19
Штат кестесі
Кәсіпорынның
құрылымы, сандық құрамы,
біріншіден, «Құрылым және штат саны»
деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мәтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады.
Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас
есепшімен келісіліп, бірінші басшы бекітеді.
Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы,
жалақы қоры көрсетіліп, «Штат
кестесінде» бекітіледі.
Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісе
отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны,
еңбек ақының айлық қоры көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: