Сурет 4- Сауалнама сұрақтары бойынша мәліметтер жиынтығы
Сурет 5- Сауалнама сұрақтары бойынша мәліметтер жиынтығы
Жоғарыдағы 5-ші суреттегі сауалға жауап берген еріктілердің нәтижелерінің диаграммалық сипаттамасына сәйкес қарап отырсақ, бірде бір мәлімет алғандаймыз. Себебі, бұқаралық спорт түреліне қандай спорт түрлері қатысты, еліміздегі бұқаралық спорт түрлерінің насихатталу дәрежесі қандай және мектеп жасындағы балалардың бұқаралық спорт түрлерінің бағдарламаларына сәйкес тегін спорт үйірмелері жұмыстарымен таныс па, денсаулық деңгейлеріне айтарлықтай мән бере ме деген мақсаттағы сауалнамалар жолданған болатын. Нәтижесі көз де көңіл де қуантарлық болып отыр. Бірінші кезекте «бұқаралық спорт туралы білесіз бе» деген жалпылама сұрақ негізіндегі алынған мәліметтер, еліміздің болашағы болып саналатын жасөспірімдердің көпшілігінің білетіні, қызығушылық танытатынан айқын көруге болатын нәтиже алынып отыр. Оның пайыздық көрсеткіші 40 пайызға жуық, яғни 146 адамның 58-і осы сауалға «иә» деген жауап беріп отыр.
Ал, жалпы бұқаралық спорт түрлері туралы теледидардағы жаңалықтардан, ғаламтор және де басқа ақпарат көздерінен алынған материалдар негізінде бұқаралық спорт түрлерінің кейбірін ғана біліп, болмаса ол туралы толық ақпарат алмағандар саны 43,8 пайызды құрап отыр.
Сонымен бірге, бұқаралық спорт бұқаралық спорт түрлері бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардан хабары жоқ, қызығушылық танытпаған зерттелушілер де болды, олардың пайыздық көрсеткіші 146-дан 24 адам, яғни 16,4 пайызы мүлдем бейхабар екенін жазыпты.
Сурет 6- Сауалнама сұрақтары бойынша мәліметтер жиынтығы
Сурет 7- Сауалнама сұрақтары бойынша мәліметтер жиынтығы
Бұқаралық спорт түрлерімен айналысу, денсаулық деңгейлерін жақсартуға өсіп келе жатқан ағза үшін дене қимыл белсенділігінің маңыздылығын сипаттауда жүргізілген сауалдардың кейбіріне (6 суретте ) 69 пайызбен жауап берген нәтиженің көрініс еліміздегі азаматтардың спорттық құралдар, құрылымдар, жүргізілетін жарыстар, ұйымдастырылатын эстафеталық ойындардан бастап үлкен дәрежедегі халықаралық жарыстардың маңызы, мектеп оқушылары үшін қазіргі технологияға таңылған заманда телефонға емес спорттық жаттығулар арқылы денсаулығын нық ұстап, болашаққа сеніммен қарайтын да зерттеуге қатысқан адамдар бар екенін көрсетеді.
Көркем гимнастиканы спорт түрлерінің ішіндегі падишасы деп атап жатады, ал бұқаралық спорт түрлерінің ішіндегі ерекше спорт түрі ол скандинавиялық жүру немесе скандинавиялық серуендеу деп те атайды көпшілігі.
«Скандинавиялық серуендеу» – ұзақ ырғақты жүктемесі бар аэробика деп түсінік береді мамандар. Аталған спорт түрімен жүйелі түрде айналысатын болса, сүйек жүйесін, буындардың иілгіштігін, қан тамырлардың қызметін жақсартатыны туралы дәрігерлер дәлелдемесі бар. Сонымен бірге стрестік жағдайларға жол бермей, депрессиядан арылуға көмектеседі. Кейінгі жылдары танымал болып кеткен бұл спортпен әлемде 10 миллиондай адам айналысады екен. Көпшілік қызыға бастаған бұл спорттың тарихы 19 40 жылдардан бастау алады. Финляндияда шаңғы құрамасының жаттықтырушысы Юхе Мието жаттығуды үзбеу үшін жаз айларында спортшыларды таяқпен жүргізген. Велоспортпен, жүзумен айналысуға болар еді, бірақ шаңғының жүктемесін «скандинавиялық серуендеуден» басқа спорт түрі бере алмайды деседі. Сөйтіп, жаттығуды үзбеген финляндиялықтар жеңіс тұғырынан көрінген. Уақыт өте бұл тәжірибені басқа да құрама командалар пайдалана бастаған. Бүгінде «скандинавиялық серуендеу» бұқаралық спорт түріне айналып үлкен кіші деп жас талғамай бұқаралық спорт түрлерінің маңызды бір бөлігіне айналды (7 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |