ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер! Сіздерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінде 2016 жылдың 28 қазанында өтетін, Қазақстан Республикасының 25-жылдығына және Ұлттық Инженерлік Академиясының 25-жылдығына арналған, «Тұрақты ғылыми-технологиялық даму: трендтер мен технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының «Жаңа әлем дамуындағы ақпараттық технологиялардың рөлі» секциясына қатысуға шақырамыз.
«Жаңа әлем дамуындағы ақпараттық технологиялардың рөлі» секциясының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Ғылымда, өндірісте және білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану.
Жаңа ақпараттық технологиялар және қоғамда жаратылыстану-ғылыми бағытының дамуы (ақпараттық және есептеу технологиялар)
Математик және физик ғалымдардың зерттеулері мен тәжірибесіндегі математикалық әдістер және иновациялық ақпараттық технологиялар
Мамандарды кәсіби дайындаудағы жаңа технологиялар
Қазақстан экономикасының технологиялық дамуы
Конференция 4 тілде өтеді – қазақ, орыс, түрік, ағылшын. Конференцияға қатысу үшін өтініш (нұсқасы келтірілген), баяндама тақырыбы мен қысқаша мазмұнын (тезис) жіберуіңіз керек. Баяндаманың толық мазмұнын редакциямызға 2016 жылдың 01 қазанына дейін жіберуіңізге болады.
Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:
Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер нөмірленбейді.
Жоғары шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы -1,5 см, сол жағы – 3 см.
Шрифт: Times New Roman, кегль – 12. Жоларалық интервал – бірлік.
Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.
Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік нөміріне сай пайдаланылған әдебиеттің бет номері көрсетіледі Мысалы: [7,3б.].
Реферативті сипаттаудағы мақалалар қабылданбайды. Студенттердің мақалалары тек ғылыми жетекшінің рецензиясымен қабылданады.
Мақала қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде қабылданады.
Түрік және ағылшын тіліндегі мақалаларда қазақша аңдатпа болуы міндетті.
Секция нәтижесі бойынша үздік баяндамалар конференцияның пленарлық отырысына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясының Хабаршысы» немесе «Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы» журналдарына ұсынылады.
Конференцияға қатысу үшін өтініш үлгісі
А.Ж.Ә. (толық)
|
|
Жұмыс орны
|
|
Қызметі
|
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
|
|
Секция
|
|
Мақала аты
|
|
Баяндаушының мекен-жайы
(мемлекет, қала)
|
|
ЖОО, кафедра
|
|
e-mail
|
|
Телефон
|
|
Қысқаша аннотация (2-5 сөйлем)
|
|
Қонақ үй (қажет болса)
|
|
Ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қ., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ғылым және инновация департаменті, Инженерия факультеті.
Ұйымдастыру комиссиясының телефоны: 8 (72533) 6 36 29, 6 36 36 (1041)
Е-mail: ayukonfer@gmail.com тел: 8-775-711-09-88
Достарыңызбен бөлісу: |