Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 
 
Кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  оның  қаржылық  тұрақтылығының 
маңызды  белгілерінің  бірі  және  сондықтан  онымен  тығыз  байланыста 
болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. 
Арнайы  есептік-талдау  әдебиеттерінде  төлем  қабілеттілігін  анықтау 
жөнінде  әр  түрлі  көзқарастар  кездеседі.  Қаржылық  талдау  бойынша  кейбір 
авторлар  төлем  қабілеттілігі  ретінде  кәсіпорынның  өзінің  ұзақ  мерзімді 
міндеттемелері  бойынша  есептесе  алу  қабілеттілігін  түсінеді.  Мысалы, 
О.С.Ефимова  төлем  қабілеттілігі:  «кәсіпорынның  өзінің  ұзақ  мерзімді 
міндеттемелері  бойынша  есептесе  алу  қабілеттілігін  түсіну  қабылданған»,  - 


 
73 
деп  жазады.  «Фирманың  қызметін  қаржылық  талдау»  кітабының  авторлары 
да осы көзқарасты ұстайды. 
«Төлем  қабілеттілігін,  -  деп  жазады  олар,  -  компанияның  ұзақ  мерзімді 
қарыздарын  уақыты  келген  кезде  өтеу  қабілеттілігін  анықтау  үшін 
бағалайды». 
Басқа  авторлар  төлем  қабілеттілігі  деп  кәсіпорнның  тек  қысқа  мерзімді 
міндеттемелерін  өтеуге  дайындығын  түсінеді.  Осылай,  «Шаруашылық 
қызметті талдау» оқулығының авторлары «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі 
деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу 
қабілеттілігі  түсіндіріледі»  деп  есептейді.  Бұл  -  түсінікті  М.Н.Крейнина 
толығырақ  баяндады.  «Төлем  қабілеттілігі,  -  деп  жазады  ол,  -  бұл 
кәсіпорнынның  кредиторлары  жағынан  төлемдер  туралы  қойылған 
талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар 
туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала 
белгілі  болады.  Төлем  қабілеттілігі  -  бұл  барлық  қысқа  мерзімді 
міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз 
іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы. 
Профессор  В.В.Ковалев  төлем  қабілеттілігі  деп  оның  «қысқа  мерзімді 
міндеттемелері  бойынша  есеп  айырысуды  өз  уақытында  және  толығымен 
жүргізуі  қабілеттілігін»  түсінеді.  «Төлем  қабілеттілігі,  -  деп  жазады  ол,  - 
кәсіпорынның  жедел  өтеуді  талап  ететін  кредиторлық  қарыздар  бойынша 
есеп  айырысуға  жеткілікті  ақша  қаражаттарының  және  олардың 
эквиваленттерінің  болуы».  Соңғы  түсінікпен  келісетін  профессор 
И.Т.Балабановтың  анықтамасы.  «Төлем  қабілеттілігі,  - деп  жазады  ол,  -  бар 
ақша  сомасының  белгілі  бір  мерзімді  жедел  төлемдердің  сомасына 
қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. 
Егер  төлем  қабілеттілігінің  коэффициенті  бірден  үлкен  немесе  тең  болса, 
оңда  бұл  шаруашылық  жүргізуші  субъект  төлем  қабілетті  екенін  білдіреді. 
Егер  төлем  қабілеттілігінің  коэффициенті  1-ден  аз  болса,  онда  талдау 
процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек». 
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор 
А.Д.Шеремет  басқаша  ашып  көрсетеді.  Ол  «кәсіпорынның  төлем 
қабілеттілігі 
деп 
өз 
уақытында 
техника 
және 
материалдармен 
жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, 
қызметкерлердің  еңбегінің  төлемін  жүргізу,  бюджетке  төлемдер  енгізу 
қабілеттілігі  түсіндіріледі»  деп  жазады.  Төлем  қабілеттілігінің  өте  қысқа 
және дәлірек анықтамасын профессор В.П.Кондраков береді. Оның пікірінше 
«төлем  қабілеттілігі  -  бұл  кәсіпорынның  өз  міндеттемелері  бойынша  есеп 
айырыса  алу  мүмкінлігі».  Бұл  жағдайда  міндеттеме  -  бұл  кәсіпорынның 
банкке  немесе  басқа  қарыз  берушіге  ақша  төлеу  және  сонымен  өз 
қарыздарын  (қысқа  мерзімді,  ұзақ  мерзімді)  өтеу  міндеті.  Ұзақ  мерзімді 
қарыздарды  өтеу  мерзімі  шарты  бойынша  ұзақ  мерзімді  несиенің  және 
қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес 
келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір 
бөлігін  қысқа  мерзімді  қарыздарына  жатқызу  керектігін  есептеу  біздің 


 
74 
ойымызша  дұрыс,  себебі  ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  міндеттемелер 
шотының  Бас  жоспары  «несиелер»  60  бөлімшесінің  601-603  синтетикалық 
шоттарының  әр  түрлі  субшоттарында  ескеріледі.  Жоғарыда  айтылғандарды 
қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде 
өзінің  барлық  міндеттемелері  бойынша  төлемдер  жүргізуге  дайындығын 
түсінуі керек деп есептейміз. 
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы 
керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады. 
Қарыздарды  өтеу  үшін  құралдар  сонымен  бірге  кәсіпорында  бар 
тауарлы-материалдық  құндылықтардың  қоры  бола  алады.  Оны  сатып 
кәсіпорын ақша қаражатын алады. 
Басқаша  айтқанда,  теориялық  түрде  қарыздарды  өтеу  кәсіпорынның 
барлық  ағымдағы  активтерімен  қамтамасыз  етіледі.  Нақ  осылай  теориялық 
түрде, 
егер 
кәсіпорынның 
ағымдағы 
активтері 
қысқа 
мерзімді 
міндеттемелерінің  сомасынан  артса,  онда  ол  қарыздарды  өтеуге  дайын  деп 
есептеуге  болады.  Бірақ,  егер  кәсіпорын  барлық  ағымдағы  активтерін 
қарыздарды  өтеуге  бағыттаса,  онда  дәл  сол  кезде  оның  өндірістік  қызметі 
тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, 
ал  материалды  айналым  құралдарын  алуға  ақша  жоқ,  олар  толығымен 
қарыздарды төлеуге кетті. 
Сондықтан  төлем  қабілеттілігі  бар  деп,  ағымдағы  активтің  сомасы 
ағымдағы  мінедттемелерінен  көп  жоғары  кәсіпорынды  есептеуге  болады. 
Кәсіпорынның  тек  қарыздарды  өтеуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  үздіксіз 
өндіріс үшін қаржылары болуы керек. 
Ағымдағы  төлем  қабілеттілігі  баланс  жасау  мерзімімен  анықталады. 
Кәсіпорын  жабдықтаушыларына,  банктік  қарыздар  және  басқа  да  есеп 
айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. 
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем 
құралдарының  сомасын  осы  мерзімдегі  жедел  (бірінші  кезектегі) 
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет