартуға бағытталған басқа да қозғалыс әрекеттері.Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ең алдымен, жеке тұлғаның дене шынықтырумен айналысуы, сондай-ақ еңбек, демалыс, ұйқы, физикалық белсенділік, тамақтану және зиянды әдеттерді жою, психологиялық тұрақтылықпен байланысты.
Дене белсенділігі дененің жалпы жағдайын реттеп, ағзадан токсиндерді кетіретін лимфа жүйесінің жұмысын жақсартады. Зерттеулерге сәйкес, үнемі жаттығулар жасайтын адамдар салауатты өмір салтын ұстанбайтындарға қарағанда 25% - ға аз суық тиеді. Күніне небәрі 30-60 минуттық спорт ересек адамдардың сау болуына мүмкіндік береді.
Жаяу жүру - барлық жастағы адамдар үшін қолайлы денсаулықты сақтау үшін ең қарапайым және қол жетімді құрал.Жаяу жүру кезіндегі жарақаттардың пайызы қозғалыстардың қарқынды түрлерімен салыстырғанда аз. Сұйықтық пен тыныс айналымының жоғарылауы ағзадан шаршаған токсиндерді тиімді жоюға, жасушадан тыс ортаны жақсартуға мүмкіндік береді. Бір сағат жаяу жүру 15 минуттық жүгіруден жақсы нәтиже береді. Жүру кезінде бұлшықет жиырылуынан сұйықтықтың, тағамның, нәжістің және т.б. инерциялық күш-жігерге бірнеше ерекше әсер бар. Капиллярлар бойымен қозғалу кезінде веноздық қан жүрек соғуынан болатын барлық қысымды жоғалтады. Қанның тамырлар арқылы қозғалуына тыныс алу кезінде диафрагманың қозғалысы кезінде пайда болатын сору тиімді әсер етеді. Бірақ бұл салмақты күшке қарсы қанды көтеру үшін жеткіліксіз болып шығады. Аяқтың немесе қолдың бұлшық еттерінің әр жиырылуында, жүру кезінде пайда болады, тамырлар бұлшықет жиырылуынан қысылып, қан жоғары қарай итеріледі.
Жүгіру–бұл жаяу жүруден гөрі ең қарқынды жүктеме түрі. Жүгіру қан ағымының жылдамдығын, ал күш жаттығулары қан ағымының көлемін арттыратынын білуіңіз керек. Демек, адам ағзасына толыққанды әсер ету үшін жүктеменің осы екі түрінің үйлесімі қажет. Көбірек қоршаған ортадан энергия жинауды күшейтетін қан айналымының жылдамдығы; тыныс алу арқылы токсиндер жойылады, бүкіл денені таза қанмен жуу жүреді, ал серуендеу кезінде инерциялық күш әлдеқайда көп. Егер сіз үлкен қашықтыққа жүгірсеңіз, онда тыныс алу ацидозы пайда болады, сондықтан жасушалардағы биосинтез жақсарады. Ежелгі Эллададан бізге тасқа жазылған әдемі сөздер келді: «Егер сіз күшті болғыңыз келсе - жүгіріңіз, әдемі болғыңыз келеді-жүгіріңіз, ақылды болғыңыз келеді – жүгіріңіз».
Жүгіру жүктемесінен болатын әсерлерді толығырақ қарастырайық. Жүгіру дененің эндокриндік және жүйке жүйелеріне қатты әсер етеді. Бұл жүйелерге жүктеме беру үшін ұзақ уақытқа созылатын гравитацияға қарсы жүктеме қажет.Бұл үшін ұзақ, жай жүгіру өте қолайлы. Денедегі қан тамырларының көпшілігі тігінен орналасқанын және бұлшықеттің 1 шаршы миллиметрінде тыныштықтағы капиллярлық қан ағымы шамамен 30-80 ашық екенін білеміз. Жүгіру кезінде, адам үнемі жердің тартылыс күшінен өтіп, тік күйде секіріп, батып бара жатқанда, тамырлардағы қан ағымы да «тербеліп», жүгірумен резонансқа енеді. Бұл жағдайда «ұйықтайтын» капиллярлар біртіндеп ертерек ашылады. Ашық капиллярлардың саны 2500-ге жетуі мүмкін мұндай микроциркуляция ішкі секреция органдарының қызметін белсендіреді. Гормондар ағыны біртіндеп өсіп, тіпті алыс жасушалардың жұмысын қалпына келтіреді және оларды реттейді, жүйелердің қызметін үйлестіреді. Нәтижесінде, бұл дененің барлық жүйелерінің белсенділігі үйлесімді және теңдестірілген болады.
Эндорфиндерді жоғарылататын арнайы техника бар. 12-15 минут бойы қарқынды физикалық белсенділік эндорфин деңгейін 320 бірліктен 1650 бірлікке дейін арттырады. Жүгіру - депрессияға қарсы тамаша құрал. Жүгіру жаттығулары кезінде жүректің жиырылуы азаяды, жүрек үнемді жұмыс істейді. Жаттығу кезінде пайда болатын бүйрек үсті безінің гормондары жүрекке жақсы әсер етеді. Нәтижесінде импульсі әлсіз адамға эмоцияларын бақылау оңайырақ болады, ал адреналиннің жоғарылауы денеге теріс әсер етпейді.
Реттелген күн тәртібі еңбек өнімділігін арттыруға, артық жүктемені алып тастауға көмектеседі және дененің иммунитетін арттырады. Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар-бұл ересек адамдардың дене белсенділігінің міндетті минимумы. Таңғы жаттығуларды әдетке айналдыру керек.
Ересек адамдардың күн тәртібі мыналардан тұруы керек: кем дегенде сегіз сағаттық ұйқы; таза ауада серуендеу; дене шынықтыру және спортпен шұғылдану; еңбек қызметі; бос уақыт; тамақтану; жеке гигиена.
Ұйқы - күнделікті демалыстың маңызды және толық түрі. Ұйықтауға арналған сағатты басқа мақсаттарда пайдалануға болатын уақыт қоры ретінде қарастыруға болмайды. Бұл, әдетте, ақыл-ой еңбегінің өнімділігінде және психоэмоционалды күйде көрінеді. Ұйқының бұзылуы ұйқысыздыққажүйке бұзылыстарына алып келеді.
Адамның күнделікті өмірінде ағзаның қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыру (иммунитетті арттыру, функционалды жүйелерді жетілдіру) және нәтижесінде ауруларға қарсы тұру қабілеті үшін қатаюы үлкен маңызға ие. Қатаюдың негізгі мақсаты-денені температураның күрт ауытқуына үйрету, оның инфекцияларға төзімділігін арттыру, ауруларға, атап айтқанда суыққа қарсы иммунитетті дамыту.
Денені қатайту үшін кеңінен қолданылатын қоршаған ортаның табиғи факторларына ауа, су және күн ингаляциясы жатады. Қатайту процедураларын таңдау бірқатар объективті жағдайларға байланысты: жыл мезгілі, денсаулық жағдайы, тұрғылықты жердің климаттық және географиялық жағдайлары.
Ауаның қатаюы жүйке және эндокриндік жүйелердің тонусын арттыруға көмектеседі. Ауа ванналарының әсерінен ас қорыту процестері жақсарады, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметі жақсарады. Таза ауада болу дененің жалпы әл-ауқатын жақсартады, эмоционалды күйге әсер етеді, сергектік сезімін тудырады. Таза таза ауаның құрамында ағзаға жеткілікті оттегі бар және белсенді көңіл-күйге, жоғары өнімділікке ықпал етеді.
Қорытындылай келе, ересек адамдардың денсаулығын нығайтуда дене шынықтырудың орны жоғары екендігін айтуға болады. Ол жалпы адамзат мәдениетінің элементі, сонымен қатар салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салты денсаулықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар туа біткен және жүре пайда болған аурулардан арылуға көмектеседі. Салауатты өмір салтын ұстану және спортпен шұғылдану психикалық және физикалық еңбекті жандандыру үшін қажет. Әсіресе, ересек адамдардың физикалық саулығын қалыпта ұстау үшін мұндай дене тәрбиесі қажет.
Қазіргі заманғы сауықтыру жүйелері салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта көптеген ересек адамдар өздерінің тамақтануын, өмір салтын бақылай бастады. Физикалық жаттығулар үшін әркім өзіне жүктелген міндеттерге қол жеткізуге көмектесетін белгілі бір сауықтыру жүйесін таңдайды. Бұл міндеттер, мысалы, жақсарту болуы мүмкінденсаулық, әл-ауқат, фигураны түзету және т. б.
Сауықтыру жүйелері жеке адамдардың ғана емес, бүкіл ұжымдардың эволюциялық дамуына ықпал етеді. Яғни, мұндай жүйелер адамға физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да дамуға көмектеседі, өйткені олар көбінесе белгілі бір философияны, дүниетанымды қамтиды, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастырады.
Денсаулық адам өмірінің негізгі көрсеткіші. Оны тұрақты ұстап тұруда мына факторлар маңызды болмақ (сурет 1).
Суреттегі берілген мәліметтерге сәйкес нәтижелерге тоқталсақ, салауатты өмір салты (СӨС) Суреттегі берілген мәліметтерге сәйкес нәтижелерге тоқталсақ, салауатты өмір салтын (СӨС) тұрақты ұстап, зиянды әдеттерден аулақ азаматтарда денсаулықтың негізі факторлық көрсеткішінің 50 пайызын құрайды екен. Бұл көрсеткіш салауатты өмір салтын сақтау үшін спорт түрімен тұрақты айналысу деген түсінік емес, салауатты ғұмыр кешу тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, дене мен сана тазалығын таразылау екенін көп жағдайда есетен шығара беретін жандар жадына түсініктеме.
Денсаулық көрсеткіштерін қалыпты ұстау факторларының бірі де бірегейі, тұқым қуалаушылық (ТҚ) факторлары. Тұқымқуалаушылық факторларына генетикалық тұрғыдан берілетін ата-аналарының негізгі генотиптік белгілері болғанымен, дене шынықтыру жаттығуларына немесе спорттың қандай да бір түрімен жүйелі түрде шұғылданудағы спорттық жетістіктер дене қасиеттерінің қалыптасуына қарай үлкен рөл атқаратынын ғалымдар дәлелдеген болатын. Яғни кәсіби деңгейдегі спорт майталмандарының балалары ата-анасының таңдап айналысқан спорт түрлеріне емес көп жағдайда басқа , тіпті қарама-қарсы спорт түрлерінен үлкен жетістіктер көрсетеді екен. Мысалы ретінде ата-анасы жекпе-жек спорт түрлеріне халықаралық немес олимпиадалық деңгейдегі спорт шеберлері болса, балалары спорттық ойындардан үлкен спорттық жетістікке жеткен спортшылар ғұмыры мысал бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет