Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
Төлем  қабілеттілігі  олардың  барлық  қарыздарын  өтеуге,  соның  ішінде 
банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды сипаттайды.  
Несиелік шарттар мыналар міндетті түрде қарастырылады: 
- несиенің объектілері; 
- қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты; 
-  қарыздарды  беру  шарттары  және  өтеу  мерзімдері,  олардың  қарыз 
алушы қызметінің жақсаруына әсері
-  қарыз  бойынша  пайыз  мөлшерлемелері,  олардың  төмендеуі  немесе 
көтерілуі, төлем тәртібі; 
-  қарыз  алушының  міндеттемелерін  қамтамасыз  ету  нысандары 
(кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар); 
-  матиралдық  қорлар  мен  өндірістік  шығындарды  өтеудегі  меншікті 
айналым қаражаттарының нормативі
-  несие  беру  және  өтеу  бойынша  екі  жақтың  міндеттемелері, 
құқықтары және жауапкершілігі


 
75 
-  құжаттардың  тізімі  және  басқа  жағдайлар.  (К.Ш.  Дүйсембаев,  311-
314 б.) 
Кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігі  оның  қаржылық  тұрақтылығының 
маңызды белгілерінің бірі және сонықтан онымен тығыз байланысты болады. 
Сол  себепті  нарық  экономикасы  жағдайында  оған  көп  көңіл  бөлінеді. 
Арнайы есептікөталдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде 
әр  түрлі  көзқарастар  кездеседі.  Қаржылық  талдау  бойынша  кейбір  авторлар 
төллем  қабілеттілігі  ретінде  кәсіпорынның  өзінің  ұзақ  мерзімді 
міндеттемелері  бойынша  есептелсе  алу  қабілеттілігін  түсінеді.  Төлем 
қабілеттілігі:  «кәсіпорынның  өзінің  ұзақ  мерзімді  міндеттемелері  бойынша 
есептесе  алу  қабілеттілігін  түсіну  қабылданған»,  -  деп  жазады.  «Фирманың 
қызметін  қаржылық  талдау»  кітабының  авторлары  да  осы  көзқарасты 
ұстайды.  «Төлем  қабілеттілігін,  -  деп  жазады  олар,  -  компанияның  ұзақ 
мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін, анықтау үшін 
бағалайды».Басқа  авторлар  төлем  қабілеттілігі  деп  кәсіпорынның  тек  қысқа 
мерзімді 
міндеттемелерін 
өтеіге 
дайындығын 
түсінеді. 
Осылай, 
«Шаруашылық  қызметті  талдау»  оқулығының  авторлары  «Кәсіпорынның 
төлем  қабілеттілігі  деп  оның  өзінің  жедел  міндеттемелері  бойынша  өзі 
мерзімінде  төлем  жүргізу  қабілеттілігі  түсіндіріледі»  деп  есептейді.  «Төлем 
қабілеттілігі,  -  деп  жазады  ол,  -  бұл  кәсіпорынның  кредиторлары  жағынан 
төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, 
тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздары 
қайтару  мерзімі  алдын  ала белгілі болады.  Төлем қабілеттілігі  - бұл  барлық 
қысқа  мерзімді  міндеттемелер  бойынша  қарыздары  өтеу  және  өнім  өндіру 
процесін  үзіліссіз  іске  асыру  үшін  жеткілікті  қаржының  болуы.  Төлем 
қабілеттілігі  деп  оның  «қысқа  мерзімді  міндеттемелері  бойынша  есеп 
айырысуды  өз  уақытында  және  толығымен  жүргізу  қабілеттілігін»  түсінеді. 
«Төлем  қабілеттілігі,  -  деп  жазады  ол,  -  кәсіпорынның  жедел  өтеуді  талап 
ететін  кредиторлық  қарыздар  бойынша  есеп  айырысуға  жеткілікті  ақша 
қаражаттарының  және  олардың  эквиваленттерінің  болуы».  «Төлем 
қабілеттілігі,  -  деп  жазады  ол,  -  бар  ақша  сомасының  белгілі  бір  мерзімді 
жедел  төлемдердің  сомасына  қатынасын  көрсететін  төлем  қабілеттілігінің 
коэффициенті  арқылы  көрінеді.  Егер  төлем  қабілеттілігінің  коэффициенті 
бірден  үлкен  немесе  тең  болса,  онда  бұл  шаруашылық  жүргізуші  субъект 
төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-
ден  аз  болса,  онда  талдау  процесінде  төлем  қаражаттарының  жетіспеу 
себептерін анықтау керек». 
Ол  «кәсіпорынның  толем  қабілеттілігі  деп  өз  уақытында  техника  және 
материалдарымен  жабдықтаушылардың  төлем  талаптарын  қанағаттандыру, 
несиелерді  қайтару,  қызметкерлардің  еңбегінің  тқлемін  жүргізу,  бюджетке 
төлемдер  енгізу  қабілеттілігі  түсіндіріледі»  деп  жазады.  Оның  пікірінше 
«төлем  қабілеттілігі  -  бұл  кәсіпорынның  өз  міндеттемелері  бойынша  есеп 
айырыса алу мүмкіндігі». Бұл – жағдайда міндеттеме – кәсіпорынның банкке 
немесе  басқа  қарыз  берушіге  ақша  төлеу  және  сонымен  өз  қарыздарын 
(қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу 


 
76 
мерзімі  шарты  бойынша  ұзақ  мерзімді  несиенің  және  қарыздың  мерзімінің 
өтеуіне  байланысы,  қысқа  мерзімді  қарыздармен  сәйкес  келуі  мүмкін. 
Кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігі  деп,  оның  дер  кезінде  өзінің  барлық 
міндеттемелері  бойынша  төлемдер  жүргізуге  дайындығын  түсіну  керек  деп 
есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа 
да  шоттарында  ақшалары  болуы  керек.Қарыздарды  өтеу  үшін  құралдардың 
айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды 
құрал  болып  табылады.Қарыздарды  өтеу  үшін  құралдар  сонымен  бірге 
кәсіпорында  бар  тауарлы-материалдық  құндылықтардың  қоры  бола  алады. 
Оны  сатып  кәсіпорын  ақша  қаражатын  алады.Басқаша  айтқанда,  теориялық 
түрде  қырыздарды  өтеу  кәсіпорынның  барлық  ағымдағы  активтерімен 
қамтамасыз етіледі. 
Ағымдағы  төлем  қабілеттілігі  баланс  жасау  мерзімі  мен  анықталады. 
Кәсіпорын  жабдықтаушыларына  банктік  қарыздар  және  басқа  да  есеп 
айырысілар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. 
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем 
құралдарының  сомасын  осы  мерзімдегі  жедел  (бірінші  кезектегі) 
міндеттемелерімен  салыстыру  жолымен  анықталады.  Төлем  қабілеттілігі 
белгілі  бір  мерзімде  қолдағы  ақша  сомасының  жедел  төлемдер  сомасына 
қатынасын  көрсететін  төлем  қабілеттілігі  коэффициенті  арқылы  көрінеді. 
Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда 
бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет