Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет27/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

Бастамалық хаттарға
мыналар жатады: сұрау салу хаттары, өтініш хаттары, ескерту 
және хабарлама хаттары, жарлық хаттар, ілеспе хаттар. Жауап
хат түрлері: ақпараттық, 
түсіндірме, рұқсат, тыйым салу хаттары т.б.
Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан
түсетін хаттардың мазмұны әдетте нұсқау, 
түсіндіру, ресми сұрау салу түрінде болады. Салаға бағынышты мекемелер хабарлар, 


23 
сұратулар жібереді. Тең дәрежедегі қатарлас мекемелер өтініш, ұсыныс, растау, хабарлар т.б. 
алмасады.
Хат мәтіні, әдеттегідей, екі бөліктен тұрады. Алдымен хатты жазуға себеп болған 
жағдайлар көрсетіледі, содан кейін қорытынды, ұсыныс, өтініш
-
тілектер жазылады.
Мәтінді 
құрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, хабарлаймыз, мәлім 
етеміз, түсіндіреміз, ұсынамыз, кәсіпорын өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз т.с.с.
Жіберілетін
хаттарға мүдделі лауазым иелері бұрыштама белгі соғады. Мысалы, 
қаржы мәселесі бойынша хатқа бас бухгалтер белгі соғады. Бұрыштама белгілер 
кәсіпорынның өзінде қалатын хат көшірмесінің алдыңғы бетіне қойылады.
Егер құжат 
екі адрес
бойынша жіберілетін болса, алдыңғы екі данасы арнаулы қағазға 
басылып, көшірмесі жай қағазға түсіріледі, яғни, барлығы үш дана болады.
Кей жағдайда хат мөрімен куәландырылады.
Қабылданатын
хаттарға келіп түскендігі туралы белгі және кәсіпорынның басшы 
қызметкерлерінің тапсырманы
орындауға алғандығы туралы бұрыштама белгі қойылады.
 
Ақпарат хат
 
Ақпарат хат

белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты 
басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.
Үлгі:
 
Ақпарат хат
 
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ тілі 
кафедрасының ұйымдастырумен қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 2001 жылдың 
8 қаңтарында сағ. 11.00. (№219 дәрісхана) «Мектепте лексикалық тақырыптарды дамыта 
оқыту» атты ғылыми
-
әдістемелік семинар өткізіледі.
Ғылыми
-
әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:
1.
Қазақ тілі оқулықтарына енгізілген жаңа лексикалық тақырыптар.
2.
Сөздің ауыспалы мағынасының жасалу жолдарының оқулықта берілуі.
3.
Ауыс мағына мен көпмағыналық проблемасы.
4.
Лексикалық талдау.
Мекен
-
жайымыз: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 24.
Қазақ тілі кафедрасы (№215 бөлме).
Байланыс телефондары: 26
-67-13, 25-55-95. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет