Сурет 9- Бұқаралық спорт түрлері бойынша түсіндірме жұмыстарының нәтижесі
Диаграммадан көріп отырғанымыздай бұқаралық спорт түрлері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарымызбың басым көпшілігі сауалнама, сұрақ жауап ретінде зерттеудің бастапқы кезеңдерінде жүргізілген болатын. Алғашында сауалнамаға қатысқан адамдардың 67 пайызы жалпы бұқаралық спорт бойынша сауалнама толтырушылар , ал 40пайызы солардың ішіндегі сауалнама барысында белсенділік танытқандар.
Жалпы зерттеулер нәтижесінде орта сынып жас кезеңдеріндегі оқушылардың 10 пайызы зерттеу сауалнамасы, үгіт-насихат жұмыстары негізінде мектеп ішілік, аудандық тіпті қалалық жарыстарда үлкен нәтижелерге қол жеткізуі зерттеу жұмыстарымыздың дәлелдігі және бұқаралық спортты ұйымдастырудағы негізгі іс-шаралар мен қосылған үлкен үлес болып таблады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елімізде бұқаралық спорт түрлерінің қолға алынғанына көп уақыт болмағанымен әлемдік деңгейдегі тәжірибелерді қолдана отырып, арнайы бағдарламалар негізінде спорттық ойындар бойынша аула ішілік лигалар, ауладағы спорттық құрал-жабдықтардың жас ерекшеліктері мен орындау техникаларына байланысты әмбебаптығы үлкен рөл атқаруда. Осы бағытта дисертациялық жұмысымыз барысында жүргілген зерттеу жұмыстарымыз, педагогикалық сауалнама нәтижелерінде айтарлықтай толықтыруларға қол жеткіздік.
Диссертациялық жұмыс мазмұны бұқаралық спорт түрлерін мектеп оқушыларын, оның ішінде орта сынып жасындағы оқушыларға тиімділігі жағынан да тәрбиелік жағынан да қолдану мақсат етілген болатын.
Бұқаралық спортты дамыту жолындағы атқарылатын іс-шараларды жүргізу мен ұйымдастырудағы басты мәселе мен міндеттердің бірі, қалың бұқараның денсаулығын жақсарту жолында салауатты өмір салтын қалыптастыру да болып табылатынын жоғарыда айттық. Аталған мәселені қолға алу барысында қалың көпшілікке дене шынықтыру жаттығуларын маусымдық кезеңдерге яғни қыс және жазғы жаттығу түрлеріне қарай бөліп жасауда үлкен маңыз бар екенін , оны орындау үшін қадағалаушы орындар мен дене жаттығулары мамандары назарда ұстау керек.
Диссертациялық жұмыстың қорытындыларына сәйкес, алдыға қойған мақсат-міндеттерді орындай келе төмендегідей қорытынды жасалынды.
Бұқаралық спорт түрлерінің мектеп оқушылары, оның ішінде зерттеу өзегі болып отырған орта сынып оқушылары үшін маңызы түсіндірілді;
Бұқаралық спорт түрлерін ұйымдастырудағы негізгі қағидаттарды қарастырылды;
Орта сынып жасындағы балалардың қимыл белсенділігінің ағза өсуіндегі маңыздылығын теориялық тұрғыдан айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |