Тақырып Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі



Дата02.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156176
түріСабақ
Байланысты:
Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

  • Тақырып 9.
  • Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі
  • Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2021

Жоспары:

  • 1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының негізгі векторы. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру.
  • 2. Білім беру жүйесін жаңартудың мақсаттары мен міндеттері.
  • 3. “Интеллектуалды ұлт-2020” бағдарламасы және оның мазмұны. Қазіргі білім беру үлгісі.
  • 4. Жалпығы бірдей еңбек қоғамын құру – әлеуметтік жаңғыру саясатының негізі.

Әдебиеттер:

  • Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 5-том. – Алматы: «Атамұра», 2010. – 752 б.
  • 2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010. – 429 б.
  • 3. Әминов Т. М. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 2014.
  • 4. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам». – Егемен Қазақстан. – 2012.
  • 5. Шаяхметов Н.У. «Интеллектуалды ұлт» бағдарламасы және білім берудің кейбір мәселелері» Еуразия Университеті Хабаршысы. 2016. 6. Шаяхметов Н. У. ХХ-ғасырдағы Қазақстан тарихы . Оқу құралы. 2015.
  • 7. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты // http:www.kisi.kz
  • 8. Қазақстан тарихы» e-history.kz веб-порталы //http://www. e-history.kz.

Стратегиялық жоспарлау — Үкіметтің, аумақ құқықтарынің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрақтары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет, салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары. Стратегиялық жоспарлау — ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.

Әлеуметтік - бұл адамдардың өзара әрекетінің барысында пайда болады, нақты коғамдық құрылымда олардың алатын орны мен рөлін анықтайды. Бұл өз кезегінде, жеке адамдар мен жеке адамдар топтарының коғамдық өмір құбылыстары мен процестеріндегі әртүрлі қатынастарынан көрінеді.

Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Оның үстіне, бұл өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындаған Қазақстан үшін маңызды.

3,5 миллионнан астам адам бюджеттен әлеуметтік төлемдер алады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге арналған жалпы шығыстар 6,9 есе (1999 жылғы 25,8 млрд. теңгеден 2015 жылы 177,5 млрд теңгеге дейін) өсті. Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік жағдай оңалды, халықтың өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсарды. Кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді.

Қазіргі уақытта 2 миллион 190 мың зейнеткер зейнетақы алады. Зейнеткерге төлеуге қажетті шығыстар 2015 жылы 918,4 млрд. теңге құрап, 1999 жылмен салыстырғанда 9,3 есе өсті.

- ең төменгі зейнетақы 12 есе өсіп, 3000-нан -36108 теңгеге дейін; - зейнетақылардың орташа мөлшері 20 есе өсіп, 4179 теңгеден - 86 мың теңгеге дейін; - ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 16 есе өсіп, 7256-дан - 117 мың теңгеге дейін көбейді.

Бүгінгі күнде Қазақстанда ЖОО – да білім беру жүйесі - бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде көшті. Алайда қазақстандық ғылыми білім беру қоғамдастығында бұл мәселе өткір пікірталастар туғызды. Классикалық неміс үлгісіне негізделген бұрынғы білім беру жүйесін жақтайтындар аз болмады.

- 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. - Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.

«Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы 3 бағыттан тұрады: 1 – бағыт: интеллектуалдық білім беру; 2 – бағыт: инновациялық төңкеріс жасау – яғни, ақпараттық революция; 3 – бағыт: жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Интеллектуалды әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарды дәрежеде игерген және алған білімін, тәжірибесін өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын азамат.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария еткен болатын.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет