Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет107/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
deloproizvod umk

2-
тапсырма
.
 
Адамның мінезіне қатысты тұрақты тіркестерді есте сақтаңыз.
Қой аузынан шоп алмас –
момын, жуас; ұшып
-
қонған –
жеңілтек; аузын ашса, жүрегі көрінген –
ақ жарқын, ақкөңіл; аузы берік –
сыр айтпайтын; тас жүрек –
мейірімсіз, қатал; ақ жүрек –
мейірімді.
 
Кімге? Кімнен?


98 
3-
тапсырма. Адамның қасиеттерін сипаттайтын синонимдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Абзал, ардагер, асыл; 
адал, ақ жүрек, ақ; 
айбатты, қаһарлы, айбарлы, айбынды; 
ақ көңіл, ақ пейіл, аңқылдақ, көңілшек; 
атақты, даңқты, айтулы, әйгілі, белгілі, көрнекті, мақтаулы, аты шулы; 
ауқатты, дәулетті, әлді, бай, қуатты; 
батыл, өжет, өткір, жүректі; 
беделді, абыройлы, қадірлі; 
өтімді, ықпалды; 
білікті, білімді; 
дүниеқор, дүниеқоңыз, сараң, 
діншіл, құдайшыл, діндар, тақуа; 
ебедейсіз, икемсіз; 
епті, икемді, ыңғайлы, оңтайлы, бейімді; 
жағымпаз, жарамсақ;
сылбыр, самарқау, жалқау, керенау; 
жайдары, ашық, ақ жарқын; 
жуас, момын, бұйығы, тұйық
;
инабатты, әдепті, ізетті, ибалы; 
өзімшіл, менменшіл; 
сабырлы, байсалды, салмақты, ұстамды, төзімді, маңғаз;
ұқыпты, мұқият, құнтты.
 
4-
тапсырма. Мінездемеде жазылатын тұрақты оралымдарға назар аударыңыз.
 
Жолдастарына сыйлы, үлгілі отбасы иесі, әріптестер арасында беделді, жоғары білімді, 
тәжірибесі мол, бірнеше тілдерді жетік меңгерген, әкімшілік жауапқа тартылмаған, қоғамдық 
жұмыстарға белсене араласады, сыйақылармен марапатталған, мінезі тұйық, компьютерлік 
бағдарламаларды меңгерген, әскери міндетті, өз ісіне берілген, берілген тапсырманы жауапкершілікпен 
уақытында орындайды, адамдармен тез тіл табыса алады, икемді, білім жетілдіру курсын бітірген, спорт 
шебері, табиғат қорғаушысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет