Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет21/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk
Дәріс № 14. Тақырыбы Инклюзивті тəжірибедегі педагогикалық техника, Социометрия, Семинар №13
«Жалпы ережелерде»
ереженің құқыңтық негізі анықталады, мамандардың санаттары 
белгіленеді (басшы қызметкерлер, қызметкерлер, жұмысшылар).
«Жұмысқа алу»
бөлімінде түрлі санаттағы қызметкерлерді жұмысқа алудың тәртібі 
мен мерзімі, еңбек қатынастарын рәсімдеудің тәртібі түсіндіріледі.
«Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты»
бөлімінде жұмыс аптасының, жұмыс күнінің 
ұзақтығы, демалыскүндері, мерзімінен артық жұмыс істеудің шарттары белгіленеді.
«Еңбек демалысы
» бөлімінде демалыстың ұзақтығы, кезеңдері, ақы төлеу және 
демалыстың әр түрлі түрлерін алудың төртібі қарастырылады. Демалысқа шыгу құқығының 
болуына еліміздің заңымен кепілдік беріледі. Ережеде бұл құқық бұзылмауы тиіс.
«Іссапар жзне ауыстыру»
бөлімінде (бұл жерде екі бөлім болуы мүмкін) басқару 
істерінің мерзімі, шарттары және тәртібі белгіленеді.
«Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру және өтемақы төлеу»
бөлімі өте маңызды 
бөлім болып есептеледі. Бұл бөлімде еңбекақының түрі (келісімді немесе мерзімді), еңбегі 
үшін сыйақының көлемі мен шарттары, төлеудің кезеңдері, өтемақының мөлшері мен төлену 
төртібі анықталады.
«Мадақтау және жазалау шаралары»
бөлімінде моральдік және материалдық 
мадақтау, жазалаудың түрлері, шарттары және тәртібі белгіленеді.
«Қызметтен босату
» бөлімінде әр түрлі санаттағы жұмысшыларды қызметтен 
босатудың шарттары мен тәртібі, бұл жағдайдағы кепілдіктер мен өтемақылар 
қарастырылады.
Қызметке алу, босату, жазалау жөніндегі еңбек даулары бағыныштылық немесе заңдар 
негізінде шешіледі. Мұны 
«Еңбек дауларын қарау»
атты 10
-
бапта қарастырады.


19 
Штат кестесі
 
Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, біріншіден, «Құрылым және штат саны» 
деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мәтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады.
Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас 
есепшімен келісіліп, бірінші басшы бекітеді.
Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіліп, «Штат 
кестесінде» бекітіледі.
Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісе 
отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, 
еңбек ақының айлық қоры көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет