Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік техникалық



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата01.04.2020
өлшемі1,2 Mb.
#61347
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кәсіптік оқыту әдістемесі дәрістер курсы,бакылау тестері, сұрақтар (1)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
 
Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
Д.Т. Курманова,  З.А. Есполова 
 
 
 
 
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған  
дәрістер конспектісі 
 
 
 
 
 
 
Өскемен 
Усть-Каменогорск 
2013
                                                         
    
 

МАЗМҰНЫ 
 
 
Кіріспе 


Кәсіптік оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары 

1.1 
Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері 

1.2 
Білім беру жүйесінде қолданылатын негізгі құжаттар 

1.3 
Теориялық оқытудың оқу жоспарлары және бағдарламалары 
 

Кәсіптік  оқыту  жүйесінде  қолданылатын  жалпы  дидактикалық 
принциптер 
10 
2.1 
Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік 
 
2.2 
Кәсіптік    оқыту    принциптері 
11 

Кәсіптік оқыту жүйесі 
13 
3.1 
Өндірістік оқыту жүйесі 
13 
3.2 
Кәсіптік оқытудың негізгі жүйелерінің сипаты 
15 

Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары 
20 
4.1 
Жалпытехникалық      және      арнайы      пәндер      бойынша      оқу   
сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары 
20 

Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы 
23 
5.1 
Сабақтың мақсаттары мен дидактикалық талаптары 
23 
5.2 
Сабақ түрлері 
24 
5.3 
Сабақ типтері мен  құрылымы 
26 
5.4 
Кәсіптік оқытудың типтік сабақтары 
27 

Кәсіптік оқыту әдістері 
30 
6.1 
Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама
 
30 
6.2 
Оқу әдістерін топтастыру 
31 
6.3 
Оқу құрал – жабдықтары 
33 

6.4 
Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу 
 
6.5 
Кәсіптік оқыту әдістері 
 

Кәсіптік окытудағы инновациялық технологиялар 
34 
7.1 
Оқыту технологиялары түсінігі
 
34 
7.2 
Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы 
36 
7.3 
Кәсіптік оқытудың инновациялық тәсілдерін таңдау 
38 

Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің 
сабаққа дайындығы 
40 
8.1 
Кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа жайындығы
 
40 
8.2 
Оқу жұмысын жоспарлау 
42 

Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау, 
бағалау және есепке алу 
46 
9.1 
Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау 
46 
9.2 
Қадағалау түрлері, формалары және әдістері 
46 
9.3 
Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын есепке алу 
49 
10 
Кәсіптік оқытудың оқу-материалдық базасы 
52 
10.1  Кәсіптік оқыту құралдары 
52 
10.2  Кәсіптік оқытудың оқу-әдістемелік қамтылуы 
53 
11 
Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар 
56 
11.1  Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері 
56 
11.2  Тәрбие міндеттері мен қызметтері 
58 
11.3  Тәрбие процесінің ерекшеліктері 
60 
 
Глоссарий (анықтама, сөздік) 
 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 
 
 
Қазіргі кезде білім мазмұны мен білім беру жүйесі оның нәтижесіне қарап 
бағаланатыны  мәлім.  Сондықтан  білім  беру  жүйесінде  ғылым  мен  практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамытуда оны кәсіби тұрғыдан 
шыңдауға басты назар аудару қажет. 
Еліміздегі  жоғары  кәсіби  білім  берудің  көп  деңгейлі  құрылымы  және 
жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы,  
жоғары  оқу  орнын  қазіргі  заманның  талаптарына  сай  басқару  мәселелері  жаңа 
тәсілдерді  талап  етеді.  Заманның  жаңа  даму  сатысында  білім  беру  жүйесі 
қоғамның  жаңа  экономикалық  саясат,  әлеуметтік  және  интеллектуалдық 
деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту 
тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері 
зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.  
Қоғам  өміріндегі  қазіргі  өзгерістер,  экономиканың,  саясаттың,  әлеуметтік-
саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның 
жалпы  даму  деңгейіне  байланысты  болмақ.  Ал  ол  қоғамдағы  білім  беру 
талаптарын  түбегейлі  өзгертуге  алып  келді.  Қоғамдық  өмірдегі  өзгерістер 
оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдануды,  жеке  тұлғаның  жан-жақты 
шығармашылық  тұрғыдан  дамуына  жол  ашуды  көздеп  отыр.  Бұл  міндеттерді 
жүзеге  асырушылар  білім  беру  жүйесінің  күрделі  мәселелерін  шешуші  кәсіби  – 
педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ. 
Осындай  талап  деңгейіндегі  маманды  даярлау  жоғары  оқу  орындарының 
үлесіне тиеді. Педагогикалық мамандық  -  білім беру нәтижесінде алынған және 
берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және 
шешуді  қамтамасыз  ететін  білім,  іскерлік  және  дағдылардың  жиынтығынан 
тұраты күрделі үрдістің жемісі, яғни осы кәсіптік топ шеңберіндегі қызмет түрі.  
Жалпытехникалық  және  арнайы  пәндерді  оқыту  әдістемесі  пәні  осы 
мақсаттарға жету жолында қызмет атқарады. ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби 
даярлығы  оқу  жылдары  кезінде  кәсіби  шеберлікке  мақсатты  даярлаумен  қоса, 
педагогикалық  шығармашылық  қызметке  дайындаумен  тікелей  астарласуы  тиіс. 
Ол  болашақ  мұғалімнің  жалпы  мәдени  (өмірге  көзқарас),  методологиялық 
(психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 

1КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ 
1.1 Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері 
Кәсіптік  оқыту  дегеніміз  -  мақсаты  оқушыларды  кәсіптік  іс-әрекетке 
дайындау  болып  табылатын  оқыту  түрі.  Ендеше  кәсіптік  оқытудың  не  екенін 
түсіну  үшін  «Оқыту»  және  «Кәсіптік  іс-әрекет»  атты  екі  ұғымды  анықтап 
алуымыз керек.  
Оқыту  дегеніміз  нәтижесінде  оқушы  жаңа  білім,  іскерлік  және  дағды 
қалыптастыратын,  қабылеттілігін  дамытып,  іс-әрекеттің  жаңа  тәсілдері  мен 
түрлерін меңгере алатын үрдіс (ЗУНС-БІДҚ). 
Білім  дегеніміз  –  оқу  үрдісінде  оқушы  алған  қандай  да  бір  ақпарат,  ол 
ақпаратты кейіннен ол қолдана алады.   
Іскерлік  -  алынған  білімдеріне  сүйене  отырып,  оқушы  орындай  алатын  іс-
әрекеттер мен операциялар.  
Дағды - автоматизмге дейін жеткізілген шеберлік.  
Қабылеттілікті, іс-әрекеттің жаңа тәсілдері мен түрлерін дамыту арқасында 
сабақ  үстінде  алынған  нақты  білімдер,  шеберлік  және    дағдылар  кең  көлемді 
мәселелерді  шешуге,  сонымен  қатар,  кәсіптік  іс-әрекет  үрдісіндегі  мәселелерді 
шешуге көмектеседі.    
Енді «кәсіптік іс-әрекет» терминін қарастырайық.   
Кәсіптік іс-әрекет дегеніміз ересек жеке тұлғаның оның тіршілігінің қоғамға 
пайдалы  іс  -  әрекеті,    Кәсіптік  іс-әрекет        деп  әдетте  ересек  тұлғаның 
өміршеңдігінің  негізі  және  оның  әлеуметтік  статусының  анықтаушы  факторы 
болып табылатын қоғамдық пайдалы іс-әрекеті аталады.  
Келтірілген  анықтаманы былайша түсіндіруге болады. Біріншіден, кәсіптік 
іс-әрекет   тура немесе жанама түрде қоғам мүддесіне қызмет еуі тиіс және оның 
дамуына әсер етуі тиіс.  Екіншіден, егер қоғам қандай да бір адамдардың кәсіптік 
іс-әрекетіне мұқтаж болса, онда   осы адамдарға өмір сүру мүмкіндігін беруі тиіс, 
олардың еңбекақысын төлеуі тиіс.    Қоғам оған үнемі мұқтаж болады.  
Үшіншіден,  кәсіптік  іс-әрекет  барысында  адам  өндірістік  және  әлеуметтік 
иерархиялық жүйеде орын алады (біріншілеріне бастық болса, екінші біреулерге 
бағынады).    Осы орны адамның әлеуметтік статусын анықтайды, олардың басқа 
адамдарға  әсері  деңгейін,  қоғамдық  өмір  және  қоғамдық  пікірге  әсерін 
анықтайды.  
Білім  беру  жүйесі  дегеніміз  қандай  да  бір  білім  дәрежесін  алудың 
потенциалдық мүмкіндігіне ие болуға мүмкіндік беретін оқытудың ұйымдастыру 
тәсілі.  Ендеше,    мамандыққа  оқыту  білім  беру  үрдісінің  бір  бөлігі  ғана.  Сол 
себепті кәсіптік оқытудың білім беру жүйесіндегі орнын анықтап алу қажет.  

Білім беру жүйесі құрылымын бірнеше білім беру деңгейі түрінде көрсетуге 
болады  (Сурет 1 қара).  Әрбір білім беру деңгейінде оқушы қандай да бір БІДҚ 
жиынтығын ала алады, сол арқылы кейінгі одан да күрделі деңгейге өте алады.  
Кәсіптік  білім  -  білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаттарының  бірі  болып 
саналады, сондықтан білім беру жүйесінің жоғарғы деңгейіне орналастырылады.  
Сонымен, жалпы білім беру жүйесі кәсіптік білім жүйесінің іргетасы болып 
табылады.  
Соңғы  кезде  қосымша  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  маңызы  зор,  өйткені 
нарықтың  өзгермелі  шарттарына  икемді  болуы  үшін  қайта  даярлау  қажеттілігі 
туындайды.  
 
 
Сурет 1  Қазақстандағы білім беру жүйесі 
 
 
Мектепке дейінгі білім беру 
(Балабақша)  
Мектептегі бастауыш  білім 
 
(Мектептегі 
бастауыш сыныптар) 
 
Толық емес орта білім 
 
(Мектептегі орта сыныптар) 
 
Орта білім 
 
  (Мектептердегі жоғарғы                            
сыныптар) 
 
Бастапқы  
(Кәсіптік училище 
лицейлер) 
 
Орта 
 
(Техникумдар 
колледж)  
 
Жоғары  
(Институттар,  
университеттер)  
Ғылыми 
қызметкерлерді 
даярлау 
 
(магистратура,  
докторантура) 
 
Мектептен тыс білім,  
Кәсіптік бағдар 
ориентация (үйірмелер,  
Мектеп оқушыларына арналған 
орталықтар және т.б.) 
 
Кадрларды қайта даярлау,  
(  қайта даярлау орталықтары) 
 
Квалификация 
көтеру 
 
(Квалификация 
көтеру 
Институттары) 
 
 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ 
ЖҮЙЕСІ 
 
 
КӘСІПТІК 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 
 
ҚОСЫМША 
КӘСІПТІК  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАЛПЫ БІЛІМ 
БЕРУ 
ЖҮЙЕСІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2 Білім беру жүйесінде қолданылатын негізгі құжаттар 
 
 Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жж.-ға 
арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері 
[1].
 
Білім  беру  жүйесінде  қолданылатын  негізгі  заңды  құжат  Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты    болып 
табылады.  МЖМББС  білім  беру  мазмұны  мен  оқу  үрдісін  ұйымдастыруға 
қойылатын  талаптар  келтірілген  нормативті-құқықтық  құжат  болып  табылады. 
Сонымен  қатар,  МЖМББС  -  қоғамдық  идеалды  сипаттайтын,  нақты  жеке 
тұлғаның және білім беру жүйесінің осы идеалға жету жолындағы мүмкіндіктерін 
ескеретін  білімділік  мөлшері  ретінде  қабылданатын  негізгі  параметрлер  жүйесі. 
Білім беруде стандартталатын негізгі объектер: 
білім беру құрылымы
• білім беру мазмұны; 
• оқу жүктемесінің көлемі; 
• оқушылардың дайындық деңгейі. 
 МЖМББС  негізінде  оқу  орындары  бірқатар  білім  беру  міндеттерін 
атқарады:  
-  оқу  жоспары  бойынша  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  және  жүргізу,  ол 
қоғамның  рухани,  мәдени  және  ғылыми  құндылықтарын  сақтауға,  жинақтауға 
және көбейтуге бағытталған; 
-  мамандық  бойынша  дайындалған  оқу  бағдарламаларын  оқу  үрдісіне 
енгізу; 
-  оқушылардың  дайындық  деңгейіне  сәйкес  келетін  және  МЖМББС 
талаптарына сай оқу-материалдық базаны құру;  

-  оқу  үрдісіне  МЖМББС  талаптарына  жауап  бере  алатын  оқу  құралдарын 
және дидактикалық материалдарды жасап енгізу; 
- кәсіби мектептер, колледждер және басқа да оқу орындарында оқушыларға 
арналған оқу жүктемесін жоспарлау;   
-  технологиялық,  өндірістік,  кәсіби  практикаларды  ұйымдастыру  және 
өткізу; 
-  оқушыларды  ғылымға  қызығушылықтарын  тудыра  отырып,  ғылыми-
зерттеу жұмыстарына тарту; 
- жастарды оқу орнының қоғамдық өміріне түрлі үйірмелер арқылы тарту. 
Біздің  республика    Болон  процесіне  қосылды,  оның  негізгі  идеясы  европа 
елдерінің кәсіптік білім беру құрылымдарын өзара жақындастыру.  МЖМББС - да 
осы  мамандық  бітірушісінің  жұмыс  істеу  ауқымы  көрсетілуі  кездейсоқ  емес. 
Мысалы,  050120 «Кәсіптік оқыту» мамандығының қызмет саласы: 
- бастауыш, орта және қосымша кәсіптік білім беру мекемелерінде кәсіптік 
оқыту және өндірісте; 
- оқу үрдісі және құрылымдарын ғылыми зерттеу; 
-  сәйкес  салада  техника  және  технологиялар  проблемалары  бойынша 
ғылыми зерттеулер; 
-  білім  беру  саласында  және  өндірісте  (мамандандырылуына  сәйкес) 
ғылыми-өндірістік және консультациялық басқару істері; 
- мәдени-ағарту істері. 
Бітірушілердің кәсіби іс-әрекеті объектері:  
Оқу-тәрбиелік үрдіс: 
Жалпыға бірдей білім беру мектептері, лицейлер, гимназиялар; 
Оқу-өндірістік комбинаттар; 
Кәсіби мектептер мен лицейлер; 
Орта арнайы оқу орындары
Жоғары оқу орындары; 
Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс үрдісі; 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:  
конструкторлық бюро; 
- жобалау ұйымдары 

- завод зертханалары; 
- ғылыми-зерттеу ұйымдары. 
Маманның  кәсіби  біліктілігінің  өсуін  кәсіби  компетенттіліктің  әр  түрінің 
дамуымен қатар қоюға болады. 
050120  –  «Кәсіптік  оқыту»  мамандығы  үшін  МЖМББС  –  да  маманның 
төмендегі компетенциялары ерекшеленген: 
Білім бакалавры: 
-  білім  беру,  мәдениетті  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуді  қамтамасыз  етуін 
әлеуметтік-мәдени іс тәжірибені ерекше аумағы ретінде қарастыру туралы; 
-  көп  деңгейлі  білім  берудің  ұлттық  жүйесін  модернизациялау  туралы 
Қазақстан  Республикасы  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарының 
басымдығы  негізінде  адам  ресурстарын    дайындау  және  тұлғалардың 
қажеттіліктері мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы түсінігі болуы; 
- оқу-тәрбие процесінде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдануды; 
-психологиялық-педагогикалық, 
әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылым 
негіздерін; 
-  қазіргі  өндірістің,  конструкциялық  материалдардың,  еңбек  жабдықтары 
мен құралдарының,  өндіріс процесі негіздерін; 
-  білім беру мекемелеріндегі, өндірістік мекемелердегі және қызмет көрсету 
саласындағыэкономика,  кәсіпкерлік, маркетинг, менеджмент негіздерін; 
Оқу шеберханаларын жабдықтау талаптарын; 
Өндірісті  ұйымдастыру  мен  оның  экономикасының  негізгі  мәселелерін, 
конструкторлық және технологиялық құжаттардың бірегей жүйелерін; 
- қазіргі өндірістегі еңбек мазмұны мен сипатына қойылатын талаптарды; 
-  машина  жасау,  құрылыс,  халық  шаруашылығынң  басқа  да  мамандық 
түрлерін білуі тиіc; 
-  әлеуметтік  маңызды  мәселелерді,  процестерді  және  әртүрлі  саланың 
заманауи  әдістерін  кәсіптік,  педагогикалық,  қоғамдық  іс  –  әрекеттерді  талдауға 
пайдалану; 
- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру; 
- оқытушылық және оқу тәрбие жұмыстарын жүргізуі; 
- бейіндік оқытуға, техникалық және кәсіптік оқыту   орындарының кәсіптік 
техникалық  кадрларын  дайындау  және  қайта  даярлауға  арналған  оқу  жұмыс 
жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу; 

- оқу шеберханаларын қазіргі талапқа сай құруды және жабдықтауды; 
-  «e-learning»  электрондық  оқыту  жүйесінде  оқу-педагогикалық  қызметін 
жүзеге асыру бойынша білікті болуы тиіс; 
- оқу процесінде компьютер және ұйымдастыру технологияларын қолдану; 
- оқу-тәрбие процесінде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану; 
-  қазіргі  технологиялық  жабдықтарды  3  разрядты  жұмысшы  біліктілігі 
деңгейінде пайдалануға дағдылануы тиіс; 

кәсіби педагогика, өндіріс аймақтары, мамандану саласы бойынша; 

білім беру процесін басқару шеңберінде; 

білім  беріу  мен  өндіріс  салаларында  ақпараттық  технологияны 
пайдалану бойынша құзыретті болуы тиіс.  
Сонымен  қатар,  МЖМББС  мамандық  бойынша  пәндер  циклына  бөлінетін 
білім беру бағдарламаларының мазмұны көрсетіледі:  
-  Жалпы білім беретін.  
-  Базалық. 
-  Профильдік. 
-  Қосымша білім беру бағдарламалары. 
-  Таңдау пәндері компоненті. 
Жалпы білім беретін пәндер циклы бойынша маман:  
-  гуманитарлық  және  әлеуметтік-экономикалық  білімдердің  маңызды  даму 
этаптарын; 
- қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін; 
-  адам өміріндегі  мәдениеттің  мәнін, мәдениеттің  нысандары  мен  типтерін, 
негізгі мәдени-тарихи орталықтарын, Қазақстанның мәдени тарихын;  
-  меншіктің,  шаруашылық  жүргізудің  экономикалық  және  құқықтық 
аспектерін; 
-  ұлттық  табыс  көрсеткіштерін,  сол  секілді  экономиканың  мемлекеттік 
секторы даму негіздерін; 
- адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін; 
-    Қазақстандық  құқықтық  жүйе  мен  заңдарын,  кәсіби  іс-әрекетінде 
құқықтық және  құлықтылық- этикалық нормаларын;  

-  еңбек  заңдары  негіздерін,  кәсіби  іс-әрекетіне  қатысты  нормативті  және 
құқықтық құжаттарды білуі тиіс. 
-  индивидтер  және  топтар  арасындағы  әлеуметтік  қатынастар  мен 
әрекеттестіктерінің мәнін түсінуге; 
-  қазіргі  заман  қоғамының  саяси  өмірінен,  саяси  жүйеден,  мемлекттік 
басқарудың ұйымдастырылу принциптерінен  хабардар болуға; 
- нарықтық қатынастар түрлері мен сипатына бейімделуге; 
- бизнесті ұйымдастыра білуге, маркетинг және менеджмент жайлы түсінік 
алуға; 
-  шет  тілдерінің  біреуінің  лексикалық  және  грамматикалық    минимумын 
білуге; 
-  шет  тілдегі  әдебиетті  оқуға,  сөздіктің  көмегімен  мәтіндерді  аударуға 
маман міндетті; 
Базалық пәндер циклы бойынша маман:  

конструкторлық  құжаттар  түрлерін,    сызбалар  мен  схемаларды 
көркемдеу бойынша КҚБЖ стандарттарынаң талаптарын; 

технологиялық қондырғылар жайлы негізгі мәліметтерді; 

электротехника,  электр  машиналары  мен  аппараттары,  электрондық 
техника; 

метеллдардың,  қоспалардың,  конструкциондық  материалдардың 
негізгі қасиеттерін және оларды қолдану ерекшеліктерін,  

статика, кинематика және динамиканың негізгі заңдарын; 

деформация  түрлерін,  конструкция  құрамындағы  элементтерді 
беріктікке, қатаңдыққа, тұрақтылыққа есептеу әдістемелерін

типтік 
тетікбөлшектердің, 
түйіндер 
мен 
агрегаттардың 
конструкциясын,  негізгі  параметрлерін,  еңбекке  қабілеттілігі 
критерилерін, есептеу және жобалау тәсілдерін; 

өзара 
алмасымдылық 
жайлы 
негізгі 
мәліметтерді, 
өлшеу 
құралдарының жұмыс принципін; 

маркетинг және менеджмент негіздерін; 

технологиялық процестерді жобалауды және жүзеге асыруды ғылыми 
түрде ұйымдастырудың негізгі талаптары; 

еңбек  қорғау  ережелері  мен  нормалары,  қауіпсіздік  ережелері, 
өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігін; 


өндірісте  экологиялық  тазалықты  жасау  және  сақтау  бойынша, 
қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды;  

еңбек заңдары негіздерін; 

адам ағзасының биологиялық табиғаты мен біртұтастығын; 

салауатты өмір салтының негізін құраушы принциптер

халықтың  ерте  мүгедектікке  ұшырауына,  мерт  болуына  басты  себеп 
болатын кең тараған ауру түрлерін, адам өмірінің әртүрлі кезеңіндегі 
қауіпті ықпалдар мен  олардан сақтанудың негізгі тәсілдерін, 

табиғи,  техногендік  және  әлеуметтік  текті  қауіпті  және  төтенше 
жағдайларды; 

қауіпсіз  тіршіліктің  құқықтық,  нормативті-  техникалық  және 
ұйымдастыру негіздерін білуі тиіс. 
-  Кешенді  сызбада  кескіндер  (түрлер,  өлшемдер,  қималар)  салуды, 
бұрандалық  қосылыстарды  және  тісті  берілістерді  шартты  кескіндерді  қолдана 
отырып орындауды, бөлшектер эскизін орындауға; 
-  қарапайым  бөлшектердің  және  агрегат  түйіндері  мен  машиналардың  
сапасын бақылау және басқаруға арналған приборлар типтерін таңдауға. 
Маманның дағдылары:
 
- бөлшектер, түйіндер мен механизмдер құрау; 
- проекциялық сызба орындау; 
- есептеу техникасын қолдануа алуға маман міндетті. 
Профильдік пәндер циклы бойынша маман:  
Маман игеруі тиіс: 
-  білім  беру  сферасы  жайлы  білім  жүйесін,  білім  беру  процестерінің  мәні, 
мазмұны және құрылымын; 
-  психологтық-педагогтық  және  пән  әдістемесінің  тарихы  және  дамуының 
заманауи тенденциялары жайлы білім жүйесін; 
-  білім  беру  процесінде  компьютерлік  техника  қолданудың  негізгі 
психологтық-педагогтық критерийлерін; 
- психологтық-педагогтық диагностика жасауды; 
-    білім  беру  процесін  жобалау,  жүзеге  асыру,  бағалау  және  түзетулер 
енгізуді; 

- оқу - бағдарламалық құжаттар жасауды, оларды оқыту мазмұнын жақсарту 
мақсатында қолдануды  білуі керек.  
Таңдау пәндері компонентіне оқу орны ұсынатын, өз бетінше таңдалып, оқу 
жылының кез келген академиялық кезеңінде оқылатын пәндер кіреді.   
 
 
1.3 Теориялық оқытудың оқу жоспарлары және бағдарламалары 
 
Оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен 
көлемін,  оларды  зерделеу  тәртібі  мен  бақылау  нысандарын  регламенттейтін 
құжат. Бұл кәсіби мектептердегі оқу процесін жоспарлаушы негізгі құжат болып 
табылады.  
Оқу  жоспары,  оқу  –  тәрбие  процесі  құрылымында  квалификациялы 
жұмысшы  кадрлары  еңбегінің  сипаты  мен  мазмұнын  бейнелейді,  динамизм  мен 
тұрақтылықты  сәйкестендіреді.  Оған  үнемі  түзетулер  енгізіп  отыру  қажет, 
өйткені, ол ескіріп кетеді. Осы арқылы оқу жоспарының динамизмі көрінеді.  
Сонымен қатар, оқу жоспары белгілі бір тұрақтылықта болуы да шарт. Бұл 
қарама  -  қайшылық  оқу  процесінде  ғылым  мен  техникадағы,  өнеркәсіп 
технологияларындағы  және  қоғамның  әлеуметтік  –  экономикалық  өміріндегі 
өзгерістерді  болжау  арқылы  шешілуі  тиіс.    Әдетте,  оқу  жоспарына  өзгерістер  5 
жылдан жиі жасалмайды. Оқу жоспары құрамы: 
1) оқу-тәрбиелік мақсаттар мен кәсіптік білімнің міндеттері; 
2) мамандық – квалификациялық сипаттама; 
3) цикл бойынша оқытылатын пәндер тізімін орнатушы сағаттар кестесі;  
Типтік  оқу  жоспары  негізінде  маман  даярлау  үшін  жұмыс  оқу  жоспары 
жасалады. Олардың құрылымы мен мазмұны: 
1.  Жалпы мәліметтер: 
-  Мамандық атауы 
-  Осы мамандық бойынша дайындалатын  негіз - Жалпы орта білім 
-  Оқу мерзімі 
           2. Оқу жоспары бөлімдері: 
-  Оқу  бітіргеннен  кейінгі  квалификация  деңгейі  (мамандық  атауы  және 
разряд) 
-  Оқу процесінің графигі 
-  Уақыт мөлшері жайлы жалплама мәліметтер (апта саны) 
-  Этап бойынша аттестация 

-  Қажетті 
шеберханалар, 
зертханалар, 
мамандық 

теориялық, 
жалпытехникалық  және  мамандық  -  практикалық  дайындыққа  арналған 
кабинеттер тізімі 
-  Оқу процесінің жоспары 
Жоғары  оқу  орындарында  (Жоо,  колледждер,кәсіптік  лицейлер  және  т.б.) 
оқу жоспарларының құрамына: 
-  Оқу процесінің графигі 
-  Уақыт бюджеті бойынша қорытынды мәліметтер 
-  Оқу процесінің жоспары 
-  Оқуды  аяқтау  нысандары  (квалификациялық  емтихандар,  мем 
емтихан және т.б.) 
-  Қажетті кабинеттер, зертханалар, шеберханалар тізімі 
-  Оқу жоспарына түсіндірме 
Кәсіби  оқу  орындарында  кәсіби  даярлық  дәрежесін  кәсіби  дайындықтың 
зияткерлік  (интеллектуалдық)  сыйымдылығы  көрсеткіші  арқылы    есптеуге 
болады: 
К=Т
теор
/ Т
пр
 
Мұндағы: Т
теор
- теориялық оқуға берілетін уақыт (сағ); 
                   Т
пр
- практикалық сабаққа берілетін уақыт (сағ): 
К=1 болса, онда тиімді мән деп есептеледі (Еңбектің Халықаралық Ұйымы 
бойынша). 
АҚШ-тың кәсіби оқу орындарында К=0,5 
Жалпы білім беру базасы даярлығының көрсеткіші: 
S= Т
жббц
/ Т
мтц

 Т
жббц
- пәндердің жалпы білім беру циклын оқуға берілетін уақыт (сағ); 
Т
мтц
- пәндердің мамандық-техникалық циклын оқуға берілетін уақыт (сағ); 
Бұл  көрсеткіштер  оқу  жоспарына  түбегейлі  талдау  жасап,  кейіннен 
жақсартуға жол ашады.  
Оқу жоспарының негізгі құраушы бөлігі сағаттар кестесі (сетка часов), оның 
көмегімен  оқушылардың  пән  бойынша  сағаттық  жүктемесін  тарату 
жоспарланады.  Оқу  орындарындағы  көппәнділік  кері  әсерлерін  туғызады:  сабақ 
жүргізу тұтастығы жойылады, оқу жоспарының сағаттар кестесіне апта көлемінде 
аз  сағат  қойылады.      Оқу  орындарында  төркіндес  пәндерді  біріктіру  арқылы 
тығырықтан шығады.  
Сонымен  қатар,  оқу  жоспарындағы  пәндер  саны  оларды  оқыту 
мерзімдерімен  тығыз  байланысты.  Бұл  қатынасты  төмендегі  формуламен  беруге 
болады: 

N = К*АТ,  
Мұндағы  N – пәндер саны,  
 AT – оқыту мерзімі,  
К —пропорционалдық коэффициент, оның шамамен орташа мәні: 
 орта мектептер үшін - 1,7-2,0;  
орта арнайы оқу орындарына - 6-7;  
жоғары оқу орындарына -7-11;  
кәсіптік-техникалық мектептерге (толық емес орта білім) - 4-5;  
кәсіби мектептерге (толық орта біліммен)- 7-8. 
Оқу  жоспарындағы  пәндер  кестесінде  пәнді  оқуға  бөлінген  сағаттарды 
апталарға  бөліп  оқыту  интенсивтілігінің  шамасын  анықтайды.      Оқыту  периоды 
бойынша сағаттар санын пәннің сағаттық профилі  деп атауға болады. Пәндердің 
үш  профилін  ажыратуға  болады:  жоғары  өрлеуші,  төмен  құлдаушы  және 
гоизонталь.   
 Егер семестрден семестрге пәннің апталық сағат саны өссе, онда ол жоғары 
өрлеуші профиль болып табылады.  Жоғары өрлеуші профильді пәндерге арнайы 
технология және кәсіптік оқыту пәндерін жатқызуға болады.   
Егер  семестрден  семестрге  пәннің  апталық  сағат  саны  төмендесе,  онда  ол 
төмен  құлдаушы    профиль  болып  табылады.      Әдетте  бұл  профиль  кәсіби 
мектептердің  жалпы  білім  беру  пәндері  оқу  жоспарындағы  пәндер  кестесінде 
қолданылады. Оның себебі, мысалы  табиғи-математикалық цикл тек жалпы білім 
беру  функциясын  ғана  атқарып  қоймай,  сонымен  қатар,  жалпытехникалық  және 
мамандық циклы пәндерін оқу үшін дайындық этапы болып табылады.  Егер пән 
бойынша сағат саны тұрақты болса, онда бұл профиль горизонталь профиль деп 
аталады. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-
гуманитарлық пәндерді оқу осы горизонталь профиль бойынша жүргізіледі.  
Оқу жоспарындағы  сағаттар кестесін апта бойынша оқу сағаттарын бөлудің 
параметрлік  функциясы  ретінде  қарастыруға  болады.  Педагогтік  параметрлер 
ретінде: оқу сағаттарының жалпы саны, оларды оқу жылдары бойынша бөлу, оқу 
материалы көлемі  (тезаурус), тезаурус құрамына кіретін ұғымдардың максимум 
және  минимум  күрделілігі,  дағды  мен  іскерлік  жүйесінің  жалпы  көлемі,  дағды 
мен іскерлік жүйесін меңгерудің максимум және минимум күрделілігі, тезаурусты 
терең,  әрі  нақты  меңгеруге  қажетті  уақыт,  дағды  және  іскерлік  жүйесін  үздік 
құрау үшін қажетті уақыт алынады.   
 Оқу  жоспарының  мазмұны  оқу  пәндеріне,  оқу  пәндері  блоктарына  және 
циклдерге    бөлінеді.  Олардың  ішінде  ең  кең  көлемді  ұғым  болып  пәндер  циклы 
алынады. Шартты түрде кәсіби техникалық мектептер оқу жоспарының пәндерін 

мынадай  блоктарға  бөлуге  болады:    жалпы  білім  беретін,  базалық,  кәсіптік, 
профильдік пәндер және қосымша білім беру пәндері.  
Оқу  жоспарының  құрылымдық-логикалық  жағын  қарастыра  отырып, 
жоғарыда аталған блоктардағы әр пән бойынша жүйеленген білім, іскерлік және 
дағды кеңінен қарастырылған бағдарламаларға жүгінеміз.    
Бағдарламаларда  қарастырылған  оқу  материалының  құрылымы  оқылатын 
пән дидактикасы, технологиясы және логикасы талаптарына негізделген.  Кәсіби 
цикл  пәндері бойынша кәсіби мектеп квалификациялы жұмысшыларды дайындап 
жатқан өндіріс саласы технологиясы талаптары маңызды.  
Көптеген  мамандықтар  бойынша  арнайы  технологиялар  және  өндірістік 
оқыту  бағдарламаларында  оқу  материалын  орналастыру  тәртібін  анықтауда 
өндіріс процесі спецификасы ескеріледі. Циклдар бағдарламасында ұғымдар мен 
іскерліктер  жүйесі  дидактика  принциптерімен  анықталады.  Олардың  ішінде 
ғылымилық, жүйелік, жетімділік, теория мен практика байланысы принциптері ең 
маңыздылары.   
Келесі  аспект  бағдарлама  материалын  қаншалықты  терең  оқытылатында. 
Мұнда  қарастыралатын  материалдың  күрделілік  дәрежесіне  байланысты 
тақырыпта ашу тереңдігі анықталады. Оларды былайша жүйелеуге болады: жеңіл, 
орташа,  қиын  және  өте  қиын.  Берілетін  нақты  материал  –  бұл  ең  қарапайым 
(жеңіл)  материал,  фактар  жүйесі  одан  қиынырақ,  оқылатын  машиналар, 
аппараттар,  механизмдер,  материалдар,  технологияның  басты,  маңызды 
белгілерін  анықтау  кейінгі  қиындықта,  ал  ең  қиын  материал  -  себеп-салдарлық 
және ықтималдық қатынастарды анықтаушы материал.   
Себеп-салдарлық  қатынастар  көптеген  ішкі  байланыстардан  тұрады. 
Сондықтан  оларды  меңгеру  оқушылар  тарапынан  үлкен  қиындықтарға  тап 
болады.  
Бағдарламалық материалды оқытудың дидактикалық реті оқушы санасында 
ғылыми  техникалық  ұғымдардың  дамуына  әсер  етеді.  Жалпы  техникалық  және 
арнайы пәндер циклінде бағдарламалар алдымен келесі тақырыптарды меңгеруге 
жол ашатын негізгі, жалпы жағдайлар қарастырылатындай етіп құрылады. Жалпы 
білім беретін пәндер бойынша бағдарламалар құрылымы жайлы да осыны айтуға 
болады.  
Бағдарлама  материалы  сызықты  немесе  шоғырланып  орналасуы  мүмкін. 
Ұғымдарды  сызықты  орналастыруда  мазмұны  бойынша  бір-бірімен  байланысты 
ұғымдарды  тізбек  құра  отырып,  қайталанбайтындай  етіп  орналастырады. 
Материалды  осылайша  орналастыру  оқытушы  уақытын  үнемдейді,  сол  себепті 
оқытудың аз мерзімдері үшін өте тиімді.  
Бағдарлама  материалының  шоғырлана  орналастырылуы  қандай  да  бір 
ұғымдар, заңдар қажетті деңгейде бірден ашылмаған жағдайда қолданылады.  

Оқу  бағдарламаларының  құрылымы  мен  мазмұнында  теория  мен 
практиканың,  пәндер  және  циклдар  арасындағы  байланыстар  мүмкіндігі 
қарастырылады.  
Сонымен  квалификациялы  кадрларды  дайындау  бойынша  оқу  жоспарлары 
мен  бағдарламалары  заманауи  еңбек  нарығын  сапалы  мамандармен  қамтамасыз 
етуге,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары  мақсаттары, 
міндеттері мен талаптарына сәйкес келетін мамандар әзірлеуге бағытталған.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет